Оқу құралы Шымкент -2022


Педагогикалық деонтология физиологиямен



бет14/43
Дата27.01.2023
өлшемі182,05 Kb.
#63378
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   43
Байланысты:
МОЛДАБЕК Қ дентология

Педагогикалық деонтология физиологиямен өте тығыз байланыста, өйткені физиология – тұтас ағзаның тіршілік әрекеті және оның жеке бөліктері, функционалды жүйесі жөніндегі ғылым. Баланың психикалық және физикалық дамуын басқарудың механизмдерін дұрыс ұғыну үшін, ең бастысы, жоғары жүйке қызметінің әрекет заңдылықтарын игерген жөн, ал функционалды жүйке теориясы ұстазға және тәрбиеленушінің өзіне тән танымдық үдерістер табиғатын ашып көрсетеді
Педагогикалық деонтологияның халық педагогикасымен сабақтастығы бірнеше аспекте байқалады: мұғалімнің тұлғалық ерекшеліктерінде, қарым-қатынас әрекеттерінде, білімділігі мен кәсіби шеберлігінде, мінез-құлқында, жүріс-тұрысында, сыртқы бет-бейнесінде. Қазақ халық фольклорында ұстаздық етуші үлкендердің қызметіне зор орын беріледі. Өзі үйренбеген өзгені де үйрете алмайды, үйренгеннің ғана үйретуге хақысы бар. Міне сондықтан да қазақ «Шәкірт болмаған, ұстаз болмас» деген. Рим философы Боэций Аниций (480-524 ж.ж.) «Шәкірт болып көрмеген – ұстаз болып жарытпас» дегенімен сөзбе-сөз дәл келеді. Ешбір кітаптан оқымай-ақ, ата-бабаларымыз, өздерінің күнделікті тіршілік-тұрмысынан көрген, басынан өткерген жайттарды таразылап, ой елегінен өткізіп, ұрпағын өмірге жарасымды, заман талабына сай салиқалы азамат етіп тәрбиелеуге ұмтылған. Оған септігін тигізетін ұлттық әдеп-ғұрып, салт-дәстүрлерді жасап, оны ұрпақтан-ұрпаққа баға жетпес асыл мұра ретінде қастерлеп жеткізіп келген. Ата-салтымыз – халқымыздың ойшылдығынан, данышпандығынан дарыған, ұзақ өмірдің елегінен өткен сарқылмас қазына, асыл мұра. Қазақ тағылымының педагогикалық деонтологияға арқау болар негізгі бағыттары, көпшілік ұйғарымдары, тәжірибелік қорытындылары: шындық пен әділдіктен, ақиқаттан айнымау, берген антына берік болу, аманатқа борышты болмау; ар, ождан тазалығын сақтау, ақыл-ойлы, парасатты болу, барлық іс-әрекетінен, сөйлеген сөзінен, қарым-қатынас жасай білу қабілетінен, көзқарасынан ғибрат белгісі көрініп тұру қажеттілігі; аз сөйлеп, көп тыңдау, салмақты сөйлеу, иманды, инабатты, қайырымды болу, жас ұрпаққа тәрбие беруден жалықпау; рухына кір салмау, үлкендерді тыңдау, құрметтеу, өз қатарынан кем болмау, асып-таспау, достық пен татулықты сақтау, ел берекесін сақтап, оның ырысына үлес қосу т.с.с. Осының бәрі деонтологиялық даярлығын қалыптастыру барысында педагогтың бойына дарытуды қажет ететін адамгершіліктік қасиеттер.
Бала тәрбиесi қай заманның, қай қоғамның болсын ойшылдары мен зерделi зиялыларының назарына кенже болмаған. Әбунәсiр Әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, Асан қайғы, Бұқар жырау тiл бiлiмi, философия, астрономия, психология, педагогика саласындағы ғылымның, мәдениеттiң дамуына ықпал етумен қатар сапалы ұстаздықтың мәнін, мағынасын ашып, қоғам кеңістігіндегі орнын көрсете білген. Бүкіл әлемдiк мәдениетке танымалы: Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шәкәрiм Құдайбердиев, Ахмет Байтұрсынов, Халел Досмұхамедов, Мағжан Жұмабаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Жүсiпбек Аймауытов, Мiржақып Дулатовтардың еңбектерiнiң ұрпақ тәрбиесiне қосар үлесi өз алдына бiр төбе. Онда ұлттық дәстүрдi өз туындыларының негiзгi арқауы еткен педагогикалық, психологиялық тұжырымдары казiргi заман талабымен үндеседі
Заманымыздың көрнекті ақыны, ауыз әдебиетін адамгершіліктің академиясы деп санайтын Мұзафар Әлімбаевтың «Халық – ғажап тәлімгер» атты туындысы ұрпақтың ертеңін ойлаған барша оқырман қауымға, соның ішінде ұстазға ерекше арналғаны айдан ашық. Онда «Халық педагогикасы тұрмыс-тiрлiктiң ешбiр қырын көзден таса қалдырмайды. Ел-жұрт «үлкеннен - өнеге, iнiден – iзет» күтедi. Үмiт ақталмаса, ел-халық өкпесiн де жасырмайды…ө­йткенi «Халық сынай да бiледi, сыйлай да бiледi». Қара жердiң үстiнде тiрлiк еттiң екен – халықтан ешнәрсе жасыра алмайсың. Ашық-аян тiрлiк ет: адал бол, еңбек ет, дос атан, дос-жаранды сатпа, дүниеқоңыз болма! Мiне, қазақ халқының қадым заманнан бергi адамгершiлiк заңы! Иә, зымыран уақыт зырлай берсiн. «Ақыл азбайды, бiлiм тозбайды». Даналықтың алғыр ерлерi де, тәлiмгерлерi де бiздiң бiлгiр ата-бабаларымыз екен ғой!.. Өзiне өзгелердiң көзiмен де, өзi көзiмен де қарай бiлу – бiлгiрлiк, көшелiлiк! Халық кереметтей түйiн жасап, жас өрiмдерге ойдан кетпестей өнеге-үлгi ұсынады.
Этнопедагогика мен халық педагогикасын оқыту арқылы жас ұрпаққа ұлттық тәлiм-тәрбие беретiн мамандар даярлай отырып, егемен елiмiздiң мәдениеттi, еңбекшiл де iскер, бойында халықтық бiлiмге негiзделген iзгiлiктi қасиеттерi қалыптасқан «сегiз қырлы бiр сырлы» ұстаз тәрбиелеу – бүгiнгi таңдағы басты мiндет
Халық педагогикасының әртүрлi жақтарын сөз еткенiмiзде, алдымен соны іске асырар педагог тұлғасына қойылатын талаптар, содан кейін сол талаптарға педагог тұлғасын сәйкестендіру тетігін айқындау мәселесі – қазіргі заманның білім беру саласының күн тәртібінен белді орынға ие.
Сонымен нағыз айтуға тұрар ұстаз болу үшiн тек қана ғылыми-теориялық тұрғыдағы бiлiмдарлықтан басқа, асқан шеберлiкпен, педагогикалық технологияны жетiк игеру, жоғары моральды, санасы кемелденген, өз бойында нағыз белсендi гуманистке сай қасиеттер тәрбиелеуге ынталы мұғалiмнің халық педагогикасынан сусындай білуі – іргелі деонтологиялық қасиет. 
Педагог өз ұжымында жоғары этика-деонтологияға сәйкес қарым-қатынастар, зертханаларында, сыныптарда үлгiлi психологиялық ахуал тудыруға әрдайым ынталануы қажет. Мұндай ахуал жалпы педагогикалық ұжымға, жеке оқушыға, мұғалімге өзінің оңтайлы әсерін тигізбей қоймайды. Халықтың «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны істейді» дегенін деонтологиялық тұрғыдан қарастырсақ, педагогикалық ұжымның, жеке әрбір ұстаздың оқушыға өнеге көрсете алатындай «ұя» болуы талабын қояды. 
Халық педагогикасының «Адамдықтың нұры бол, адалдықтың құлы бол» дегені, педагогикалық деонтологияның ұстаздың адамдығы мен ары ғана оның қызмет барысындағы іс-әрекеттерінің бақылау-бағалаушысы бола алатынына сәйкес ақыл. Халық педагогикасының бір ғана саласы - мақал-мәтелдердің өзінде бірталай жоғарыда айтылған сабақтастықтың нышанын байқаймыз. Мақал-мәтелдер – халықтың моральдық кодексi, тәрбие қағидасы, атаның артындағы iзбасарына қалдырған өнегелi өсиетi. «Адамға өткен дәуiр бәрi – сабақ» демекші, заманалар тәжiрибесiнен сұрыпталған тұжырымдар кейiнгi ұрпаққа кiтап көзiндей аса қымбат болғаны да, болатыны да осыдан.
Мақал-мәтелдер болып кең таралған халықтың ақыл-өсиеті педагог тұлғасының деонтологиялық дайындығының барлық компоненттеріне қатысты. Олар педагогты өзіне-өзі сыншыл болуға, қызмет барысында ізгі ұстанымдарға жүгінуге, өзін-өзі басқара білуге, өзін-өзі жетілдіре білуге т.с.с. кәсіби шеберлікке қажетті қасиеттерге жетелеуге бағытталған




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет