МОЛДАБЕК Қ.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДЕОНТОЛОГИЯ
оқу құралы
Шымкент -2022
ӘОЖ
КБЖ
К
Орталық Азия инновациялық университеті
Пікір жазғандар:
|
|
Омар Е.
|
Академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы
|
Есназар Ә.
|
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогика университеті, PhD, аға оқытушы
|
Молдабек Қ.
Педагогикалық деонтология. – Шымкент: 2022. – 112 бет.
Оқу құралы педагогикалық деонтология жоғары кәсіби білім беруді дамыту тұжырымдамасына сәйкес педагогикалық жоғары оқу орындарында студенттер мен магистранттардың педагогикалық деонтологияны жетілдірудің ірі мәселесі қарастырылған. Осы оқу құралында өтілетін педагогикалық деонтология тұрғысынан оқыту үшін студенттер мен магистранттардың педагогикалық деонтология жетілдірудің ғылыми-әдістемелік негіздері беріліп, оларды практикада жүзеге асырудың нақты жолдары көрсетілген.
Ұсынылып отырған оқу құралы жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, докторанттарына, оқытушыларына, мектеп мұғалімдеріне, білім беру жүйесінің мамандарына, сонымен қатар пәнді оқыту әдістемелерімен айналысатын ғалымдарға арналған.
ӘОЖ
КБЖ
© Молдабек Қ. 2022
1 Тақырып. Деонтология ұғымы. (2 сағат. 1-2 апта)
Мақсаты: Деонтология ұғымына анықтама беру, түсіндіру. Педагогикалық деонтология мазмұнын және негізгі қызметтерін айқындау.
Жоспар:
Деонтология ұғымдары
Денотология салалары
Деонтология салаларының өзіндік ерекше өзгешеліктері мен ортақ белгілері
Деонтология ұғымы сөздіктерде көптеген түсіндірмелерге ие:
- «Түпкі мағынасы бір, орыс тілінің қолданысына енген 25000 шетел сөзінің түсіндірме сөздігінде» деонтология «(грек тілінен deon, ontos – қажетті, logos - сөз) – мораль, адамгершілік туралы ғылым» ;
- «Орыс тілінің құрамына енген шетел сөздер сөздігінде» деонтология «адамның міндеттері, құқықтары және адамгершілігі туралы ілім» ретінде түсіндіріледі;
- Н.Г. Комлева редакциясын басқарған «Шетел сөздерінің сөздігінде» деонтология «грек тілінен deon (deontos) - парыз, + logos-ілім
1) этикалық теорияның бір тарауын құрайтын парыз жөніндегі ілім;
2) кәсіби міндетін атқару кезіндегі медицина қызметкерінің өзіндік мінез-құлық ұстанымдары мен әдеп қағидаларының жиынтығы (емделушілер мен дәрігерлерге қатысты)» ;
- «Жаңа философиялық сөздікте» деонтология «(грек тілінен deon –
қарастырылатын әдеп теориясының бөлімі» ;
- «Оксворд түсіндірме сөздігінде» деонтология (deontology) – адамдардың мінез-құлқы мен әдептілігін зерттеумен айналысатын ғылым» ; - «Этика сөздігінде» деонтология «(грек тілінен deon – парыз және logos – ілім; парыз туралы ілім) – адамгершілік талаптарын ұйғарым түрінде көрсететін жалпы парыз мәселелерін қарастыратын әдеп бөлімі» .
Деонтология терминін алғаш рет Бентам (1834) адамгершілік теориясын тұтас ілім ретінде көрсету үшін енгізген. Джереми (Иеремия) Бентам (Jeremy Bentham) – (1748-1832 жж.) философ, заңгер, экономист және Лондон универси тетінің негізін салушыларының бірі. Ғылымда утилитаризм (utilitas - пайдалы) теориясының бағытын құрастыруымен танымал, оның тұжырымдауынша − адамның әрбір іс-әрекеті басқа адамдарға пайда әкелуі тиіс. Негізгі ғылыми еңбегі «Деонтология не мораль туралы ғылым» деп аталады.
21 жасында И. Бентам өлгеннен кейін денесін анатомиялық тәжірибе жасатуға беруін талап етіп, кейін тек қаңқасы қалғанда өз киімдерін кигізіп, басымен қосып, көрнекті жерге шығарылып қойылсын деп аманат жазады, «барлық адамдарға ескертпе ретінде әрбір адам тек тірі кезінде ғана емес, қайтыс болғанда да пайдасы тию керек...» , деп ой түйеді .
И.Бентам өз тұжырымдамасын «деонтология» деп атады, бұл бағыт КСРО-да сонау 1917 жылғы революция кезінен бастап белгілі болды, «патша тәртібінің мұрасын» жоққа шығарып, жазалау қаупін төндіріп, үкімет әр ғылымның, оның ішінде медицинаның ең басты құрамдас бөлігі болып табылатын әдеп мәнін жоюға тырысып, тыйым салды. Е.Барштейн «Дәрігер-стахановшы не білуі тиіс» (1938 ж.) атты мақалада: «Аты шулы дәрігерлік этиканы жойыңдар: «сын және өзара сын» – міне осылар ғана кеңес дәрігері қызметінің негізі», - деп айтқан болатын. . Ғылымның басқа салаларындағы осындай көзқарасты ұстанған адамдар аз болмады. Медицинаны әдепсіз елестету мүмкін емес. 1946 жылы совет онкологиясының негізін қалаушы Николай Николаевич Петров хирургиялық әдеп жөнінде кітап жазады, КСРО-да әдеп жөнінде кітаптың басып шығарылуын мүмкін еместігін түсініп, қолжазбадағы «әдеп» терминін белгісіз бір «деонтология» терминімен алмастырады. Н.Н.Петровтың замандастары мен ізбасарлары естеліктерінде: «Николай Николаевич сөздерді алмастыру мәлім болған жағдайда, ол түрмеден қайтып оралмайтынын анық түсінсе де, тәуекелге бел буды. Сол кездегі цензордың (баспа орындарын бақылау) Н.Н.Петровқа қарағанда сауатсыз болуы кітапты жетістікке жеткізді» . Осылайша бұрынғы Кеңес үкіметінде қазіргі уақытта тек медицинада ғана емес, «адам-адам» жүйесінің түрлі аспектілерін қарастыратын көптеген ғылым салаларында қолданылатын «деонтология» термині алғаш рет пайда болды
Алайда адамгершілік пен парыз туралы ілім ретінде деонтология пәні «аз көлемдіге» айналып, «деонтология» термині әдеп ілімінде қажетсіз болып шықты. Әдеп саласының мамандары сөздігінен осы терминнің жоғалуға шақ қалуы кездейсоқ емес. Дегенмен «деонтология» атты ерекше ғылым жойылмай, «құпия өмірін» жалғастырды. «Инкубациялық кезең» бірнеше онжылдыққа созылып, ақыр соңында «деонтология» медицинадан бастап спортқа дейінгі әлеуметтік тәжірибенің түрлі саласына бағытталған ғылымның маңызды бөлігіне айналды.
Әрбір ғылымға өзінің пәндік аясын нақтылауға бағытталған дифференциация үдерісі тән екендігі мәлім. Алғашында ол барлық ғылыми салада дамиды: медицина, педагогика, психология, әлеуметтану және т.б. Бұл үдерістің түрлі саладағы мамандық иелерінің кәсіби парыз мазмұнына байланысты деонтологияға да тиісті, мына салаларын атап айтуға болады:
- педагогикалық деонтология – ұстаздың кәсіби парызына сәйкес мінез-құлқы туралы ғылым (К.М.Левитан, Г.М.Кертаева, Г.А.Қараханова, , А.Е.Күдерина, Д.Д.Есімова, Ү.А Ажигалиева және т.б.);
- медициналық деонтология – медицина қызметкерлерінің көмек сұрап келген адамдарға қатысты құқылық, кәсібилік, моральдық міндеттері мен тәртіп ережелері туралы ілім (А.Ф.Билибин, Б.Е.Вотчал, Ф.П.Гааз, А.А.Грандо, Н.Н.Пирогов, И.С.Сук, Н.В.Эльштейн және т.б.);
- психологиялық деонтология – «көмек ұсынушы - көмекті қабылдаушы» сияқты өзара әрекеттесудің, жәрдемдесуші мамандардың моральдық сенімділігін қамтамасыз ететін тұлғаның психологиялық тетіктерінің этикалық аспектілерін зерттейді. (М.А.Гулина, А.А.Крылов, И.В.Силуянова, А.И.Юрьев т.б.);
- әлеуметтік деонтология – әлеуметтік қызметкердің іс-әрекеті мен мінез-құлқы принциптерін және кәсіби-этикалық нормаларын зерттейді (Л.М.Анисимова, Н.Ю.Гурьевич, Л.П.Козыревская, Д.П.Котов, Г.П.Медведева, т.б.);
- құқықтық деонтология – заңгердің кәсіби мінез-құлқы кодексі жөнінде жинақталған мағлұматтар жүйесін белгілейтін заң ғылымдарының бір саласы ретінде анықталады (Н.М.Блохин, В.М.Горшенев, Ю.А.Романов, т.б.);
- журналистік деонтология – журналистің кәсіби мінез-құлқы, парыздылық талаптарының, нормаларының, принциптерінің жүйесі ретінде; БАҚ қызметкерлерінің жауапты мінез-құлқының құқықтық және этикалық нормаларының жиынтығы ретінде, журналисттік парыздылық пен міндеттемелер және осы міндеттемелерді олардың қандай деңгейде ұғынуына қарамастан орындау нормалары ретінде (Е.П.Прохоров, Ю.М.Батурин, Я.Н.Засурский, К.Крисченс, М.Трейбер, К.Норденстренг және т.б.) анықталады
Сонымен осының бәрін саралай келе, біз деонтологияны «адам-адам» жүйесіне қызмет ететін мамандардың парызына адалдығы мен кәсібіне сәйкес саналы әдеп және құқықтық ұстанымдар мен ережелер кешені жатады деп қорытамыз.
Әдебиеттері:
1 А.Д. Михельсон Объяснение 25000 иностранных слов, вошедших в употребление в русский язык, с означением их корней. – М., 1865.
2 Словарь иностранных слов, вошедших в состав русского языка// А.Н. Чудинованың ред. бойынша– М., 1910.
3 Словарь иностранных слов// Н.Г. Комлеваның ред. бойынша– М., 2006.4 Новейший философский словарь// И.Ф. Фроловтың ред. бойынша– Р/на-Дону. – 2005.
5 Оксфордский толковый словарь. – Киев, 2002.
6 Словарь по этике/ И.Конның ред. бойынша – М., 1980.
7 В.В. Самойленко История медицинской деонтологии. – М., 1998.
8 Е. Барштейн. Что должен знать врач-стахановец// Правда. – М., 1938.
9 Е.П.Прохоров, Журналистика и демократия. – М., 2001
10 Ғ.М. Кертаева Ұстаз қызметіндегі педагогикалық деонтология. - Монография. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002,- 224 б.
Достарыңызбен бөлісу: |