Оқу сауаттылығЫ



Pdf көрінісі
бет61/515
Дата20.10.2022
өлшемі3,95 Mb.
#44422
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   515
E)Өресінің таяздығынан 
11. Автордың мақаласына түрткі болған жағдай 
A)Өнер ошақтарының санының аздығы туралы 


ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 
https://vk.com/mega_education
 
62 
B)Театрдың ішкі тіршілігімен танысу 
C)Ата-аналардың қамқорлығын көрсету 
D)Өнер ордасына балалардың сирек баруы 
E)Театр қызметкерін таныту 
12. «Ал бізде актер болуды армандайтын кей бала театр көрмей өседі…» 
Автордың айтпақ ойы қандай? 
A)Кез келген арманға қол жеткізуге болады. 
B)Кішкентай балаға театр қызық емес. 
C)Өнер ошағына үлкейген кезде бару керек. 
D)Актер болу үшін театрға бару міндет емес. 
E)Баланы жасынан мәдениетке үйрету керек. 
Сіздің назарыңызға 2 мәтін ұсынылады. Бірінші мәтін – әлем чемпионы
қазақстандық Геннадий Головкиннің журналистерге берген сұхбаты. Екіншісі – 
Геннадий туралы танымал спортшылардың айтқан пікірлері. 
Геннадий Головкиннің сұхбатынан 
(1)«Рингтен тыс жерде менің басқа өмірім бар. (2)Рингтен басқа жерде мен 
жай ғана қарапайым жігітпін. (3)Ал, спорт менің жұмысым, сондықтан мен оған 
өте жауапкершілікпен қараймын. (4)Мәселен, мен кеңседе қызмет етсем, ол жерде 
де дәл солай істер едім. (5)Шаршы алаңға шығу – бұл ойын емес. (6)Мен өз 
жұмысымда 100 пайыз қырағы болуым керек. (7)Өзімді осы 34 жасымда 25 
жасымдағыдай сезінемін. (8)Ал 40 жасымда осы спортта қала алам ба? (9)Мен 
Құдай емеспін. (10)Мүмкін, мен осы кездесуден кейін спорттық мансабымды 
аяқтайтын шығармын. (11)Бұл – бокс. (12)Ал дәл қазір мен өзімді өте жайлы әрі 
сергек сезінемін», – деген боксшының сөздерін Daily Mail басылымы келтірді. 
Былғары қолғап шеберлерінің сөзінен 
Леннокс Льюис, ауыр салмақтағы әлемнің экс-чемпионы: Геннадий әлемдегі 
үздік үштікке кіретін боксшы. Олар – Мэйвезер, Уорд және Головкин. 
Шугар Рэй Леонард, америкалық боксшы: Головкин – бұл күш. Егер, ол 
Коттоға қарсы жекпе-жек өткізсе, жанкүйерлерге нағыз сыйлық болар еді. 
Адриан Гонсалез: америкалық танымал бейсбол ойыншысы: Хулио Сезар 
Чавес менің әр уақыттағы сүйікті боксшым болған. Ал қазір маған Геннадий GGG 
Головкиннің боксы ұнайды. Ол – жақсы боксшы. 
Сауль Альварес: WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы: Головкин – әлемнің 
үздік боксшысы. Алдағы уақытта онымен жекпе-жек өткізгім келеді. 
Джим Лэмпли, HBO телеарнасының комментаторы: Геннадий Головкин – 
Майк Тайсонға ұқсайтын жалғыз боксшы. 
Кіші Рой Джонс, 4 салмақ бойынша кәсіпқой бокстан Әлем чемпионы: 
Геннадий Головкин бокстағы – «құбыжық». Ол орта салмақтағы – жас Майк 
Тайсон. 
Андре Берто, орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы: Геннадийдің қолы – 
балға секілді. Қарсыластарын тек нокаутқа жіберуге арналған сияқты. Оның 
қарсыластары қанша жерден бетін жауып қорғанғанымен, бәрібір нокаутқа 
ұшырайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   515




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет