Оқу сауаттылығЫ



Pdf көрінісі
бет19/515
Дата20.10.2022
өлшемі3,95 Mb.
#44422
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   515
E)Тек біріншісі 
Арқар – қой тұқымдасына жататын жануар. Өзінің денесі сымбатты, биіктігі 
125 сантиметрге, салмағы 200 килограмға дейін жетеді. Жазда арқасы мен бүйірі 


ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 
https://vk.com/mega_education
 
20 
қоңыр, бауыр жағы ақшыл түсті келеді. Еркегінде де, ұрғашысында да мүйіз 
болады. Құлжасының мүйізі ірі, бұралып иілген, айшықты, аналығынікі нәзік, өте 
қысқа, бозғылт қоңыр түсті болады. Мүйізіндегі сақинаға қарап жасын анықтайды. 
Арқар негізінен Орта және Орталық Азияның тауларын, Азияның 
оңтүстігіндегі тауларды мекендейді. Арқар – биік тауларда тіршілік етуге бейім
аязға өте төзімді жануар. 
Арқар көбінесе үйір-үйірімен жүреді. Көбіне, көгалды шоқылардың 
арасындағы далалы өңірде жайылады. Қыста салқын түссе, таудың етегіне, көктем 
мен жазда таудың субальпілік белдеуіне қарай аударылады. Бұл мезгілде олар 10-
15-тен топтанып жүреді. Тек жазда көбею кезінде бөліне бастайды, көбіне егіз 
туады. Арқарлардың басты жауы – қасқыр мен барыс. 
Арқар дәмді ет, сапалы тері беретін аң болып саналады. Алайда саны жылдан-
жылға азайып барады. Сондықтан қазір оны аулауға тыйым салынған. Қазақстан 
Ғылым академиясының бір топ ғалымдары арқарды меринос қойымен 
будандастыру арқылы қазақтың асыл тұқымды арқар-меринос қойын шығарды. 
3.Неліктен арқарды аулауға тыйым салынған? 
A)Меринос қойымен будандастыратындықтан 
B)Саны жылдан-жылға азайып бара жатқандықтан 
C)Мүйізі үлкен болғандықтан 
D)Егіз төл беретіндіктен 
E)Суыққа төзімді болғандықтан 
4.Арқардың негізгі жауы нелер? 
A)Сүт қоректілер. 
B)Қос аяқтылар. 
C)Үй жануарлары. 
D)Ет қоректілер. 
E)Шөп қоректілер. 
5.Қазақстан ғалымдары қандай ғылыми жаңалық ашты? 
A)Арқардың тіршілік ету ортасын айқындады 
B)Арқардың мүйізіне қарап жасын анықтады 
C)Арқардың төлдеу ерекшелігін көрсетті 
D)Арқар терісінің сапалылығын дәлелдеді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   515




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет