Оқу құралы Шымкент -2022



бет15/43
Дата27.01.2023
өлшемі182,05 Kb.
#63378
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   43
Байланысты:
МОЛДАБЕК Қ дентология

Әдебиеттері:

1 А.Д. Михельсон Объяснение 25000 иностранных слов, вошедших в употребление в русский язык, с означением их корней. – М., 1865


2 Словарь иностранных слов, вошедших в состав русского языка// А.Н. Чудинованың ред.бойынша– М., 1910
3 Словарь иностранных слов// Н.Г. Комлеваның ред. бойынша– М., 2006
4 Новейший философский словарь// И.Ф. Фроловтың ред. бойынша– Р/на-Дону. – 2005
5 Оксфордский толковый словарь. – Киев, 2002
6 Словарь по этике/ И.Конның ред. бойынша – М., 1980
7 В.В. Самойленко История медицинской деонтологии. – М., 1998
8 Е. Барштейн. Что должен знать врач-стахановец// Правда. – М., 1938
9 Е.П.Прохоров, Журналистика и демократия. – М., 2001
10 Ғ.М. Кертаева Ұстаз қызметіндегі педагогикалық деонтология. - Монография. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002,- 224 б. 


6.Тақырып . Ұстаздың деонтологиялық даярлығының мәні мен мағынасы. (2 сағат. 11-12 апта)


МақсатыБолашақ маманның білім, ептілік, дағды, құзырлығымен қатар оның деонтологиялық даярлығын қалыптастыру 
Жоспар:
1Ұстаздың деонтологиялық сана-сезімін сипаттайтын жалпы көрсеткіштер
Қазіргі қоғамда аталған өзгерістермен қоса, рухани құндылық орнына біртіндеп материалдық құндылық басымдылық танытып келе жатқаны байқалады. Мұның дәлелі ретінде соңғы кезде қаржылық мәселелер адам өмірі мен денсаулығынан, тіпті бас бостандығынан да жоғары қойылып жүр, мәселен: қалтасы қалың науқас адамнан айырылып қалмас үшін жалған диагноз қоятын немесе тым қымбат дәрілерді жазып беретін дәрігерлерді кездестіруге болады; көлемді қаражат алу үшін белгілі бір оқиғаны «қажетке сай» өңін айналдырып жазып, қоғам арасына іріткі салатын тілшілерді (журналист) де кездестіре аласыз; білім беру кезінде репетиторлық қызмет көрсетіп, арнайы қаражат табу мақсатында кей материалдарды жартылай ғана оқытатын мұғалімдер де табылады; көлемді пұл алу үшін дәулетті адамның өтініші бойынша дені сау адамды «психикасы бұзылған науқастарды емдеу» орнына жіберетін психологтар бар; мемлекет тарапынан қаржыландырылатын әлеуметтік жобалардан ақша түсірудің жолдарын табатын әлеуметтік қызметкерлер де болады. Ең қауіптісі, аталған мамандар еш арланбайды да, оларға тәртіп сақтау қызметкерлері де оң қабақ танытады, өйткені өздері де бұл тұрғыдан осал емес. 
Сондықтан бүгінгі күні мамандарды даярлаудың мазмұны мен технологиясын түбегейлі өзгерту өзекті мәселеге айналды, әсіресе «адам-адам» жүйесіндегі мамандарды даярлаудың кәсіби білім беру жүйесін қайта құру қажет. Болашақ маманның білім, ептілік, дағды, құзырлығымен қатар оның деонтологиялық даярлығын қалыптастыру - кезек күттірмес мәселе. Яғни, кәсіби білімнің аса маңызды құрамдас бөлігі ретінде деонтологиялық санасын тәрбиелеу болашақ мамандардың кәсіби біліктілігінің маңызды көрсеткіші бола алады. Сонда ғана студент грант пен ата–аналар қаражатын қандай «тауарға» жұмсау керек екенін білетін болады, яғни сессияны «ақша беріп жабу» арқылы бір нәрсеге екі рет ақы төлеп, еш пайда ала алмағанын түсінеді. Керісінше, әрбір оқытушыдан, профессордан мүмкіндігінше көп білім алуға тырысады, олардың білімдендіру еңбегіне сын тұрғысынан талап қояды. Яғни, студенттің деонтологиялық даярлығын қалыптастыру кәсіби білім беру жүйесінің саналы тұтынушысын тәрбиелеуді көздейді, іске асырады
Сонымен, «адам-адам» жүйесіндегі маман даярлауда батыл бетбұрыс керек.
Бұл әрекет ұстаз тұлғасын қалыптастыруда әсіресе маңызды. Өйткені ұстаз – болашақ ел иелерін тәрбиелеу ісіндегі қоғамның жұрт сенген өкілі. Көптеген азаматтық қасиеттердің адам бойына ұялауы мектеп ұстаздарының жұмысымен ажырамас байланыста
Бүгінгі күні бүкіл адамзат қауымы алдында бұрын болмаған, бүкіләлемдік ауқымды проблемалар қойылуда. Олардың ішінде бейбітшілік пен қарусыздану, қоғамдық және әлеуметтік даму, кейбір мемлекеттер мен аймақтардың артта қалуын жою, ғылыми-техникалық алға басу, халық ағарту және мәдениет проблемалары, халық санасын өсіру, денсаулық сақтау, адамның жаңа биологиялық, әлеуметтік жағдайларға бейімделуі, қор мен энергетика, азық-түлік пен табиғат және т.б. күрделі мәселелер бар. Адамзаттың қазіргі жағдайы, оның болашағы осы мәселелердің ұтымды шешіміне тәуелді. Ал осының бәріне мұғалім тұлғасы сипатының қатысы бар
Ұстаз неғұрлым ел, отан, халық алдындағы борышын саналы өтеуге ынталы болса, соғұрлым оның еңбегi елге жан-жақтан пайдалы болатыны күмән тудырмайтын айғақ
Осыны түйiндей келе, өз iсiне шебер, парыздылық санасы жеткiлiктi дамыған педагог қызметiнiң тiкелей педагогикалық нәтижесiмен бірге едәуiр саяси-экономикалық, әлеуметтік нәтижесi де бар деп айтуға болады. Оның негізгі міндеттері – шәкірттеріне әлем туралы ғылыми түсінікті сіңіру, оқушыларды өз бетінше және шығармашылықты ойлауға баулу, ғылыми таным тәсілдерін меңгерту, өміршеңдіктерін арттыру, т.б.
“Өмір сүру, – деп жазды С. Экзюпери, – демек, баяу өсіп-өну. Мұғалім біздің үмітімізді және біздің, қоғамымыздың болашағын үйлесімді тәрбиелеуге тиіс. Мұғалім балаларға әлем мәдениетін таныстыра отырып, шын мәнінде, бақыт негізін қалайды” – деп, ал К. Г. Паустовский “Бақыт білімпазға келеді. Білімді әрі тәрбиелі адам ғана көре алатын жер көркін надан адам еш уақытта көрмейді” – деп, мұғалімнің шеберлігіне болашақтың бақыты тәуелді екенін білдіреді.
Ұстаздың кәсiптiк санасының өзгеруiне, әдеп жүйелерiн сұранысқа сәйкес құрауына мәжбүр ететін сана-сезімнің қозғауы олардың деонтологиялық даярлығына, деонтологиялық әлеуетіне және сыртқы түрткі болған жағдайлар мен әлеуметтік сұраныстың ықпалына байланысты Алайда, болашақ мұғалімнің деонтологиялық даярлығының ғылыми-педагогикалық негізін айқындауда қарастырылған іргелі ғылыми жұмыстарда деонтология педагогикалық мәселе ретінде арнайы зерттелмегені байқалды. Бірақ, педагогиканың баяғыдан топталып айтылып келе жатқан этикалық мәселелерi заман талаптарына сай «педагогикалық деонтология» деп, қайта жаңғырып жаңа мазмұндалып келе атқаны хақ. Олардың белгілері:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет