2 Болашақ мұғалімдердің деонтологиялық даярлығын мүмкіндіктері
Қоғам талабына сай білім мен тәрбие беру деңгейін көтеру, жеке тұлғаны тәрбиелеу, кәсіби біліктілігі жоғары мамандар даярлауда халықтық педагогика мұраларын пайдалану мәселелері жоғары мемлекеттік құжаттарда арнайы бірнеше рет қаралып, жан-жақты сөз болды. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-мәдени дамуының тұжырымдамасында «Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-мәдени даму жолы дегеніміз – ең алдымен адамзат құндылықтарына баса назар аудару, прогресшіл халық дәстүрлері мен әдет-ғұрыпының толымды түлеуі, гуманитарлық ғылымдарға, өнерге, халықтардың моральдық байлықтарына қайтып оралу, мәдениеттің барлық салаларында ұлттық даралықты сақтау, барлық ұлттың мәдениетінің қазыналары мен дербестігін мойындау», – деп атап көрсетілген болатын.
Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік құндылықтары қалыптасқан халқымыз осы асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл-парасатына азық ете білу үшін, әрбір тәрбиеші, мұғалім халық педагогикасын, сан ғасырларда қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білумен қатар, өзінің бойына адамдық құндылықтарды терең сіңірген, рухани таза адам болуы шарт. Сонда ғана өзінің міндетін айқын сезіне білетін, мінез-құлқы жетілген саналы адам қалыптасады. Жетілген мінез-құлық – бұл үш нәрсенің: жүректің, ақылдың және қолдың бірлігі мен келісімі. Егер оқушы өзінің жүрегін тыңдауға үйренсе және табиғатына сай үйлесімді дамыған жағдайда ғана, ол өмірден өз орнын табады. Бұл мақсатқа деонтологиялық даярлығы халық педагогикасы құралдары арқылы қалыптасқан мұғалімдердің қатысуымен қол жеткізуге болады.
Қазақтың халықтық педагогикасын бүгінгі күннің проблемасы деп қарауға болмайды. Бұған түрлі тарихи кезеңдерде ұрпақ тәрбиесінің құралы ретінде ерекше мән берілген. Ойшылдар Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари т.б., ағартушылар Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев қазақ зиялылары Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев т.б. еңбектерінен де халықтың бала тәрбиесі жөніндегі тәлім-тәрбиелік тәжірибелерін, ауызекі халық шығармашылығын, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын ұрпақ тәрбиесінде пайдалану туралы айтқан идеяларынан көруге болады.
1 – кесте Ойшыл-данышпандар, қазақ зиялылары еңбектеріндегі болашақ мұғалімдерді басты адами қасиеттерге тәрбиелейтін негіздер
Ойшыл-данышпандар еңбектері
|
Олардың еңбектеріндегі мұғалімнің деонтология талабына сай қабілет-қасиеттер
|
1
|
2
|
Әл-Фараби Әлеуметтік-этикалық трактаттар. Алматы: Ғылым. 1975ж.
|
халыққа адал қызмет ету
алғыр, аңғарымпаз ақыл иесі болуы
тілмарлық
қанағатшыл
ар-намысты ардақтайтын жаны асқақ болуы
батыл, шешімпаздық
|
|
|
Ж. Баласағұни «Құтты білік». Алматы. Жазушы, 1987ж.
|
ақ жолды кесіп өтпеу
өтіріктен сақтанып, шын сөйлеу
ақыл-парасатқа тоқ болу
адамдарға дөрекілік жасамау
артық сөйлеуден жасқану
шынайы ілімге ынтық болу
|
|
|
М. Қашқари «Диуани лұғат ат-түрк». Алматы. Ана тілі, 1993ж.
|
рахымшыл болу, менмен болмау
іс істерде асығып, аптықпау
қиындыққа қарсы тұра білу
жомарттылық танытып, сый сияпат көрсету
кішіге қамқор, үлкенге ізет ете білу
|
А. Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық жинағы. Алматы, Ғылым. 1977ж.
|
талапшылдық, еңбекқорлық
ғылым-білімді сүю
естігенді есте сақтау
көргеннен үлгі өнеге алу
ұстамды, шыдамды болу
өсек-өтірік, ғайбат сөздерден аулақ болу
|
Ы. Алтынсарин.
Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1990ж
|
білім, оқу
тазалық
сезімділік, жылылық
жинақылық
түсінушілік
|
|
1 – кестенің жалғасы
|
Міржақып Дулатов
«Оян, қазақ!» – Алматы: Алтын Орда, 1991ж.
|
зерделілік, зеректік
борышты ақтау
талаптылық, еңбек сүйгіштік
ұқыптылық, жинақылық
мәдениеттілік, байқағыштық
қамқорлық, дұрыс тәрбие беру т.с.с.
|
Ш. Құдайбердиев
«Үш анық еңбегі». Алматы: Қазақстан. 1991ж.
|
адам адамға дос (құрбы, ата, бауыр, ұстаз т.б.)
адам естілігі – көп білгенде
адам биіктігі – ақыл, ғылым, ар мінез
ақыл мен ой
сенім мен махаббат
ақиқат, жүрек, жылу (үш анық т.б
|
А. Байтұрсынов
Шығармалары.-Алматы: Жазушы, 1989ж.
|
тән саулығы – тамырда
жанның саулығы – тәнде
ізгілік нұры жан мен тәнде
жан мен тән тазалығы алдындағы пәктік т.б.
|
Х. Досмұхамедов
«Аламан». – Алматы: Ана тілі, 1991ж.
|
ұқыптылық
үнемділік, жинақылық
жан саулығына, тән саулығына зиян келтірмеу
парыздылық
мейірімділік
|
М. Жұмабаев
«Сауатты бол», «Педагогика» оқулықтары
|
дене, ақыл, сұлулық, құлық
жан мен дене байланысы
ақыл, сезім, қайрат
күш, қуат, ақыл, ой-дене тәрбиесі
|
2 – кесте Заманауи ғалым-педагогтар еңбектеріндегі болашақ мұғалімдерді деонтологиялық қасиеттерге тәрбиелейтін негіздер
Ғалым-педагогтар еңбектері
|
Еңбектеріндегі мұғалімнің деонтология талабына сай қабілет, қасиеттері
|
1
|
2
|
Қ.Б. Жарықбаев
«Аталар сөзі - ақылдың көзі». Алматы. Қазақстан, 1980.
|
тоқтамға келгіштік
табандылық
ұстамдылық
тәртіптілік
- сөз бен істе әділ болу
|
Ж. Наурызбаев «Ұлттық мектептің ұлы мұраты». Алматы. Ана тілі, 1995ж.
|
мәдениетті тұлға
өнегелілік
икемделгіш
жанашыр
- мәрттік (адамдарды жатсынбау)
|
С.А. Ұзақбаева
«Тамыры терең тәрбие». Алматы. Білім, 1995ж.
|
ізгілік, ізеттілік
әсемдік, әдемілік
шеберлік, алғырлық
салауаттылық
|
Ғ.М. Кертаева
«Рахат» мектебі: жаңа ғасырға жаңа мектеп. Павлодар, 2006.
|
кәсіби парыздылық
сүйіспеншілік
зиян келтірмеу
адамгершілік
эмпатия
|
Е.Ө. Жұматаева
«Этнопедагогика»
оқу құралы. Павлодар, 2004ж.
|
Шешендік
тапқырлық
кемелденген адам
батылдық
өнер-білімге құмар болу
|
Ж. Асанов «Тәлім-тәрбиенің ұлттық негіздері». Оқу бағдарламасы // Қазақстан мектебі, 1995. №6
|
сабырлылық
қамқорлық
достық, жолдастық
балажандылық
сүйіспеншілік
таза ниеттілік
|
Қ. Бөлеев «Мұғалім және ұлттық тәрбие». Алматы. Нұрлы әлем. 2000ж.
|
ұлтжандылық
мақсаттылық
ғылым-білімге деген талпыныс
ұстамдылық
әділдік, парасаттылық
- сөз, тіл өнерін меңгеру
|
Халық педагогикасы, этнопедагогика саласы бойынша 70-90 жылдар аралығында Е. С. Асылханов, М. Х. Балтабаев, А. Х. Мұхамбаев, М. Танекеев, Ж. М. Төлегенов, И. Оршыбеков т.б. ғалымдардың ғылыми-педагогикалық зерттеу жұмыстары жарық көрсе, 90-жылдардан бастап бұл проблемаға баса көңіл бөлініп, кандидаттық диссертациялардың Ұ. М. Әбдіғапарова, Б.Н. Әлмұхамбетов, Б. М. Досқараев, Т. Ш. Қуанышев, А. Қ. Қисымова, Б. Ж. Мұқанова, Г. Р. Бахтиярова білім беру саласындағы болашақ мамандардың парызы мен қарызына бағымдауларын қозғаушы күш болды.
Қазақ халқының педагогикалық ойларының тарихи қалыптасуы мен дамуы жөнінде Қ. Б. Жарықбаевтың, халықтық педагогикадағы эстетикалық тәрбие туралы С. А. Ұзақбаеваның, қазақ халық педагогикасының ғылыми-педагогикалық негізі жайында С. Қ. Қалиевтің, этностық-мәдени білім берудің ғылыми-педагогикалық негізін зерттеген Ж. Ж. Наурызбайдың және қазақ этнопедагогикасының теориялық-әдіснамалық негіздері туралы проблемеларды қарастырған К. Ж. Қожахметованың еңбектері жарық көрді
Ал, орыс педагогикасының таңдаулы өкілдері К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой, революционер-демократтар В. Г. Белинский, Н. А. Добролюбов, Н. Г. Чернышевский т.б. халықтың педагогикалық тәжірибелері мен тәрбие жөніндегі көзқарастарына зор ықыласпен ден қойып, халық даналығын педагогикалық білімдердің сарқылмас бұлағы, негізгі көзі деп бағалаған.
К. Д. Ушинский халықтық тәрбие үдерісіне ерекше көңіл бөліп, жеке тұлғаның қалыптасып, дамуында халықтық педагогиканың маңызды орын алатындығына аса мән берген. Оның пікірінше, халықтық дегеніміз халықтың «менін» сақтауға және оның қоғам өмірінің барлық салаларын дамытуға, жәрдемдесуге ұмтылысы болып табылады. К. Д. Ушинский еңбектерінен өзінің бүкіл педагогикалық теориясында халықтық принципті ұстанғаны анық аңғарылады.
Халықтық педагогиканың озық идеялары мен тәжірибелерінің ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы мен тәрбиелік мүмкіндіктерін жан-жақты зерттеуде ТМД елдері ғалым-педагогтары Г. С. Виноградов, А. Ф. Хинтибидзе, Г. Н. Волков, А. Э. Измайлов, Е. Л. Христова, А. Ш. Гашимов, В. Ф. Афанасьев, Ю. А. Рудь, Ш. А. Мирзоев және т.б. еңбектерін ерекше атауға болады.
Көрнекті ғалым, педагогика ғылымының докторы Қ. Б. Жарықбаев халықтық педагогиканың көкейкесті мәселелері жайында, тәлім-тәрбие турасында ой-пікірлерге талдау жасап, ұлттық педагогика мен психологияның қалыптасып дамуын және халқымыздың ұрпақ тәрбиесіндегі әдіс-тәсілдері мен құралдарын қазіргі кезеңдегі оқыту процесімен байланыстыра қарастырып «этнопедагогика», «этнопсихология», «халықтық педагогика» терминдерінің мән-мағынасына тоқталады.
«Этнос» гректің – etnos – тайпа, халық деген сөзінен шыққан. Этностардың шығу тегін ғылыми-методологиялық тұрғыдан терең зерттеп, тұңғыш рет өз еңбегін жазған атақты ғалым Лев Гумилев болды. Ол «этнос дегеніміз – жер бетіндегі белгілі бір тіршілік аймағы мен әлеуметтік ортаның бірлігінде жатқан салт-дәстүр, тұрмыс-тіршілігі, шаруашылық кәсібі, мінез-құлқы, тілі мен мәдени мұрасы бір халықтар тобы» – деп анықтама береді. Біз осы анықтаманы басшылыққа аламыз.
Этнопедагогика дегеніміз – ұлттар мен ұлыстардың әлденеше ғасырға созылған ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық салт-дәстүрлері мен мәдени ойлау процесінің озық үлгілерінің жиынтығы. Этнопедагогиканың пәні – халықтық педагогика, халықтық тәрбие, ал мәні – үш қасиеттен: ұлттың сақталу педагогикасы, тәрбиенің даналығы және жалпыға бірдей сүйіспеншілік педагогикасынан тұрады.
Қазақ халық педагогикасы мен этнопедагогикасының қалыптасуы мен дамуына өзіндік үлес қосқан белгілі ғалымдар С. А. Ұзақбаева мен К. Ж. Қожахметова этнопедагогика құралдары ретінде ауызекі халық шығармашылығын, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді, т.с.с. бөліп көрсетеді.
Этнопедагогиканың ғылымдық мәнін ашуда С. Қалиевтің еңбегі ерекше. Автор қазақ этносының пайда болу тарихын, халық тәлімінің тарихи дамуын, қазақ этнопедагогикасының ғылыми-теориялық мәселелері мен оның бастау көзін, қалыптасуы мен даму кезеңдерін көрсете келе, этнопедагогиканы фольклорлық шығармалар мен салт-дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік мән-мағынасын, оны оқу тәрбие жүйесінде қолданудың әдіс-тәсілдерін зерттейтін педагогика ғылымының бір саласы деп түсіндіреді. Автор этнопедагогика құралдарына салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты, халық ауыз әдебиетін, ұлттық ойындарды, шешендік сөздерді, ырымдарды, этикалық, педагогикалық ой-пікірлер мен идеяларды жатқызады . Сонымен бірге ғалым болашақ мұғалім даярлауда халықтық педагогиканың алатын орны туралы мынадай ой тұжырымдайды: «Кез келген халықтың адамгершілік-рухани өмірінің барлық кезеңінде халықтық педагогика үлгілері бай және әр алуан, өйткені ол сан түрлі этникалық ұлыстардың мыңдаған жылғы тәжірибесімен жасалған педагогикалық мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылады». Мұның өзі болашақ педагог даярлаудағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан тәжірибесінің педагогикалық мәдениеттің бір бөлігі ретінде халық педагогикасы құралдары болып табылатынын дәлелдейді.
Қ. Ж. Қожахметованың докторлық диссертациясында Қазақстанның бірқатар университеттерінде автордың «Қазақ этнопедагогикасы» курсының бағдарламасы (қосалқы авторы С. А. Ұзақбаева) бойынша студенттер этнопедагогикалық дайындықтан өткізіліп, олардың этнопедагогикалық даярлық деңгейлері анықталған. Профессор Қ. Ж. Қожахметова мектеп мұғалімдері мен болашақ мұғалімдерге этнопедагогикалық білім беру мақсатында бірнеше ғылыми, оқу-әдістемелік оқу құралдарын шығарды. Автордың «Мектептің ұлттық тәрбие жүйесі» атты оқу құралында бүгінгі таңда ұлттық мәдениеттің, әдебиеттің, тілдің, әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің тағдыры мен болашағы мектептегі жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беруге байланысты екені, ұлттық тәрбие туралы түрлі кезеңдердегі ағартушылар мен ғалым-педагогтардың мектептегі ұлттық тәрбиенің маңызы туралы және қазақ халқының зиялы азаматтарының ұлттық мектеп пен тәрбие туралы ой-пікірлерімен дәлелденген.
Тұңғыш рет Чуваш халқының көрнекті ғалымы, халық педагогикасымен ұзақ жылдар бойы айналысып келе жатқан Г. Н. Волков «этнопедагогика» деген ұғымды енгізді. «Этнопедагогика – халықтың жас ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесі туралы ғылым… Халық педагогикасы – халықтың ауыз әдебиетінде, салт-дәстүрінде, әдет-ғұрпында, ырымында, ұлттық ойындарда мәңгі қалған педагогикалық мағлұматтар мен тәрбиелеу тәжірибесінің жиынтығы. Халық педагогикасы – халыққа қажет қасиеттерді қалыптастыру үшін пайдаланатын педагогикалық мақсаттың, міндеттердің, әдіс-құралдардың, тәсілдердің жиынтығы мен өзара байланысы», – дей келе, «… бұл білім мен мағлұматтар әдетте ауызша таралады. Оның зерттеу тақырыбы – тәрбие, ал тәрбие объектісі – адам, тұлға» - деп Г.Н. Волков ой-тұжырым жасайды. Оның анықтамасы бойынша, егер халықтық педагогика тәжірибеге және оның сипатына қатысты болса, этнопедагогика – теориялық ой саласы болып саналады.
Біз өз жұмысымызда «халықтық педагогика» ұғымына берілген анықтамаларға мазмұн жағынан айқындауды жөн көрдік. (3-кесте)
3 – кесте «Халықтық педагогика» ұғымына берілген анықтамалар
Достарыңызбен бөлісу: |