Оқу құралы Шымкент -2022


Ұстаздың деонтологиялық даярлығының тұлғалық компоненті



бет21/43
Дата27.01.2023
өлшемі182,05 Kb.
#63378
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43
Байланысты:
МОЛДАБЕК Қ дентология

Ұстаздың деонтологиялық даярлығының тұлғалық компоненті. 
С. А. Рубинштейн «тұлға тұтастығы дегеніміз – оның құрылымының бірлігі және тұтастықтың негізі болатын жүйелi қасиеттері»,– деп санаған.
В.А.Сластенин, В.П.Битуев, Л.М.Фридман, Б.М Теплов пікірлері бойынша, педагог тұлғасының құрылымында бұл рөлді кәсіби педагогикалық бағдарлық атқарады. Сондықтан кәсіби-педагогикалық бағыттылық пен жалпы және педагогикалық қабілеттер «жеке тұлғалық компонентінің» құрылымдық бөліктері болып алынды
Кәсіби-құндылық бағдарда бекітілген ұстаздың педагогикалық қызметке деген көзқарас жүйесі – кәсіби-педагогикалық бағыттылығының негізі болып табылады.
Тұлға сапасы – даратүрдің (индивид) мінез-құлқында, жүріс-тұрысында әртүрлі жағдаяттарда ұзақ уақыт бойы қалыптасып, іс-әрекетте білінетін сипат.


Әдебиеттері:

    1. А.Д. Михельсон Объяснение 25000 иностранных слов, вошедших в употребление в русский язык, с означением их корней. – М., 1865.

    2. Словарь иностранных слов, вошедших в состав русского языка// А.Н. Чудинованың ред.бойынша– М., 1910. 

    3. Словарь иностранных слов// Н.Г. Комлеваның ред. бойынша– М., 2006.

    4. Новейший философский словарь// И.Ф. Фроловтың ред. бойынша– Р/на-Дону. – 2005.

    5. Оксфордский толковый словарь. – Киев, 2002.

    6. Словарь по этике/ И.Конның ред. бойынша – М., 1980. 

    7. В.В. Самойленко История медицинской деонтологии. – М., 1998.

    8. Е. Барштейн Что должен знать врач-стахановец// Правда. – М., 1938.

    9. Е.П.Прохоров, Журналистика и демократия. – М., 2001

    10. Ғ.М. Кертаева Ұстаз қызметіндегі педагогикалық деонтология. - Монография. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002,- 224 б. 



8.Тақырып . Болашақ ұстаздардың деонтологиялық даярлығын қалыптастыру (1 сағат. 15 апат)


Мақсаты: Ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастыруды жеке тұлғаның сан қырлы білім алып, тәрбиеленуі тұрғысынан қарастыру.
Жоспар:
1.Ұстаздың деонтологиялық дайындығы
2.Жас педагогтардың мемлекеттің, халықтың алдында беретін антының жобасы
3.Болашақ ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастырудың әдістері
Ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастыру түсінігіне негіз болатын ойшылдардың ақылдарын келтіре кетейік. Адамның ой-сезімін, мінез-құлқын тәрбиелеп, жетілдіру арқылы оны бақыт жолына салу мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арнаған орта ғасырдағы Шығыстың әйгілі ойшыл философы Әл-Фараби болды. Әл-Фараби «Бақытқа жету жолына меңзеу» деген тамаша еңбегінде кісінің жан дүниесін жетілдіру мәселесін философиялық тұрғыдан зор білгірлікпен жан-жақты да, терең зерттеп, талқыға салады. Мұнда Әл-Фарабидің айтуынша, бақыт – әр адамның көздейтін мақсаты, үлкен игілік. Сол мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін адамда үш түрлі тамаша табиғи қабілеті бар. Ол: а) ерекше жаралған дене құрылысы; ә) жан құмарлықтары; б) ой парасаты. Бұл қабілеттер өзінен-өзі табиғат тудырған қалпында бақытқа жеткізбейді. Бірде түгелдей жақсылық нәтижесін берсе, енді бірде керісінше болуы мүмкін. Мұндай кездейсоқтықты жеңудің жолы – аталған үш қабілеттің әрқайсысын дұрыс жолға бағыттап тәрбиелеу, терісін оңдап, дұрысын ілгері дамыту, сол арқылы адамның мінез-құлқы мен ой-парасатын оларды саналы түрде үнемі дұрыс нәтиже тудыратын дәрежеге көтеру. 1Мұны іске асыру, бір жағынан, адамның өзіне байланысты болса, екінші жағынан арнайы тәрбиеге тәуелді. Сонымен Әл-Фарабидің бұдан мың жылдан бұрын айтылған кемеңгерлік ойлары бүгінге дейін маңызын жоғалтқан жоқ дей отыра, біз оларға ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастыру үдерісі негізделеді демекпіз.
Ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастыруды жеке тұлғаның сан қырлы білім алып, тәрбиеленуі тұрғысынан қарастыруға болады. Мұндай білім алу парыздылық сана сезім, таным және ерік үдерістерінің нәтижесі болып табылатын парыздылық месел (уәж) мен кәсіптік мінез-құлық тәсілдерінің синтезімен, болашақ ұстаздың мінез-құлқындағы кәсіптік деонтологияға деген тұрақты көзқарасымен; өзін-өзі икемдеу, жетілдіру көрінісімен сипатталады. 
С.И.Ожеговтың «Толковый словарь русского языка» кітабында «қалыптастыру» термині «белгілі бір түрге келтіру, аяқтау» деген мағынаны береді. Ш.Т.Таубаеваның айтуындай бұл түсінік тар мағынада (даму үдерісі мен нәтижесі), белгілі шекке дейінгі кең мағынада (қалыптасу үдерісі) пайдалануына қарамастан, педагогикада әлі де болса қалыптаспаған педагогикалық категория. 
Осыған орай, педагогикалық мамандықтағы студенттің деонтологиялық даярлығын қалыптастыру оған болашақ кәсіби қызметіне сәйкес парызының мазмұнын игертіп, түсіндіре отырып, санасын тәрбиелеу. Яғни, осы парызға сәйкес студенттің болашақ қызметі аясында міндеттерін орындауы оның ішкі сарынының, сезімдерінің, сенімдерінің, ойларының негізінде жүреді.
Ұстаздың деонтологиялық даярлығына кәсіптік қызметін деонтологиялық талаптарға сәйкес атқаруға қажетті білім, біліктілік деңгейі, санасының дайын болу күйі жатады. Деонтологиялық даярлығы қалыптасқан жағдайда мұғалім өз мінез-құлқын, әрекеттерін парыздылық сезімге бағындыра алады. Ұстаздың деонтологиялық даярлығын жүзеге асыру үшін оның жеке тұлғалық мінез-құлқына, сана-сезіміне сәйкесті әсер ететін арнайы деонтологиялық дайындық қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет