педагогикалық шеберлік пен оқушыларға деген сүйіспеншілігі.
Педагогикалық ұжымның мүшелері бұрыннан қалыптасқан әдет-дағдыларын бағалап, дамыта отырып, жаңадан келген қызметкерлерді өз ортасына тартуы тиіс
Сонымен, мұғалімдер ұжымында еңбек тәртібі мәселесіне өз міндеттеріне жауапты, шығармашылық көзқарасы бар әріптес мұғалімдерге жақсы тәрбиелік ықпал жасау, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды және өз тәртібін жақсарту мәселесі ретінде назар аударылуы тиіс.
Педагогикалық ұжым өкілдерінің арасында сенім, ауызбірлік және өзара сыйластық болмаған жағдайда оның ұжым болып қалыптасуы екіталай. Әр ұстаздың жұмыс барысында қандай да болмасын олқылық, ақаулық, кемшілік пен қателіктер жіберетін кездері болады. Бірақ басты ұстанымы – тәрбиелеушінің жан саулығына, денсаулығына зиян келтірмей, оқытып тәрбиелеу қажеттілігі. Ең алдымен, адамгершілік дәрежесі, оның үстіне мұғалімнің, тәрбиешінің еңбек мәдениеті – бұл оның рухани дамуының деңгейі, басты көрсеткіші, оның мінез-құлқының жоғары өлшемі, өмірге деген көзқарас, оның жеке әлеуметтік белсенділігі мен өмірлік мұраттарының мәселесі.
Тұлғаның мәдениет жүйесіндегі қажетсінуін әлеуметтік сапаларын, мінез-құлық және іс-әрекет стилінде көрініс табатын оның даму деңгейімен сәйкестендіреді. Сондай-ақ мұғалімнің сыртқы келбет мәдениетіне, өзін-өзі басқару шеберлігіне, моральдық қасиеттеріне қойылатын талаптардың да тәлім-тәрбие жұмысының мазмұны мен сипатына қарай күн өткен сайын өзгеріп, жаңғырып, жаңа сипат алып отыратыны белгілі. Ағартушы педагог ғалымдардың (А.В.Мудрик, С. Қалиев, Ә.Нысанбаев, Ә.Табылдиев, К.М. Левитан, И.Д. Демакова, А.С. Белкин, Л.И. Рувинский, Қ. Жарықбаев, Л.Т. Охитина т.б.) еңбектерінде мұғалім мәдениеті мен шеберлігі, зиялылығы сипатына көңіл бөлінген. Олардың пікірінше, педагогтың нәтижелі қарым-қатынасқа дайындығында үйірсектік (общительность), эмпатия және тосындылық маңызды рөл атқарады.