Оқу сауаттылығы ІІІ нұсқа Туризм: экотуризм 1-мәтін



бет1/6
Дата10.03.2023
өлшемі43,88 Kb.
#72968
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
sabaq-kz attachment ou-sauattylyy-test


ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ ІІІ нұсқа
Туризм: экотуризм
1-мәтін
Қорғалжын мемлекеттік қорығының көлдер жүйесі дүние жүзі мен жергілікті ғалымдар, биолог, эколог, оқушылар, студенттер, туристердің қызығушылығын туғызатын Қазақстанның ерекше қорғалатын інжу-маржаны болып табылады. Мысалы, Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесінің сулы-батпақты аумақтары 1974 жылы сулы-батпақты аумақтар туралы Рамсар конвенциясына сәйкес ғаламдық маңызы бар сулы-батпақты аумаққа жатқызылды. 2000 жылы Теңіз көлі «Тірі көлдер» деп аталатын әлемнің бірегей көлдері жүйесіне енсе, 2007 жылы Қазақстанның биоәртүрлілігін сақтау Ассоциациясының бастамасымен Қорғалжын мемлекеттік қорығы халықаралық дәрежедегі маңызды орнитологиялық аумақтар тізіміне енгізілді. 2008 жылдың маусымында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы Орталық Азиядағы алғашқы нысандардың бірі болып ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралары тізіміне енгізілді. Қорық аумағының қайталанбас бірегейлігін шөлейтті аумақта орналасқан ішкі континенталды сулары; құстардың Орталық-Азиялық және Сібірлік-Оңтүстік еуропалық ұшу жолдарының қиылысқан жерінде орналасуы, далалық, шалғындық, галофитті және су қауымдастықтарының қатар кездесуі, сирек және жойылып кету қаупі төніп тұрған құстардан тұратын биоәртүрліліктің молдығының ерекшеліктері қалыптастырады. Бұған қоса қорық аумағының ұзақ уақыт бойы қорғауда болуы тұмса табиғатты бастапқы күйінде сақтауға мүмкіндік берді. Аталған табиғи жағдайлар аумақты рекреациялық мақсатта игеруге мүмкіндік береді.

1.Мәтін қай стильде жазылған?


А) публицистикалық стиль
В) ғылыми стиль
С) көркем әдебиет стилі
Д) ресми-ісқағаздар стилі
Е) ауыз екі сөйлеу стилі

2. 2008 жылы Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы қандай тізімге енгізілді?


А) «Тірі көлдер» деп аталатын әлемнің бірегей көлдері жүйесіне
В) Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесінің сулы-батпақты аумақтарына
С) Орталық-Азиялық және Сібірлік-Оңтүстік еуропалық ұшу жолдарына
Д) ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралары тізіміне
Е) Рамсар конвенциясына сәйкес ғаламдық маңызы бар сулы-батпақты аумаққа

3. Берілген үзінді мәтіннен алынған ба?


Қорық аумағының қайталанбас бірегейлігін шөлейтті аумақта орналасқан ішкі континенталды сулары; құстардың Орталық-Азиялық және Сібірлік-Оңтүстік еуропалық ұшу жолдарының қиылысқан жерінде орналасуы, далалық, шалғындық, галофитті және су қауымдастықтарының қатар кездесуі, сирек және жойылып кету қаупі төніп тұрған құстардан тұратын биоәртүрліліктің молдығының ерекшеліктері қалыптастырады.
А) Иә
В) жоқ

4. Қай жылы Қазақстанның биоәртүрлілігін сақтау Ассоциациясының бастамасымен Қорғалжын мемлекеттік қорығы халықаралық дәрежедегі маңызды орнитологиялық аумақтар тізіміне енгізілді.


А) 2000 В) 2007 С) 1974 Д) 2018 Е) 2015

5. Қорық 1974 жылы сулы-батпақты аумақтар туралы Рамсар конвенциясына сәйкес ғаламдық маңызы бар сулы-батпақты аумаққа жатқызылды. Себебі:


А) жойылып кету қаупі төніп тұрғандықтан
В) далалық, шалғындық, галофитті және су қауымдастықтарының қатар кездескендіктен
С) сулы-батпақты аумаққа жататындықтан
Д) құстардың Орталық-Азиялық және Сібірлік-Оңтүстік еуропалық ұшу жолдары қиылысқандықтан
Е) қайталанбас бірегейлігін шөлейтті аумақта орналасқандықтан




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет