Әдебиеттер тізімі Панкин А.И. Личная безопасность сотрудников органов внутреннихдел. Тактика и психология безопасной деятельности. - М., 1996.
Столяренко А.М. Лит.: Човдырова Г.С. Проблемы повышения психологической стрессоустойчивости личного состава системы МВД России в экстремальных условиях. — М., 1998.
Китаев-Смык Л.А. Психология стресса. - М.: Наука, 1983. - 368 с.
Деркач А.А. Профессионализм деятельности в особых и экстремальных условиях: (психолого-акмеологические основы). - М.: Изд-во РАГС, 2003. - 264 с.
Забродин Ю.М., Зазыкин В.Г. Основные направления исследования деятельности человека-оператора в особых и экстремальных условиях. // Психологические проблемы деятельности в особых условиях. - М.: Наука, 1985. - С. 268-274.
Столяренко Психологическая подготовка личного состава органов внутренних дел. - М.: Академия МВД СССР, 1987. - 340 с.
8 – ТАҚЫРЫП ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ДЕСТРУКТИВТІ МІНЕЗ ҚҰЛЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ. Сұрақтар: 1. Аутодеструктивті мінез-құлық түсінігі 2. Девиантты мінез-құлықтың пайда болу себептері және алдын алу жолдары
1. Аутодеструктивті мінез-құлық түсінігі. «Аутодеструктивті» сөзі латыннан аударғанда – қалыпты жағдайдағы құрылымының бұзылуы деп атайды. Аутодеструктивті мінез – құлық – адамның қалыпты дамуына, дене бітімі мен психологиялық денсаулығына қауіп төндіретін мінез - құлық. Аутодеструктивті мінез - құлық – қазіргі таңда кең таралып кеткен күрделі де қауіпті феномен. Аутодеструктивті әрекеттерді зерттеу үрдісі суицидология мен клиникалық психологияның негізгі теорияларына сүйенеді, осыған орай, Э.Шнейдман өз пікірін былай деп жеткізедi: "бұл әрекет, өзінің соматикалық немесе психикалық денсаулығына қандай да болмасын зақым келтіруге бағытталған". Қазіргі таңда қоғамда аутодеструктивті мінез - құлықтың көптеген түрлері таралуда. Сондықтан оны түзету жолдары ғана емес, алдын алу шаралары да маңызды роль атқарады. Аутодеструктивті мінез-құлыққа шалдығуға әсіресе жасөспірімдер көбірек бейім, себебі жас ерекшелік өзгерістер болып жатады – эмоцияналдық тұрақсыздық, әлеуметтік жағдайлардың күрт өзгеруі (олардан өзбеттілікті, жауапкершілікті талап ете бастайды), өмірлік тәжірибенің аздығы, «ақ пен қараны» ажырата алмау, сонымен қатар жағымсыз экологиялық, экономикалық, әлеуметтік факторлардың әсері. Енді осы аутодеструктивтік мінез – құлықтың негізгі түрлеріне тоқталатын болсақ:
1. Аутоагрессивті мінез-құлық (суицидалды және парасуицидалды). Суицид аутодеструктивті мінез - құлықтың ең қауіпті түрі болып саналады. А.Е. Личко демонстративті, аффективті және шын суицидалды мінез – құлық түрлерін бөліп көрсетті. Бұлардан басқа «ситуативті» суицид деп аталатын түрі де болады. Сол себепті өмірдің дағдарыс кезеңдерінде жағдайдан шыға білуге үйрету мақсатындағы алдын алу шараларын өткізудің маңызы зор. Парасуицидалды мінез – құлық– өз – өзіне көңілі толмау салдарынан, психологиялық соққы кезіндегі жан жарасын жеңілдету мақсатында өмірін қию мақсатынсыз өткір, ұшты заттармен денесіне дене жарақаттарын салу.
2. Тағам қабылдауға тәуелділік немесе керісінше – адам мінезінің ерекшелігіне байланысты тағам қабылдау мінез – құлқының бұзылуы.
3. Фанатикалық мінез-құлық түрінің ең қауіптісі деструктивті табыну. егер спортпен айналысу немесе музыкаға қызығушылық таныту адамның ішкі қайшылықтарын көрсетіп отыратын индикатор болып табылатын болса, ал деструктивті табыну және религиялық секталар адамның жан және тән саулығына қауіп, ерік бостандығына қауіп төндіреді.
4. Аутистік мінез – құлық– шынайы өмірге бейімделе алмаудан, қиял әлеміне кетуден адамдармен араласудан бас тартып, жалғыздықты таңдаудан көрінетін мінез – құлық. Аутистік мінез-құлықты аутизмнен ажырата білу керек. Аутизм – әлеуметтік өзара қарым – қатынасты қабылдаудың және қарым – қатынас қызметінің бұзылуына байланысты психиканың бірқалыпты дамымауы. Аутистік мінез – құлық кезінде психикалық дамудың жүруі қалыпты, бірақ адам әлеуметтік байланыста жолы болмай, басқа адамдармен араласуды құнсыздандырып, өз – өзімен араласуды дұрыс санайды. Егер аутизмді практикалық тұрғыдан психологиялық түзету мүмкін емес болса, ал аутистік мінез – құлықта қауіпсіз жағдайда қарым – қатынас дағдыларын жаттықтыруда психологиялық топ пайдалы ресурс болуы мүмкін.
5. Виктимді мінез – құлық (ағылш. victim — құрбан) –адамның басқа біреудің өзіне аморальды, заңға қайшы әрекетіне көнуі. Мұндай мінез-құлықтың психологиялық негізі өз – өзін төмен бағалау, қарым – қатынастың үзілуінен қорқу болып табылады. Психологиялық түзету немесе психотерапияның нәтижесінде «құрбандар» бойынан деструктивті қарым – қатынасты үзуге шешім қабылдауға ерлік табылады. Жеке құндылығы туралы елестете білуді меңгеріп, өз құнын түсіне білетін болады.
Қазіргі өмірдің талабы мен қарқынының әлеуметтік - экономикалық өзгеруі салдарынан туындаған жанұядағы күрделі әлеуметтiк – экономикалық күйзелістің, дағдарыстық ахуалдың артуын халқымыздың келешегі болып саналатын жап жас өрендеріміз көтере алмайды. Осыған орай, жыл сайын жасөспірімдердің аутодеструктивті әрекеттерге қарқынды бейімделуі көкейтесті мәселеге айналып отыр. Жасөспірімдер күйзеліске жиі ұшырап жатады.
Халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігінде туындап жатқан жағдайлар, адам айтса сенгісіз оқиғалар кез-келген жанды бей жай қалдырмайтыны анық. Бүгінгі күні бізді байланыстырып қана қоймай, ырқымыздан тыс өз дегеніне көндіріп, көгеніне жіпсіз байлап алған билеуші күш бар. Ол интернет, соның ішінде әлеуметтік желі. Әлеуметтік желілердің адам психикасына әсеріне келетін болсақ, жалпы әлуметтік желіні «әлеуметтік медиа» деп те атайды. Бұл – адамдардың бір – бірімен ғаламтор арқылы өзара байланысын қамтамасыз ететін интернет сайт(тар). Жалпыға ортақ сөзбен айтар болсақ, әлеуметтік желі дегеніміз бұл – адамдар мен олардың бір – бірімен қарым-қатынасы. Соның ішінде Facebook, Instagram, Whatsapp, BK т.б сияқты әлеуметтік желілерді бүгінде мектептегі балалардан бастап, егде жастағы адамдарға дейін пайдаланып, тұрақты тұтынушыларына айналған.
Осы кезекте әлеуметтік желінің пайдалы жақтарын тоқталып өтсек. Бұл арқылы адамдар таныстарын, достарын, әріптестерін тауып, олармен байланыста бола алады. Сондай-ақ қазір әлеуметтік желі арқылы өз бизнесін жүргізіп отырғандар бар. Өйткені бұл ақпарат алмасудың тиімді әрі арзан жолы. Әрбір адам өзіне тиесілі ақпараттарын ешқандай шығынсыз жариялай алады. Мысалы: Жұлдыздар өздерінде болып жатқан жаңалықтарымен, суреттерімен бөліссе, ақын жазушыларымыз оқырмандарына шығармаларын жариялап, әртүрлі компаниялар өздеріне жұмысшы іздеуде желінің көмегіне жүгінеді. Сонымен қатар, желідегі қызықты топтарға тіркеліп, өз ойларыңызбен қызығушылықтарыңызбен бөлісе аласыз.
Ал, зиянды жақтарына келсек, Қазірде әлем халқының 60% - ға жуығы бетпе – бет тілдесуден гөрі ғаламтор арқылы тілдесуді жөн санайды. Әлеуметтік желінің нақты зияны: