Оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы әдістемелік нұСҚау хат


Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша ұсыныстар



Pdf көрінісі
бет35/78
Дата13.06.2023
өлшемі1,9 Mb.
#100791
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   78
Байланысты:
әд.нұсқау хат 2023-2024 оқу жылы

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша ұсыныстар
Білім алушының оқу пәндері шеңберіндегі функционалдық сауаттылығы 
дағдыларды дамыту арқылы қалыптасады: 
− тарихи құбылыстар туралы түсініктерін қалыптастыру; 
− құқықтық жағдаяттарды шешуде жауаптарын заң тұрғысынан дәлелдеу; 
− мәселелер, кейстерді талқылау кезінде өз пікірін білдіру; 
− кез келген оң және келеңсіз құбылыстарға баға бере білу; 
− мәтін, сызба, карта түрінде берілген материалдарды талдай білу. 
Тарих сабақтарындағы оқыту процесінде мұғалімдерге тапсырманы 
құрастыру кезінде тарихи және құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға ерекше 
назар аудару ұсынылады: оқытылатын кезеңнің уақыт аясын анықтау, күнді 
ғасырлармен сәйкестендіру, зерттелетін оқиғаның аумақтық кеңістігін картада 
көрсету, тарихтағы тұлғаның рөлін тарихи деректер арқылы, құқықтық 
жағдаяттарды НҚА негізінде талдау. Сонымен қатар, сабақтарда әртүрлі әдістер 
мен тәсілдерді қолдану ұсынылады (мәселен, оқытудың белсенді және 
проблемалық әдістері, зерттеу әдісі, жоба әдісі және тағы басқа). 
Тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру үшін «Қазақстан тарихы», 
«Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша оқыту мынадай тарихи концептілер 
түсініктер) негізінде құрылуы тиіс: 
1) өзгеріс пен сабақтастық (мысалы, белгілі бір тарихи кезеңде қоғам 
қаншалықты өзгерді);
2) себеп пен салдар (мысалы, осы тарихи кезеңдегі саяси процестерге 
қандай негізгі факторлар әсер етті);
3) дәлел (мысалы, белгілі бір тарихи кезеңдегі өнер бізге құндылықтар, 
нанымдар мен технологиялар туралы не баяндай алады);
4) ұқсастық пен айырмашылық (мысалы, оқытылатын кезеңді 
мемлекеттердің саяси құрылысының ұқсастықтары мен айырмашылықтары 
қандай);
5) маңыздылық (мысалы, Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызы 
неде);
6) интерпретация (мысалы , әр түрлі зерттеушілер осы немесе басқа тарихи 
оқиғаны қалай сипаттайды).
Тарихи концептілер негізінде оқыту тарихи оқиғалардың мағыналары мен 
маңыздылығын, процестер мен оқиғаларды «тез түсінуге» бағытталған, бұл өз 
кезегінде пәннің мағынасын терең түсінуге көмектеседі. Тарихи концептілерге 
сүйене отырып, тарихи материалдарды талдау жүзеге асырылады. Нәтижесінде, 
оқушылар тек қана пәндік материалды ғана емес, зерттеу үдірістері және 
дағдылар 
мен 
біліктермен 
байланысты 
комбинацияларды 
игереді 
(материалдарды жинау және реттеу әдістері, сұрақтарды құрастыру және 
дереккөздермен жұмыс жасау үдерісінде проблеманы қоя білу біліктілігі, 
сәйкестендіру әдістері мен дереккөздерді сыни бағалауы, зерттеу жоспарларын 


48 
әзірлеу, материалдарды жинақтау және нәтижелерді тексеру). 7-9-сыныптарда 
картамен жұмысты нәтижелі деңгейде күшейту ұсынылады. Ол үшін тарихи 
дереккөздерді пайдалана отырып, тарихи картаның мазмұнын талдауға 
бағытталған тапсырмаларды қолдану қажет. 
Тарих сабақтарында себеп-салдарлық байланыстарды анықтау бойынша 
тапсырмалар білім алушылардың белгілі бір оқиғалардың себептері мен 
салдарын анықтап қана қоймай, оларды берілген белгілер бойынша (мазмұны, 
уақыты мен рөлі бойынша) жіктей алатындай түрде әзірленуі керек. Бұл білім 
алушылардың әртүрлі себептер арасындағы байланыстарды тауып, оларды 
маңыздылық дәрежесі бойынша саралай алуына мүмкіндік береді.
Тапсырмаларды құрастыру кезінде тарихи дереккөздерді түсіндіру 
дағдыларын дамытуға ерекше назар аудару керек. Білім алушылардың тарихи 
дереккөздермен жұмысы олардың жасы және танымдық мүмкіндіктері, сондай-
ақ дайындық деңгейін ескере отырып, біртіндеп күрделене түсуі керек. Оқу 
процесінде тарихи деректер, аудио және бейне материалдар, иллюстрациялар 
сияқты әртүрлі дереккөздерді пайдалану ұсынылады. 
«Құқық негіздері» пәнін оқытуда практикаға-бағдарланған тәсілді іске 
асыру ұсынылады. Оның мәні алған білімді күнделікті іс-әрекетте тәжірибеде 
қолдану дағдылары қалыптастыру болып табылады. Жаңа тақырыпты зерттеу 
кезінде НҚА жұмыс істеу, нақты заңдық нормаларға сілтеме жасау және білім 
алушылардың өмірлік жағдаяттарды шешуде құқық нормаларын қолдану 
дағдыларын дамыту ұсынылады. Білім алушылардың тиісті сөйлеу мәнерін 
қалыптастыру мен заң терминологиясын дұрыс қолдануға бағыт беру керек. 
Жауаптарын құқықтық тұрғыдан дәлелдеу дағдыларын қалыптастыруға назар 
аудару ұсынылады. Сабақтарда коммуникативтік дағдылар, құқық нормасын 
дәлелді қолдану дағдыларын дамытуға баса назар аудару қажет. Барлық 
тапсырмалар тәжірибелік болуы керек, заңдық құжаттардың қарапайым 
формаларын әзірлеуге бағыт беру ұсынылады 
Пәндерді оқытуда әртүрлі белсенді әдістерді және оқыту стратегияларын 
қолдану ұсынылады. Мысалы: 
- «Кейс стади»: білім алушылардан өз тұжырымдарын жасау, мәселенің 
шешімін табу, өз көзқарасын дәлелдеу, гипотеза ұсыну, зерттеуді жоспарлау 
қабілетін талап ететін проблемалық жағдаяттарды жасау; 
– белгілі бір тақырыптар бойынша «миға шабуыл», «фишбоун», 
«авторлық орындық» әдістерін қолдану; 
– білім алушылардың белсенді қатысуын талап ететін құқықтық 
жағдайларды талқылау; 
– білім алушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту үшін (әртүрлі 
тақырыптар бойынша талқылау және пікірсайыс) цифрлық ресурстар мен 
компьютерлік 
коммуникация 
(мәселен, 
онлайн-форум, 
конференция, 
виртуалды-музей экскурсиялары) құралдарын пайдалану. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет