Оқу сауаттылығы Мәтіндерді мұқият оқыңыз. Мәтін мазмұны бойынша берілген төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Бір дұрыс жауапты таңдаңыз


Қараш бидің дауды шешуіне байланысты ел аузында қалған сөз



бет8/59
Дата25.04.2022
өлшемі136,15 Kb.
#32234
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   59
Байланысты:
Оқу сауаттылығы (1)

19. Қараш бидің дауды шешуіне байланысты ел аузында қалған сөз

А) Бір қасықпен-ақ шешкен екен.

В) Дастарқандағы тарымен шешкен екен.

С) Жолбарыстың киесімен шешкен.

Д) Айламен шешкен екен.

Е) Жас баланың киесімен шешкен екен.



20. Қараш бидің тарыны бір асап, қасықты Ұзақ батырдың алдына қойғаны

А) «Маған елдің малын қайтарып бер» дегені.

В) «Сен қасықтап тарыны жей бересің бе?» дегені.

С) «Сен осылай елдің малын алғаныңды ұмытпа!» дегені.

Д) «Сен осылай елдің малын барымталап жей бересің бе?» дегені.

Е) «Мына тіршілікте көршілерге істеген қиянатым жетер!» дегені.



5-мәтін

Баяғыда өз империясын гүлдендірген, жарқын жеңістермен тарихта өшпес із қалдырған, өте батыр, өте ақылды және өте керемет жетілген саясаткер патша болыпты. Ол бала кезінде тым ерке болса керек. Сабақ кезіндегі еркелігімен ұстазын шаршатып жіберетін. Ұрысқан жағдайда: «Мен патшаның баласымын, маған ештеңе істей алмайсың», - деп қорқытатын. Ұстаз патшаға шағымдану әдепсізідк болар деп біраз уақыт сабыр сақтап жүреді. Алайда еркелігі тым шектен шыға бастағанда, амалсыз әкесінің алдына кіруді ұйғарады. Патшаға келіп жағдайды айтқанында, ол ұстаздың құлағына бұл жағдайдың шешімін сыбырлайды. Ұстаз патша сөзіне таң қалады. Мұндай әрекетке бара алмайтындығын айтса да, патша осы жоспарды орындау керектігіне сендіреді.

Ертеңіне кішкентай ханзада тағы бұрынғыша еркелейді. Ұстазы доғаруын айтқанында тағы да әкесімен қорқыта бастады. Сол сәтте ішке патша кіріп келеді. Ұстаз ашуланып патшаға ұрсып береді, бұлай жайбарақат кіруге болмайтындығын, есікті қағып, рұқсат сұрап кіру керектігін айтып қуып шығады. Патша басы салбыраған күйде кешірім сұрап шығып кетеді. Бұл жағдайды бақылап отырған ханзаданың тілі тұтылып, не айтарын білмей абдырап қалады. Сеніп отырған әкесі көз алдында ұрыс естіген еді. Көздері алақ-жұлақ етіп отырғанында, есік қағылып патша кешірім өтініп, рұқсат сұрап ішке кіреді. Жоспар керемет түрде жүзеге асқан еді. Осы күннен бастап ханзада еркелігін доғарып, ұстазының айтқанын екі етпейтін болыпты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет