ОқУ ҚҰралы қостанай, 2022 удк ббк рецензенттер


Когнитивті қабілеттерінің төмендеуі



бет34/40
Дата25.11.2023
өлшемі249,5 Kb.
#126734
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   40
Когнитивті қабілеттерінің төмендеуі. Бала әлеуметтік желідегі ақпараттың көптігі мен әртүрлілігінен зейіннің шоғырлануы төмендейді. Ойлау нақты бір тапсырманы орындай алмайды. Ойы шашыраңқы келеді. Тек ұсақ түйек ақпаратпен ғана шектеліп қалады.

  • Ақпараттық тәуелділік. Интернеттегі әлеуметтік желілірдің көптігінен күнделікті, сағат сайын, тіпті әр сәт сайын ақпаратпен қамтамассыз етілуді әдетке айналдырады. Іс – әрекеті тұрақсыздана түседі.

  • Стресс және жоғары деңгейдегі шаршаңқылық. Әлеуметтік желідегі ақпараттардың әртүрлілігінен алған әсері үнемі өзгеріп отырады. Ал шаршаңқылықты компьютер алдында немесе смартфон ұзақ пайдаланудан, яғни қарапайым әзіл, сурет, кино көру барысында пайда болады.

  • Өз пікірінің жоғалуы, тұйықталу. Әлеуметтік желіде отырып, бір қарағанда ақылды, орында айтылған ақпарат оқыса, ол балаңыздың пайдалы интелектуалды іс – әрекетпен айналысып отырғанының білдірмейді. Бала сол ақпарттардың сүйемелдеуімен, пікірімен өмір сүре бастайды. Бала ол ақпараттың сапалылығың мән бермейді. Өзіндік пікірі жоғалады. Бұндай еліктіргіш ақпараттар өте көп. Бала сол әлемде өмір сүріп қалуы мүмкін. Бала зерттеушілікпен, шығармашылықпен жұмыс барысында басқалардың идеясын көшіріп алуға бейім келе бастайды. Өзі бір жаңашылдық жасауға қиналғысы, ізденгісі келмейді.

    Ғалымдардың әлеуметтік желі туралы зерттеулерінде, «Инстаграм» желісі депрессияға ұшырататын желі деп аталған. «В Контакте», мамандардың пікірінше, суицидке апаратын желі болып шыққан. Мүмкін, оның еліміздегі жасөспірімдер арасында суцидтің белең алып тұрғанына да ықпалы бар шығар. Айта кетерлік бір жағдай, елімізде 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіні қолдануына заңмен тыйым салынуы мүмкін. Осындай бастама көтерген депутаттар ата-анасының рұқсатынсыз ғаламтордан жеке парақша ашпауы тиіс деген.
    Өйткені, интернетте суицидті ашық жазатын сайттар мен жат ағымды насихаттаушылар көбейген. Қазақстан өзіне - өзі қол салған балалардың саны бойынша әлемде үшінші орыннан түспей келеді.
    Әлеуметтік желінің тағы бір кері әсері:
    1. Уақытты жоғалту. Өмірдегі ең құнды дүние - уақыт. Ол ешқашан кері оралмайды. Ал «агенттің гүлдері» сол баға жетпес сәттерді бос әңгімеге жұмсауда;
    2. Шын өмірден алшақтау;
    3. Шындыққа жанаспайтын ақпараттардың тез тарауы, т.б.
    Бұл тек бізге көрінетіндері ғана. Шын мәнінде, әлеуметтік желілердің «сырлы зияндары» анағұрлым тереңірек. Әлеуметтік желілер - адамдар туралы ақпарат жинау мақсатында ойлап табылған дүние. Әлеуметтік желіге тіркелу барысында біз есімімізді, лақап атымызды, фамилиямызды, туған жерімізді, мекен - жайымызды, қызығушылықтарымызды, тіпті телефон нөмірімізді енгіземіз. Өзіміз жайлы бастапқы толық ақпаратты осылай өзіміз береміз. Мүмкін сіз мұның бәрін жалған ақпаратпен толтырғыңыз келетін шығар. Бірақ ондай жағдайда достарыңыз сізді қалай таппақ?
    Одан кейінгі біздің әрбір әңгімеміз ақпарат. Өзіміз жайлы, өміріміз, қызметіміз, компания, мемлекет жайлы ақпарат. Мәселен, әлеуметтік желісінде өз жазбаларыңыздың мұрағаттан көруге болады. Оны жоюға да мүмкіндігіңіз бар. Бірақ ол бәрібір сақталып қалады. Жалпы, сіздің әрбір әрекетіңіз, яғни кіммен дос болдыңыз, кімге не жаздыңыз бәрі де сақтаулы. Керек десеңіз, IP адресіңізге дейін. Оның бәрі сайт бақылаушыларының уысында. Демек, оларды қалаған кезінде пайдалана алады. Мүмкін сізге қарсы, мүмкін өзге мақсаттарда. Бір сөзбен айтқанда, олардың назарына іліге қалсаң, мұрағатыңды ақтарып жіберіп, шикілік таба салады.
    Бір сәтке ойланып көріңізші, сіздің осы уақытқа дейін жазғандарыңыздың арасынан болашақта сізге қарсы қолданылуы мүмкін нәрселер табылмай ма? Оны былай қойғанда, бірде – бір рет өзгелер білмегені дұрыс сайтқа кірмедіңіз бе? Әлеуметтік желі сіздің қандай сайтқа кіргеніңіз де қадағаланылып отырады. «Маған ұнайды» дегенді басу арқылы мен осында келдім деп ақпарат бересіз.
    Қазір әлеуметтік желілерге сурет қою сәнге айналған. Кез келген смартфон, i-phone немесе android жүйесіндегі телефонмен түсірілеген сурет жайлы толық ақпарат алуға болады. Тіпті оның қай жерде түсірілгеніне дейін. Картадан анық көрсетіп те береді. 
    Қорыта келетін болсам, өмір мен денсаулық – адамның ең қымбат байлығы. Балалардың денсаулығы – еліміздің болашағы. Әлеуметтік желіні тиімді, дұрыс пайдалана білейік және балаларымызға үйретейік.Әлеуметтік желіні пайдалануда балаларымыздың қауіпсіздігін бақылауда ұстайық.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   40




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет