ОқУ ҚҰралы қостанай, 2022 удк ббк рецензенттер


Девиантты мінез-құлықтың пайда болу себептері және алдын алу жолдары



бет35/40
Дата25.11.2023
өлшемі249,5 Kb.
#126734
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
2. Девиантты мінез-құлықтың пайда болу себептері және алдын алу жолдары

Тарихқа терең бойлай отырып,біз адамдардың іс-әрекеттерінің іздерін байқаймыз, бұл іс-әрекеттері қазіргі қоғамда ғылым тілінде девиантты мінез-құлық деп аталады (өзін-өзі өлтіру, нашақорлық,басқаларға агрессивті әрекет,қылмыстық). Девиация (ауытқушылық) көпшілік мақұлдаған нормалар мен белгіленген стандарттардан (моральдық, әлеуметтік, заңдық) ауытқыған мінез-құлық деп есептеледі.


Әлеуметтануда ауытқыған мінез-құлықтың пайда болуының себептерін түсіндіретін бірнеше бағытты бөліп көрсетеді. Н.Смелзер: "девиантты мінез-құлық деп қоғамда қалыптасқан нормалар мен типтерге сай келмейтін іс-әрекеттерді түсіну қажет" деп жазған.Кейбір зерттеушілер аталмыш ұғымды анықтауда қосымша, дәлірек анықтайтын белгілерді енгізуді ұсынады. Сонымен, Роберт Мертон "Әлеуметтік құрылым және аномия" себептері қоғам ұсынған мақсаттар мен оларға қол жеткізу құралдарының арасындағы келіспеушілік деп есептейді,басқаша айтқанда,адамдар аномия күйінде әртүрлі жолдармен бейімделеді: конформизммен немесе мінез-құлықтағы ауытқулардың әр алуан түрлерімен. В.Фокс девиантты мінез-құлық "тәртіп бұзушыны түрмеге қамауға немесе басқа жазаға тартуға әкелетін,нормадан ауытқу" деп есептейді. Девиантты мінез-құлықтың айқын мысалы - есірткі заттардың қолданылуы.Оның психологиялық мәселесі (есірткіге психологиялық тәуелділік) және медециналық (наркотикті теріс пайдалану), физикалық тәуелділік-нашақорлық [1].
Жалпы девиантты мінез-құлық және қиын балалар ұғымына келетін болсақ,ол 1920-1930 жылдары пайда бола бастады. Бастапқыда ғылым саласында емес,күнделікті өмірде қолданылып жүрді. Біраз уақыт ұмытылып, 1950-1960 жылдардың басында қайтадан қолданысқа енді. Ең алғаш бұл мәселе бойынша зерттеу жүргізген П.П.Блонский болды,ол өз зерттеулерінде девиантты деп мінез-құлқы ауытқыған,кәмелетке толмаған балаларды қарастырды.Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықты мәселесін Қазақстандық педагог-психологтар мен әлеуметтанушылар да қарастырып жүр (А.Жұмабаев, Л.К.Керімов, Э.И.Шыныбекова, Г.А.Уманов, Ш.Е.Жаманбалаева, Д.Қазымбетова, Т.М.Шалғымбаев, А.М.Қарабаева). Бұл зерттеушілердің пікірінше девиантты сияқты жағымсыз қасиеттің қалыптасуына әлеуметтік-педагогикалық факторлардың әсер ететінін зерттеген. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықтарын спорт,өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру,мектепке деген ықпалды күшейту, бойындағы белсенділікті арттыру, ұжымдағы әрекеттерге араластыру арқылы жеңудің әртүрлі жолдарын көрсетіп берген [2].
Кәмелетке толмағандардың девиантты мінез-құлқының көптеген себептері отбасына қатысты. Отбасы ертеректегі әлеуметтенудің маңызды институтының бірі болып табылады.Бала отбасында өте мықты,негізгі құндылықты, норманы, мінез-құлық стереотипін меңгереді, оның психикасының эмоционалды саласы құрылады.Отбасының тәрбиесінде ертеректе жіберілген ақауларды түзету өте қиын.
Көптеген зерттеуші ғалымдардың тұжырымдамаларына жүгінсек девиантты мінез-құлықты жасөспірімдерге тән ортақ қылық - ол ата-аналар мен ұстаздарға қыр көрсету, бір нәрсені өзінше жасау, үлкендердің тілін алмау, жағымсыз жандарға еліктеу, темекі тарту, біртіндеп ішкілікке үйрену, ұрлық жасау тағы сол сияқты болып табылады. Осындай жат қылықтарды елемеу - жасөспірімдерді теріс жолға түсіріп, қылмыс жасауға итермелейді, адамгершілік ардан аластатып, бара-бара қоғамға сүйкімсіз, жеккөрінішті жандар қатарына қосары сөзсіз. Жасөспірімдік шақта балалардың қызығушылығы арта түседі, әлде бірдеңеге бейімделгіш келеді, мінезі ерекшеленіп, өзінің өмір жолына көз жіберіп, ой елегінен өткізуге тырысады, оқудың мәнін, мақсатын түсініп, ұжымдағы өз орнын білгісі келеді. Жасөспірімдер мен жастардың жат қылықтарға әуестенуінің негізгі себебі: білімінің төмендігі, мәдениет деңгейінің жеткіліксіздігі, ең бастысы, қызығушылықтың шектеулілігі, қоғамдық пайдалы іске деген ниеттің жоқ болуы [3].
Девиантты мінез-құлықты көбіне жасөспірімдер арасында кездестіреміз. Себебі жасөспірімдік кезең - ең қиын, әр түрлі бұзақылықтардың пайда болатын және сонымен қатар достық нормаларды игеруіне сәтті кезең болып табылады. Жасөспірімге тән қасиет - өзіндік тәуелсіздік, дербестік, басқаға бағынышты болмау. Сол себептен, өзінің күш-қуатын, жеке басының мән-мағынасын түсінуге ұмтылыс жасайды. Оны ұғынуға мүмкіндіктерді мектептегі оқу-тәрбие мен еңбек процесіне қатыстарынан байқалады. Себебі, девиантты мінез-құлықты балалар типтік ерекшеліктеріне байланысты тіршілік қиыншылықтарына кезігіп, оны жеңіп шығуға ішкі жай-күйі жол таба алмай әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан қорғалынбайды. Содан девиантты мінез-құлықты бала ешкімге керегім жоқ деген сезімге беріліп кінәні үлкендерге артып айналасымен жан-жалдасуға, ұрыс-төбелеске бейімделеді. Қажеттіліктің орнын толықтырудың жолы-бос уақытын мақсатсыз пайдалану, мектеп тәртібін ұстамау, заң нормаларын бұзу, қылмыстық істер жасау [4].
Девиантты мінез-құлық деп әлеуметтік нормадан ауытқуды айтады. Оны қоғамда қабылданған нормаға қарама-қайшы әрекет жүйесі ретінде анықтайды. Девиантты мінез-құлық екі үлкен категорияға бөлінеді. Біріншіден бұл психологиялық денсаулық нормасынан ауытқу. Екіншіден, бұл қандайда бір әлеуметтік-мәдени нормаларды, әсіресе құқықтық норманы бұзатын антиәлеуметтік іс-әрекет. Сондай-ақ девиантты мінез-құлық бұл "балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы, оқудан, жұмыстан қасақана жалтаруы, отбасынан немесе балаларды оқыту-тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, сондай-ақ олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қылмыс белгілері бар, қоғамға қауіпті әрекетткер жасауы. Дж.Смелзер девиантты мінез-құлықты изоляцияға емделуге, түрмеде қамалуына және басқада құқық бұзудың жазалауларына әкелетін топтық нормадан ауытқу деп санады. В.И.Добреньков және А.Н.Кравченко "қоғамдық көзқараста мақұлданбайтын әрбір қылықты девиантты мінез-құлық " деп атады. Қазіргі таңда зерттеушілер арасында девиантты мінез-құлық мәселесіне деген қызығушылықтар көптеп байқалуда. Девиантты мінез-құлықты ғылыми зерттеу психология, криминология, психопатология, әлеуметтану ғылымдарында жүзеге асуда. Балалармен, жасөспірімдермен, жеткіншектермен жұмыс жасайтын психологтардың, әлеуметтік педагогтардың, әлеуметтік жұмыскерлердің негізгі міндеті олардың мінез-құлқында кездесетін жағымсыз ауытқулардың алдын алу болып табылады [5].
Девиантты мінез-құлықтың алдын-алу - бұл индивидке әлеуметтік ортаның жағымсыз факторларының әсерін жоюға және олардың қалыпты өмір деңгейін қорғауға, денсаулығын сақтауға және қолдау көрсетуге бағытталған әлеуметтік, әлеуми-психологиялық, педагогикалық және медициналық ғылыми негізделген және дер кезінде қолданылған кешенді шаралардың жиынтығы. Девиантты мінез-құлықтың алдын-алу шаралары жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы алдын алу шаралары жеке тұлғаның әлеуметтену процесінің қалыпты өтуі үшін психолого-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық жағдайларды жасауға бағытталған бірқатар ескерту шараларын жүзеге асыру болып табылады. Арнайы алдын-алу шаралары нақты тапсырмаларды шешуге бағытталған шара қолдану жүйелерін жүзеге асыру болып табылады: наркомания, делинквентті мінез-құлық, қараусыз қалу, балалық-жеткіншектік жезөкшеліктің алдын-алу шаралары және т.б [1,214б.].
Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқын алдын-алу процесі әртүрлі әлеуметтік институттар кешені арқылы жүзеге асады. Алдын -алу шараларымен отбасы, мектептен тыс демалыс мекемелері (спорттық секциялар, клубтар және т.б.) сияқты әлеуметтік институттар да айналысады. Олардың алдын-алу шаралары жасөспірімдерге қоғамда қабылданған тәсілдермен өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік беруге және жағдай жасауға бағытталған, сонымен қатар, индивидке өмірлік субъективті қиын жағдайларда дер кезінде кәсіби көмектер көрсету [2,39б.].
Қорыта айтқанда, девиантты мінез-құлықты балалармен тәрбиелік жұмыстарын жүргізуде римдік философ Сенеканың: "әрбір адам өмірінің тек кейбір жақтарын ойлап талдайды,бірақ ешкім жалпы өмір туралы ойланбады" деген ой пікірге сүйене отырып,баланың тек кейбір мінездік кемшіліктерін түзетіп қана қоймай,оларды қоғамдық өмірдің талаптарымен ұштасқан дұрыс қарым-қатынас жолына қайтып әкеліп,ары қарай қалыптасып дамуына,әлеуметтенуіне көмектесу қажет. Адамдар арасындағы қарым-қатынастар (достық,жолдастық, туыстық,сүйіспеншілік,махаббат т.б) нормаларымен ұштастырыла жүзеге асырылғанда,балалар бойында девиантты мінез-құлықтың өріс алмауына және оларды мектеп қабырғасынан бастап әлеуметтендіруге мүмкіндік жасалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет