54
тұжырымдаманы жүзеге асыру құралдарын таңдауға ынта мен дағдыларды
қалыптастыруды ұйымдастырады.
Бейнелеу өнері пәні бойынша мұғалім білім алушыға мұқият таңдалған іс-
шаралар мен тапсырмалардың көмегімен жүзеге асырылатын дамытушылық
және ынталандырушы оқытуды үйрету.
Музыка пәні бойынша мұғалім білім алушыға - өнермен қарым-қатынас
жасауға, көркем шығармалардың мазмұны мен мәнерлі құралдарын талқылауға
және орындауға құштарлығын ашуына бағыт беру;
Келесі пәндер бойынша талап етілетін ұсынылатын құзыреттер:
Музыка пәні бойынша
- қазақтың дәстүрлі музыкасының озық үлгілерімен, Қазақстан
халықтарының шығармашылығымен, әлемдік классика және қазіргі заманғы
музыкамен таныстыру негізінде білім алушылардың музыкалық қабілеттері мен
орындаушылық және шығармашылық белсенділігін дамыту;
- орындаушылық шеберліктерін дамыту – вокалдық және аспаптық: таза
интонация, ырғақ сезімі, мәнерлі ән айту, шулы аспаптарда ырғақты сүйемелдеу,
домбырада саусақтардың негізгі күйлері мен штрихтары, жеке және ансамбльдік
орындау.
Көркем еңбек пәні бойынша
- өнер мен дизайнның мәнерлі құралдары арқылы шығармашылық
идеяларды дамыту;
- объектілерді зерттеу, жасау, талдау, көркемдік түрлендіру процесінде
білімалушылардың шығармашылық және сыни ойлауын дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: