Оқу сабағының жоспары


Мәтінді оқып, түсіндіріп болған соң қосымша сұрақтар қойылады



бет2/2
Дата18.12.2022
өлшемі25,45 Kb.
#57971
түріСабақ
1   2
Мәтінді оқып, түсіндіріп болған соң қосымша сұрақтар қойылады.
1.Қазіргі ғаламдық экологиялық мәселелер қандай?
2.Атмосфера құрамын сипаттаңыз.
3.Озон қабатының жұқару себептері қандай?
4.Фреондар қандай зиян әкеледі?
5.Қышқылдық жаңбырлар түсу салдары қандай?
6.«Жылу эффектісі» мәнін түсіндіріңіз.
7.Смогтар типтерін атаңыз және олардың адам денсаулығына әкелетін зиянын көрсетіңіз.
8.Қандай заттар канцерогендер деп аталады?
9.Ауа ластануының алдын алу шараларын атаңыз.
Бағалау:
- Оқушылар келген елшінің түсіндіру сапасын бас бармақпен бағалайды.

2 тапсырма.


Оқушыларға жаһандық проблемалар арасындағы байланысты зерттеуге тапсырма беріледі.
Оқушылар бір мәселенің екінші мәселенің тууына әсер ету тізбегін жасайды.
Бұл тапсырма постерге схема түрінде сызылып, басқа топтарға таныстырылады.

  • Биоалуантүрліліктің жойылуы (теңіздегі фауна мен флора)

  • Күн сәулесінің радиациясы (қатерлі тері ауруларының санын күрт арттыруға әсер етуі мүмкін.)

  • Ауаның ластануы (хлорфторкөміртек)

  • Денсаулықты сақтау (тыныс алу жүйесін зақымдайды, қандағы ерімейтін қосылыстардың пайда болуына алып келеді, бұл атеросклерозға әкеледі.)

  • Жаһандық жылыну (климат өзгерісі)

3 тапсырма. Картамен жұмыс. Қосымша


100000 адамға шаққандағы ауа ластану әсерінен болған өлім саны бейнеленген карта берілген.
Картадан өлім саны аз және көп елдерді топтастырыу Мемлекеттер мәселелерді шешу жолдарын зерттеңіз
Бағалау:
- Оқушылар зерттеу нәтижелерін таныстырып, топтар бір бірін бағалайды.


Сабақты қорытындылау барысында мұғалімнің кері байланысы.Мұғалім сабақ барысында белсенді әрі жүйелі түрде жауап берген оқушыларды атап өтіп, бірін мақтап, екіншісіне ескерту жасап өтеді.

Cабақтың қорытындысы:
Білім алушылар бүгінгі тақырыпқа байланысты өз ойларымен бөлісіп, бір-бірінің сұрақтарына жауап беріп бүгінгі сабақты қорытындылайды. Жіберілген қателерді талдау
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?
Бағалау
Оқу мақсатын талдай отырып,сабақта белсенділік көрсеткен әрі дұрыс жауап берген білім алушыларды бағалау
Үй тапсырмасы:
Ғаламдық экологиялық мәселелер дегеніміз не? Неге олар ғаламдық сипат алуда? Африка елдеріндегі шөлейттену мәселесіне реферат дайындау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет