Оқу құралы Шымкент -2022


Педагогикалық деонтологияның педагогикалық этикамен сабақтастығы



бет13/43
Дата27.01.2023
өлшемі182,05 Kb.
#63378
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43
Байланысты:
МОЛДАБЕК Қ дентология

Педагогикалық деонтологияның педагогикалық этикамен сабақтастығы
Философиялық тұрғыдан педагогикалық деонтология мен педагогикалық этика өзара жалпылық пен жекелік қатынасында болады және олардың өзара әрекеттестігі диалектикаға бағынады. Сондықтан оларды жалпылық пен жекелік ретінде біркелкілікке, теңдестіруге мүмкін емес
Педагогикалық этика – педагогикалық деонтологияның теориялық негізі, өйткені педагогикалық этика ұстаздың кәсіби адамгершілік нормаларын зерттейді, ал педагогикалық деонтология олардың орындалуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар педагогикалық деонтология және педагогикалық этика педагогикалық үдерістің ортақ ізгілік мәселесін шешеді, мысалы, педагогикалық деонтологияның зерттеу пәні педагогтың кәсіби мінез-құлқы, оның бойында кәсіби-педагогикалық адамгершіліктің ұйымдастырушылығы болып табылса, педагогикалық этиканың зерттеу пәні – педагогтың санасын, мінез-құлқын, қарым-қатынасы мен қызметіндегі моральдік бейнесін реттейтін заңдылықтар, нұсқаулар, ережелер
Педагогикалық деонтология мен педагогикалық этиканың сабақтастығын қарастыру кезінде, басты назарды осы ғылымдардың алдында тұрған мақсат-міндеттерге аудару керек, мысалы:

  • педагогикалық этика ұстаздың адамгершілік бейнесіне қоғамның қоятын түрлі талаптарын түзеді, ал педагогикалық деонтология осы нормалардың іс-әрекетке ену механизмдерін зерттейді; 

  • педагогикалық этика іс-әрекеттің моральдық құндылығын зерттейді, ал педагогикалық деонтология ұстаздың осы құндылықтарды жете түсінуі мен өзінің іс-әрекетін тиісті тәртіпке салуына мүмкіндік туғызады; 

  • педагогикалық этика педагогикалық қызметтің этикалық нормаларын қалыптастырса, онда педагогикалық деонтология білім беру сферасында жұмыс істейтін қызметкерлердің іс-әрекеттері мен амал-қимылдарындағы осы нормалар мен ережелерге сәйкестендіру амалдарын зерттейді. 

 Педагогикалық деонтологияның психологиямен сабақтастығы 
Психология адамның жан дүниесінің даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым болғандықтан, педагогикалық деонтологияның басты «Зиян келтірме!» ұстанымының теориялық негіздерін, іске асыру амалдарын, әдіс-тәсілдерін жүйелеп, пайымдауға негіз болады
Педагогикалық деонтологияның басты мақсаттарының бірі – бала тұлғасының оңтайлы, прогресті дамуын, яғни психикасының мақсатты түрде өзгеруін (ойлау, қабылдау, іс-әрекет т.б.). психологиялық комфортты жағдай туғызу негізінде іске асыру болып табылады. Ондай жағдай туғызу тек психологиялық білімі жоғары деңгейдегі және өзінің іс-әрекетін сәйкесті басқара алатын ұстаздың қолынан келеді. Мұндай жанға жайлы жағдайдың мән-мағынасы психологиялық тұрғыда дәлелденіп, ұстаздың деонтологиялық сипатының сәйкесті көрсеткіштерінің қажеттілігін ашады. 
Ғылымның бұл екі саласының сабақтастығы педагогикалық деонтологияның зерттеу міндеттерін іске асыру кезінде психологияның ғылыми ізденіс амалдарын (рейтинг, психологиялық тестлеу, сауалнама жүргізу т.б.) кең қолдану кезінде байқалады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет