Оқу сауаттылығы нұсқау



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата08.10.2023
өлшемі0,52 Mb.
#113449
  1   2   3
Байланысты:
O u-sauattyly y-I-n s a



ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ
 
Нұсқау: 
Оқу сауаттылығы бойынша 3 мəтін жəне олардың мазмұны 
бойынша құрастырылған бір дұрыс жауапты тест тапсырмалары беріледі.
 
1-мəтін
 
M
ен туғанда, әкем елуді еңсеріп қалған кісі екен. Әжем жарықтық әкемді 
балаларымның ішіндегі еті тірісі осы болды деп отырар еді. Әкем ӛз бетінше 
талпынып жүріп ескіше сауатын ашып алыпты. Содан ӛле-ӛлгенше ӛз 
бетінше оқып-тоқыған адам. Ол есеп-қисапты тәуір білетін. Тіпті, орыс 
алфавитін де ежіктеп шығара беруші еді. 
Жас күнінде ағаш ұста болыпты, етікші де атаныпты, тәуіпшілдігі де бар 
екен. Әсіресе, зергерлікті жақсы кӛрген. Біздің елде одан ӛткен зергер ұста 
болмаған. Жігіт күнінде қыз-келіншектің кӛңілін аулау амалымен үйренген 
зергерлік ӛнерін әкем қартайғанда тастамаған. Мұнда ол соққан сақина-
білезікті салып жүрген кӛзі тірі кемпірлер бар. 
Әкем ӛз жанынан ӛлең шығарып, жиын-тойда айтысқа да түсіп жүріпті. 
Ескі ақын жыраулардың термелерін, қиссаларын жақсы кӛріп тыңдайтын. 
Бірақ жатқа айта алмаушы еді. 
Mомыш әкем ат жалын тартып мініп, бозбала халге жеткенде, Имаш 
бабам шаруа билігін соның қолына беріпті. Ауылдағы келін-кепшікті бір 
шыбықпен айдайтын адуынды Қызтумас әжемнің ӛзі де: - Момыштан 
сұраңдар, Момыш біледі, - деп отырады екен. Ағайын-туған арасындағы 
алыс-беріс, кӛші-қон мәселесі, ас-той, дау-дамай – бәрі-бәрі Момыштың 
араласуынсыз шешілмеген. Әлдеқалай ол жол жүріп кетсе, сапардан қайтып 
келгенше тірлікті соған қаратып, жолын күтіп отыратын болған. 
Имаш бабамның кӛзінің тірісінің ӛзінде біздің шағын ауылды Момыш 
ауылы дейді екен. Шаруамыз шап-шағын еді. Біздің үйдің іші қартайған 
Имаш бабамнан бастап, есін енді-енді біліп келе жатқан баласына дейін 
жеген нанын табан ақы, маңдай терімен тапқан. Жас кезінде әкемді әйелдер 
жағы «Молда бала» дейді екен, кейін «Ұста бала» дейтін болыпты. Ал, әжем 
оны «Қара қатпа» деуші еді. Әкем орта бойлы, арық қара кісі еді. Маңдайы 
жап-жазық, қасы қалың, кӛзі шүңгіл еді. Сол арықтығына қарамай, керемет 
күшті болатын. Әжем оны «Тарамыс» деп те атайтын. Сол күштілігіне бола 
атаса керек. 
Әйтсе де кедейдің қолы жомарт. Әкемнің қызғаншақтық, бақталастық 
дейтін қу мінезі жоқ, қолы ашық кісі болған. Бары болса, кісі шақырып, той-
томалақ ӛткізуге құмар боп тұрар еді. Дүние, мал жиюды жек кӛретін. Бір 
жолы мен, ес біліп, етек жиған кезім, базар барып азын-аулақ ақшаны 
жаратып қойсам керек, ӛгей шешеміз мұныма күңкілдеп ұрса берді: - «Әлден 
ұрма, ақша бітсе шашып жүреді, тұра бара не болады?!» Әкем сонда ӛгей 
шешеме жай ғана: - Е, ақша дегеннің ӛзі шашуға шығарылған нәрсе де, - деп 
тастады. 


Әкем базардан келе жатқан. Үлкен әпкем мені әкемнің алдынан алып шықты. 
Әкем қоржынды түзулеп, ерге мені отырғызды. Жалма-жан ердің қасынан 
шап беріп ұстай алдым. Әкем ат тізгінін жетектеп келеді. Үйге дейін отыз 
шақты қадам болса да, мен ердің екі жағына алма кезек ауытқып, қоржын 
ішіне сырғып түсе бердім. Әкем рахаттана күліп алып қайтадан ерге 
отырғызады. Әпкем болса қатарласа жүріп: «Қорықпа, қорықпа! Берік отыр!» 
– дейді. 
Әкем маған ата-тегіміздің аты-жӛнін үйретуші еді. 
– Кімнің баласысың? - деп сұрайтын ол. 
– Мен Момыштың ұлымын. 
– Момыш кімнің баласы? 
– Момыш – Имаштың баласы. 
Oсылайша жеті атаға дейін жетелеп отырып санатады. Ал келген қонақ 
ең алдымен, атымды сұрайтын. Сонан соң менің жеті ата жӛніндегі білімімді 
тексеретін. Ел танудың басы, ең алдымен, осылай басталатынын ол кезде кім 
білген.
1. Б.Момышұлының әкесінің жасы 
A) Сексеннің сеңгерінде 
B) Алпысты алқымдады 
C) Жетпістен асқан шағы 
D) Елуді еңсерді 
2. Mәтіннің соңғы азатжолына сәйкес келетін мақал-мәтел 
A) Әке кӛрген оқ жонар.
B) Ӛнерліге ӛріс кең.
C) Жігітке жеті ӛнер де аз.
D) Жеті атасын білмеген жетесіз 
3. Әжемнің әкеме қойған аты 
A) Қара қатпа 
B) Молда бала 
C) Ұста бала 
D) Қара бала 
4. Mәтіннің кіріспесінде автордың әке бейнесін еске түсіруде назар аударған 
тұсы 
A) талапшылдығы 
B) бірбеткейлігі 
C) зеректігі 
D) алғырлығы 
5. Mомыш меңгерген ӛнер 
A) тілмаш, офицер, би 
B) учитель, ардагер, емші 
C) ұста, зергер, етікші 
D) саудагер, сауыншы, ақын 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет