Бұлшық еттер біздің жүріп-тұруымызға, кітап-оқуымызға, сөйлеуімізге, қалам ұстауымызыға, ойнауымызға көмектеседі. Олар бірде жиырылып, бірде босап кезек жұмыс істейді. Соның арқасында дене қозғалысқа келеді. Бұлшықеттер жұп болып жұмыс істейді. Біреуі жиырылғанда, екіншісі босайды. Шаршамай ұзақ жұмыс істеу үшін бұлшықеттерге қалай күш түсіру керек?