Оқу сауаттылығы нұсқау



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата08.10.2023
өлшемі0,52 Mb.
#113449
1   2   3
Байланысты:
O u-sauattyly y-I-n s a

 


2-мəтін
 
1. Ата-баба ӛнегесі деп қазақ қоғамының қалыптасу тарихынан бастап, 
халықтың ұлт болып қалыптасудағы қасиеттері мен ӛмір сүру тәсілінен 
туындаған рухани құндылықтарды айтамыз. Ұлттық ӛнеге ұлт болмысының 
ерекшелігін, табиғатын, дүниетанымын, дәстүрі мен мәдениетіндегі 
даналықты кӛрсетіп отырады. «Қазақ ӛнегесі» ұғымының мәніне назар 
аударған адамға алдыменен қазақ ұлтының отбасылық мәдениеті мен дәстүрі, 
қарияларымыздың ұрпақтың тілеуін тілеген мінезі, қазақ баласының батыр, 
ержүрек болып есеюі, елдігі, бір сӛзбен айтқанда, елдің ел болудағы 
жетістіктері, кейінгіге үлгі болатын, жӛн сілтейтін іс-әрекеті кӛрінеді. 
2. Қазақ ӛнегесінің бастауы қазақтың кӛне тарихында. Сақтар мен 
түркілердің ӛмір салты, жауынгерлігі, жылқы малын қадірлейтін мінезі қазақ 
ӛмірінде жалғасты. Қазақ жерінен табылып отырған кӛне дәуірдегі 
жәдігерлер бұдан 3000 мың жыл бұрын (тіпті одан да әрі) бүгінгі қазақ 
даласында ӛмір сүрген тайпалардың жылқыны кӛлік ретінде пайдаланып, бие 
сүтінен қымыз ашытқандығы дәлелдейді. Сонау сақтардан арғы уақыттан 
бастау алған қазақтың ұлттық азық-түлік ӛнімдері, оны жасаудың 
технологиясы (мал союда оны жілікке бӛлу, сүт ӛнімдері және т.б.) әлі күнге 
дейін ұлт ӛмірінде жалғасуда. Ұлттың кӛнеден бастау алатын бұндай азық-
түлік ӛнімдерін ӛндіру, пайдалану технологиясымен қатар, ұрпақтың ел 
қорғаудағы жаумен күресу техникасы тағы бар. 
3. Құндылықтар шынайы ғана болады, ол адамға тәуелді емес, дей 
тұрғанмен, ол ең алдымен адам санасында орын алады. Құндылықтарды 
сезім арқылы қабылдап, сана арқылы түсінуге болады, соның нәтижесінде 
тұлға құндылықты игереді, соған сай әрекет етеді. 
4. Ӛз ұлтын қадірлеп, қастерлеген, ұлт қадірін білген азаматтың бірі 
Ж.Аймауытов: «Мен халыққа кіндігіммен байланып қалғанмын. Оны үзе 
алмаймын. Үзу қолымнан келмейді» – дейді. Сырым Датұлы: «Мен 
ағайынды екеумін: бірі – ӛзім, екіншісі – халқым» – дейді. Қазақ халқының 
осындай дәріптеуге, қастерлеуге, дамытуға тұрарлық ұлттық, рухани-
материалдық құндылықтары туралы ұлағатты, құнды ойларын халық 
игілігіне келешек ұрпақты, ел-жұртқа ие болатын азаматтарды тәрбиелеуге 
неге қолданбасқа? Қазақ халқы баланың жамандықтан жиреніп, жақсылықты 
жаны тілеп тұратындай болып ӛсуін ұлт тәрбиесінің негізгі қағидасы етіп 
ұстаған. 
5. Балаларды толыққанды тұлғаға айналдыру үшін ұлттық ӛнеге мен 
ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие берудің маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет