Алғашқы әсер тәсілі бөгде адамды бірінші көргеннен қалыптасатын образды бекіту үшін қолданылады. Бұл құбылыстың болуы адамға байланыста алғашқы әсердің кейінгі әсерлерге қарағанда күштірек сезілуінен. Назарға алынған адам жөнінде көп, әр түрлі ақпаратты бірінен кейін бірі бір ізді қабылдау кезінде біздің санамызда ең алғашқы мәлімет тұрақталып қалатыны ғылымда дәлелденген.
Ал енді жеткізіліп жатқан ақпараттағы адам қасиеттерінің тізімі молдау болып, мәлімет бөліктерін хабарлау барысында біршама уақыт үзілісі болса, алғашқы ақпарат соныңа қарай ұмытылады. Бұл жағдайда алғашқы әсерленуге қарсы құбылыс – жаңалықты әсерлену тәсілі іске кіріседі, яғни талдауға түскен адамның образы ол жөніндегі ең соңғы мәліметке орай құрылады.
Ықтималды болжай әсерлену деп келесі құбылысты түсінеміз: адам миы болашақ оқиғаларды алдын ала болжастыру қабілетіне ие. Осыдан тұлға басталған іс-әрікеттің бағдарын, қарқындылығы мен ақырғы нәтижесін күні бұрын жоспарлайды. Әлі қолда жоқ бүтін затты оның бөліктері бойынша ойда белгілі бір формаға келтіріп, жан-жақты сипаттамасын бере алады.
Оқиғалар мен құбылыстардың дәл болжастыру қажеттілігі адамдардың өзара түсінуі мен бірін-бірі қабылдауында өте қажет. Мысалы, адамға тән белгілі бітістері бойынша оның әлі белгісіз, бірақ онда болуы тиіс қасиеттерін де анықтауымыз мүмкін: батыр адам әрқашан адал да аңғал болатынына ешбір күмәнданбаймыз, сондай-ақ, қорқақ әрдайым өтірікші, мәдениетті – ой-өрісі кен, қайырымды – үйіршең, сенгіш өшпенді адам - әрқашан тұйық, күмәншіл келеді. Егер өмір жағдайлары адамның әлі белгісіз қасиеттері жөніндегі біздің болжамымызды растайтын болса, онда болжастыруға деген біздің сенімімізді бекіте түседі не керісінше де болуы мүмкін. Адамның болжастыру кабілетіне өмірлік тәжірибе өзі түзетулер енгізіп, нақтылап барады.
Асыра сілтеу әсері адам жөніндегі алғашқы бағаның кейінгілеріне күшті ықпал етуінен пайда болады. Мұндай әсерден бірінші берілген мінездеме қатып қалған, өзгермес күйге түседі. Егер қандай да адам бір көруден бізге ұнамды тарапынан танылып қалса, кейін де біз осы бағамыздан танбай, басқа бір сын көзқарастарды ол адамға жолатпауға тырысамыз. Керісінше де болуы мүмкін: алғашқы тілдесуден ұнамаған адам соң қай күйге түсіп жолықса да, баяғы жек көрушілігімізден арылуымыз қиын, санамызда қалыптасқан алғашқы келеңсіз образ басқаларын ығыстырып, өз орнын бермеуге тырысады.
Психологиялық бейне жасауда ең күрделі де маңызды тәсіл – жеке адамның бітістерді біріктіре әсерленуқұбылысы. Оның мәні мынада:әрбір адам сан-қилы тұлғалармен көп мәрте кездесе жүріп, қабылдау және бағалаумен жадында олардың сырт көрінісі, психологилыцқ және әрекет-қылығы туралы пайымдау бекітеді. Көп қайталап кездескен бұл әсерлер бірігеді де, солардың ішінде бірі мысалы, адамның сырт келбеті белгілі бір психологиялық ішкі қасиетпен ұштастырылады. Осы біріккен образ негізінде екінші бір адамды кездестіргенімізде, одан оның сырт пішініне қарап, өзіміздің санамызда орныққан осы пішінге сәйкес қасиетті іздестіреміз. Мысалы, қабағы түксиген адамдар көбіне тұйық, ауыр мінезді келеді. Міне осы жалпылай, біріктіре түзген ішкі бейнемізді қабағы түксиген нақты адамдардың бәріне бірдей баламалайт саламыз. Адамдардың психологиясындағы жалпылық олардың іс-әрекетінде жалпылай кездеседі, ал іс-әрекеттегі жалпы қасиеттер адамдардың жалпы сырт тұлғалық бейнесінен көрінеді. Осылай жалпылай біріктіріп, образ жасау қасиеті жас өспірімдік шақтан орнығып, кейін өмір бойы түзетулермен реттеліп барады. Осы тәсілді жақсы игеруден адам психологиясы құрылымының бір белгісі: іс-әрекет қылығы, дүниетанымы немесе мінезі – бойынша сол адамның басқа да қаситеттерін бағалаушы адам өзінде қалыптасқан бірікпе образ арқылы ашуға бейімделеді. Егер осы бірікпе образ жасау тәсілі адамның сырт көрінісі мен ішкі дүниесі арасындағы байланыстың шындыққа жақын екенін дәлелдей алса, онда бұл адамдарды бағалауда, олардың әрекет-қылығын күні бұрын болжастыруда таптырмас құралға айналады, ал кері жағдайда жаңсақ әңгімелерге тап қылады.
Бөгде адамның тұлғалық ерекшеліктерін тануда жеке дара және кәсіби ерекшеліктер көп рөл атқарады. Қайырымды, мейірман, әсерлі адам басқаларды жеңіл түсінеді, қабылдайды, себебі мұндай адамдар, әдетте үлкен де бай қатынас тәжірибесіне ие болумен, басқалардың әрқашан жақсылық іздестіруге бейім келеді, ал өз өмір жолы сәтсіздіктен қаланып, көпшілікпен тіл табыса алмаған адам басқалардың да оңды образын жасауға қабілетсіз келеді. Қең әлеумет ортасында жүрген кәсіп, қызмет иелері (педагог, дәрігер, экономист, саясаткер, әдебиетші, өнер адамы) төңірегіндегілерді дұрыс бағалап, қасиеттеріне сәйкес қабылдай біледі.
Ал аудитория ішінде қарым-қатынас жасау барысында оқытушы мен оқушының арасындағы қатынасқа көңіл аударатын болсақ, мысалы : әңгімелес адамды тыңдау бойынша тыңдаушылар 3-топқа бөлінеді :
Зейін қойып тыңдаушылар (внимательные слушатели);