Оқу құралы Шымкент -2022



бет20/43
Дата27.01.2023
өлшемі182,05 Kb.
#63378
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   43
Байланысты:
МОЛДАБЕК Қ дентология

Сапалы сөйлеу икемділігі.

Оқыту барысында оқушылардың ойлау, сөйлеу әрекеттерiнiң даму процесiне мұғалiмнiң қолданатын сөздерi, сөйлеу мәдениетi, мұқамы, техникасы, шапшаңдығы, сөздерiнiң әсерлiгi, бейнелiлiгi, қарқындылығы шешушi ықпал ететiндiгiн назардан тыс қалдыруға болмайды. Мұғалiмнiң ауызекi сөйлеуi - оның кәсіби шеберлiгiнiң өте маңызды элементi және педагогикалық iс-әрекетiнiң негiзгi құралы. Балаға әсер етудiң негiзгi үш құрылымдық бөлiгi бар: жұқтыру, елiктету, сендiру. Осылардың бәрi мұғалiмдердiң тiл меңгеру деңгейiмен тiкелей байланысты. Сондықтан оқушылардың сөйлеуiнiң дамуына мұғалiмнiң өзiнiң сөйлеу мәдениетiнiң әсерi өте зор.
Осыны ескере отыра, әр мұғалiм өзiнiң сөйлеу қабiлетiн қажымай-талмай жетiлдiру жолында қыруар жұмыс атқару керек. Бұл iсте елеулi көмекшi құрал бола алатын Л.И.Рувинскийдiң редакциясымен “Педагогика” баспасынан шыққан “Учителю о педагогической технике”, Б.Ц.Бадмаев пен А.А.Малышевтың “Психология обучения речевому мастерству”, М. Балақаевтың “Тiл мәдениетi және қазақ тiлiн оқыту”, Т. Қордабаевтың “Жалпы тiл бiлiмi” т.с.с. атты әдебиеттер
Сонымен қатар мұғалiм сыныпта тіл ұстартудың мәнi туралы әңгiме жүргiзiп, сабақ сайын оқушының сөйлеу мәнерiн тасадан тыс қалдырмай, дұрыс-бұрыстығын байқап, жiберiлген теориялық, грамматикалық, стилистикалық қателерге саналы көңiл бөлуге, бiртiндеп оқушыларға өз қателерiн өздерiне тапқызып түзетуге үйретуге жалықпауы керек. Осы қасиеттер ұстаздың деонтологиялық даярлығының тұлғалық компонентінің негізін құрайды, сондықтан оларға аса көңiл бөлiну қажеттiлiгi күмән тудырмайды. 
Қорыта келгенде, мұғалімнің деонтологиялық қасиеттерін дамыту үшін және оған өзін-өзі тәрбиелеуге қолайлы жағдай жасау үшін «идеал» мұғалімнің үлгісін жасау қажеттігі туады. Осы мүддеге жоғарыда келтірілген педагог-ғалымдардың зерттеулері арналғанын көрдік. Әртүрлі зерттеулер нәтижесін жинақтай келгенде «идеал» мұғалімнің үлгісі мен «орташа» мұғалімнің үлгісінде көп айырмашылық көрінбеді. Айырмашылық тек мұғалімдерде сол қабілеттердің табысты жұмыс істейтіні айқын көріністе болуы, ал орташа күйде жұмыс істейтін мұғалімде солғын болуы
Оның себебін біз төмендегідей анықтадық: мұғалімдердің бар қабілеттерін табысты жұмыс істетушідеонтологиялық әлеуетінің әр мөлшерде болуы.
Бұл жерде әлеует (потенциал) (лат. Potentia – күш, куат) – жасырын түрде бар болып, белгілі бір жағдайларда байқалатын мүмкіндіктер, қабілеттер жиынтығы ретінде қарастырылады. Деонтологиялық әлеует анықтамасынын төмендегідей нұсқасын ұсынамыз: деонтология ұстанымдарын басшылыққа алып, әрекет жасауға мүмкіндік беретін, жасырын түрде бар болып, белгілі бір жағдайларда байқалатын қабілет-қасиеттер жиынтығы. Ұстаздың деонтологиялық әлеуеті дегеніміз – алдарына келген оқушыларға қатысты педагогтардың құқылық, кәсiптiк, моральдық мiндеттерi мен тәртiп ережелерiн сақтауға, белгілі бір жағдайларда байқалатын мүмкіндіктері мен қабілеттер жиынтығы. Ұстаздың деонтологиялық әлеуеті - оның деонтологиялық даярлығының басты көрсеткіші, тұлғалық қасиеті
Ұстаздың деонтологиялық даярлығының құрылымы төмендегідей негізгі компоненттерден тұрады: тұлғалық, ақпараттық-теориялық, іс-әрекеттік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет