51
Сонымен қатар, тарихи мұрадағы мәселелер мен қарама-қайшылықтардың
бар екендігін біледі, тарихи процестердің заңдылықтарын анықтауға және
олардың одан әрі дамуын болжауға үйренеді.
Сабақты құрылымдау кезінде жалпыадамзаттық құндылықтарды
қалыптастыру, жағымды мысалдар арқылы
құқық нормаларын құрметтеу,
өмірлік жағдайларды қарастыру, қоғамдық процестерді құқықтық реттеудің
артықшылықтарын көрсетуге ықпал ететін оқыту тәсілдері мен белсенді
әдістерін қарастыру қажет. Мысалдар зерттелетін тақырып аясында болуы керек.
Құқық нормаларымен реттелетін қажетті мінез-құлықтың пайдасын көрсететін
оң тұжырымдарды қамтуы керек. Қазақстанның
тәуелсіздігін жариялаудың
тарихи маңыздылығы, қазақ қоғамындағы демократиялық процестердің
маңыздылығын көрсететін мысалдар келтіру ұсынылады.
Құндылыққа бағытталған тәсіл бойынша сабақты құрылымдауда:
- қазақтардың
әдет
құқығы,
қазақ
халқының
салт-дәстүрлері
мысалдарына ерекше
назар аудару;
- нормативтік-құқықтық актілермен жұмыстың жүйелілігіне, Жаңа
тақырыпты зерттеу аясында білім алушылар өз дәлелдерін заңның нақты
нормаларына сілтеме жасай отырып құруына;
- мысалдар әлеуметтік тұрғыдан пайдалы пен құқықтық реттеудің
тиімділігін көрсетуіне;
-
құқықтық құжаттармен жұмыста, ауызша және жазбаша тапсырмаларды
орындау кезінде құқықтық терминологияны дұрыс қолдануға;
- заңда қарастырылған құқықтар мен міндеттерді бұзғаны үшін заңды
жауапкершіліктің болуын дәлелдейтін мысалдар келтіруге көңіл бөлу
ұсынылады.
2- кесте. «Қазақстан тарихы» оқу пәні бойынша құндылыққа бағытталған
тәсіл негізінде
құндылықтарды қалыптастыру
Құндылық: Қазақстан тәуелсіздігі және Астана
Оқу мақсаттары
Оқытудағы іс-әрекет
«Қазақстан Республикасының
тәуелсіз
мемлекет
ретінде
жариялануының
тарихи
маңызын түсіндіру»
- 1990 жылғы «Қазақ КСР-ның Мемлекеттік егемендігі
туралы Декларациясы» мен 1991 жылғы «Қазақстан
Республикасының
Мемлекеттік
Тәуелсіздік
туралы
Конституциялық заңын» салыстырып ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын анықтайды, тұжырым жасайды.
- «Тәуелсіздік
туралы
Конституциялық
Заңы
қабылдануының тарихи маңызы неде» атты тақырыпта
шағын эссе жазады
«Астананы
жаңа Қазақстанның
өркендеуінің нышаны ретінде
бағалау»
- Түрлі деректерді қолданып, ҚР Елордасын көшіру
себептерінің тізімін жасайды.
- Бес-алты себепті маңыздылығына қарай «пирамидаға»
орналастырады. Таңдауларын түсіндіреді
Бұл тәсіл білім алушылардың жеке құндылықтар жүйесін
мақсатты
қалыптастыру, оқиғаларды тарихи талдау және түсіндіру дағдыларын дамытуға