Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым минимтрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
«Психология және арнайы педагогика» кафедрасы
Оқу тәрбиелік практика есебі
6В01910 – «Дефектология» мамандығы
Орындаған: Жайкхан Сабина
Тобы: ТП-20-2к
Қабылдаған: Бейсенбаева Ғ.К.
Шымкент – 2022 жыл
Мазмұны
Кіріспе
Практикалық объектісін анықтау
Негізгі бөлім
1.Оқу-әдістемелік жұмыс
2.Тәрбие жұмысын ұйымдастыру
3.Жеке тапсырма. Сөйлеу тілінің дамуы
3.1Тілдің негізгі қызметі
3.2Сөйлеу тілінің даму кезеңдері
3.3 Баланың сөйлеу тілі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар
1. Қосымша А. Мекеме жайлы мәлімет
2. Қосымша Б. Топ жайлы мәліметтер
3. Қосымша В. Сабақтар
4. Қосымша Г. Жүргізілген әдістемелер
5. Қосымша Ғ.Фотоотчеттар
Кіріспе
Мен,Жайкхан Сабина,М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің “Психология және арнайы педагогика” кафедрасының 6В01910-Дефектология мамандығы бойынша Тп-20-2к тобының студенті 25.04.2022-29.04.2022жж аралығында педагогикалық практикамда ББ “Оңалту орталығы”КММ өттім.Жалпы практка объектісі бойынша қысқаша мәлімет бере кетсем.
Мекеме атауы: Шымкент қаласы білім басқармасының «Оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Меншік түрі: мемлекеттік.
Алға қойған міндеті: Мектепке дейінгі балалардың психологиялық-физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып тұлғалық түзету мен комплексті жағдай жасауда оқыту мен тәрбиелеу тәсілін және әдісін шыңдау.
Жалпы педагогтар саны: 56
Білімі: жоғары – 53; орта арнаулы – 3
Балалар саны – 160
Топтар саны – 11
кемістігі бар - 6 топ;
нашар еститін – 1 топ;
қимыл қозғалысы бұзылған - 4 топ.
Облыстық оңалту орталығының ашылған уақыты: Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы №47 қаулысының негізінде Шымкент қаласының «Оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесі болып құрылған. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 5 шілдедегі №410 қаулысының негізінде облыстық коммуналдық меншікке қабылданып, Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Облыстық оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып мемлекеттік қайта тіркеуден өткен.
Оңалту орталығы ғимаратының құрылыс ауданы - 1057,8 шаршы метр, жалпы алаңы – 2065,9 шаршы метр, негізгі алаңы – 1312,5 шаршы метр, екі қабатты, күйдірген кірпіштен 1975 жылы салынған. Спорт залы мен акт залы бар.
Жобалық қуаты: - 150 орын,
Мемлекеттік лицензия: 2004 ж. 27 желтоқсан, сериясы АА, №0016060
Тәрбиелік жұмысы:Түзету барысында біздің атқаратын қызметімізбен жұмысымыз,сөйлеу тілінің жалпы дамуы тежелген балалардың тілдік қарым-қатынасын түзету,ауызша сөйлеу тілін дамыту,дыбыстардың дұрыс айтылуы және лексика грамматикалық құрамын қалыптастыру,байланыстырып сөйлеу қабілеттін арттыру.Сонымен қатар сөздік қорын байыту және танымдық іс-әрекеттеріне байланысты тапсырмалар мен жаттығулар жасалады.
Сабағымызды кесте бойынша,балалармен жалпы сабақ аптасына бес рет өтеміз және де жеке дамыту бағдарламасы бойынша сабақтар өтеміз.
Сабақта тілге арналған артикуляциялық жаттығулар,тыныс алу және мимикалық жаттығулары,суретпен жұмыс,ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған тапсырмалар беріледі.Ал апта аяғында балаларға ата-анасымен бірге орындалатын үй тапсырмалары беріледі.
1.Оқу-әдістемелік жұмыс
Практика басталар алдында алдымен университет тарап дайындық жұмыстары жүргiзiлдi. Студенттер тiзiмi жасалды, практикалық базалық кәсіпорны анықталды,әрбір студент практика базаларына топтарға бөлінді. Практика базасына жiберместен бұрын студенттерге конференция өткiзiлдi. Онда практика бағдарламасының орын әдістемесі,есептік кұжаттарды реттеу,практиканың өту тәртiбi, мерзiмi, өту орны айтылды,практиканың мақсаттары мен тапсырмалары,жетекшілердiң студенттердiң мiндеттерi,практиканы бағалау критериийлерi түсiндiрiлдi. Әр студентке күнделiк арналып,жеке тапсырмалар берiлдi.
Бұл тәжірибедегi ең басты мақсаттарым-дефектолог логопед мұғалім ретiнде балабақша жалпы системасымен танысу,мамандардын балалармен жұмыс істеуінде 4 басты кағиданы,яғни бiлiмдiлiк,дамытушылық тәрбиелік түзетушiлiктi бiр жүйеге кiрiктiруiн сырттай бақылау,т.б. Сонымен қатар, тәрбиелік iс-әрекетінің нысаны ретiнде тұтас педагогикалық үдерісті ұғыным субьектiлерi ретiнде мұғалім мен оқушының өзара әрекеттестігін дамытатын оқушы тұлғасын қалыптастырудағы педагогтың баскарушылары ұғынып,теориялық бiлiмiмдi практикалық педагогикалық iс-әрекетте өзара болатын. Бұл практикада мен өз мақсатыма жеттім деп ойлаймын.
Іс-тәжірибе бағдарламасына сәйкес жұмыстар атқардым.
1. Бiрiншi күні практика базасымен таныстым оның тарихымен практика базасының педагог-психологымен таныстым. Практика базасының педагог-психологының кәсiптiк мiндеттерімен таныстым, практика базасының педагог-психологының жұмысының нормативті кұжаттарымен класстарға бөлініп,олармен таныстым, жеке құжаттарды құрастырдым.
2. Екінші күні практика базасы тәрбие жетекшісінің практикалық,педагогикалық жетекшісінен кеңес алдым.Практика базасында педагог-психологтың,тәрбиешiнiң және т.б. көмекшісі ретiнде жұмыстарына араластым. Балалардың әлеуметтік жағдайларын зерттеп шықтым,диагноздарын зерттеп, мiнез-құлықтарымен танысып шықтым, зерттей отырып балаға психологиялық сабақтарды қалай дұрыс жоспарлау керектігін ұғынып, сол бойынша сабақтар құрастырдым.
3. Үшiншi күні инклюзивті білім беру бойынша iс-шаралар өткіздім және денсаулық сақтау инновациялық технологиялары бойынша iс-шараларды құрастырдым. Практика базасындағы жаңартылған білім беру бағдарламасы негiзiнде жұмыс жасадым, бiрнеше ашық сабақтар мен түзету шараларын өткіздім. Ортақ iс-шаралардың нәтижелерiн сынып жетекшімен және тәрбиешімен талқыладым, өз бетіммен практика базасында сынып жетекшiмен және педагог-психологпен психологиялық-педагогикалық iс-шаралар өткіздім.
4. Төртiншi, яғни соңғы күні сынып жетекшімен жеке тапсырма жұмыстарын талқылап, тақырып таңдап алдық, зерттеу жүргiзу әдiстерiн бiрiгiп отырып іріктедік. Жеке тапсырма жұмыстың тақырыбына сәйкес жеке тапсырма жұмыстарын орындадым, практика базасының психологының тапсырмасын орындадым, сынып жетекшiсiнен керектi құжаттарды алдым және мiнездеме алдым. Балабақша психологына жинақталған құжаттарды берiп, мiнездеме алдым.Практика есебiн дайындадым.
2. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру
Балабақша басшысы тәрбие процесін ұйымдастырушы болса, жетекшісі, пән тәрбиеші - тәрбие процесiн жүргiзушi, iске асырушы болып табылады. Сынып жетекшiсi тәрбие процесін ұйымдастыруда өте маңызды жауапты мiндеттерді атқарады. Олар топ оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушысы, шәкірттердiң, ата-аналардың ақылшысы, қамқоршысы. Топ жетекшiсiнiң шәкiрттердiң ата-аналарымен қызметi де үлкен iзденiстi талап ететін такырып. Ата-аналарға шәкірттердiң оқу жұмыстары, тәрбиесiн мәлiмдей отырып ата-аналармен бiрлесiп сол кемшiлiктердi жоюға атсалысады. Топ жетекшісінің тәрбиелiк қызметiнiң жүйесі бар. Ол жан-жақты оқу-тәрбиесiнiң максатымен міндеттерінен туындайтын, өзара байланысты оқу-тәрбие шараларының жиынтығы,сынып жетекшiсiнiң балалармен жүргiзетiн барлық жұмыс бағыттарын (саяси-идеялық, адамгершiлiк, дене, эстетикалық,еңбек тәрбие жұмыстарын)қамтиды.
Балаларды жан жақты тәрбиелеу үшін Топ тәрбиешісі балаларды зерттеп білу қажет.Топ тәрбиешісінің өз қызметін ойлап атқарудың басты шарттарының бірі балалар туралы мынандай мәлімдемелерді білуі қажет:
-Отбасындағы тұрмыс жағдайы;
-iшкi жан дүниесі, рухани байлығы;
-мiнез-құлқы, темпераменті,қабілеті, еркi, зейіні, т.б.
-ата-ана, үлкендермен, құрбыларымен қарым-қатынасы;
-әдептiлiгi, адамгершілігі;
-еңбекшілдігі;
-интеллектуалдығы;
-саяси сауаттылығы;
-эстетикалық талғамы.
Осы айтылғанның бәрiн сынып жетекшісі педагогикалық зерттеу әдiсiн қолдана отырып жинақтайды (бақылау, әңгімелесу,эксперимент, т.б.).о Мен тәрбие жұмысын ұйымдастыру негiзiнде сауалнама, танымдық-дамыту ойындарын, шараларға қатысып белсендiлiгiн дамытатын, қызығушылығы мен әуестігін оятатын сабақ жоспарын құрдым. Танымдық эмоциялық, өзiнiң қабiлетiн, мүмкiндiгiн ашатын, жаңа мәліметтерді жинақтауға арналған сынып сағатын құрап, оны балаларға өттім. Социометриялық әдіс арқылы сынып белсендiлерi мен қамтылмай қалған балаларды бiр-бiрiмен тең жауап берудi қамтамасыз еттім. Топты қызықтыратын мерекелік ашық сабақтар өтiп, қойылымдық iс-шараларды жоспарлап қуыршақ терапиясы арқылы балалармен жұмыс жасадым. Тест, сауалнама арқылы оқушылардың бiлiмiн, зейiнiн дамытуға арналған тәрбие жұмыстарын ұйымдастырдым. Оқушыларды қоғамға дамытуға, еңбекке баулуға, әрекетке баулуға арналған жұмыстар жүргiзiп, ойындар ойнатып, неше түрлі суреттер салдырып және бояттым.
3.Жеке тапсырма.Сөйлеу тілінің дамуы
Кіріспе......................................................................................................................................3
Негізгі бөлім...............................................................................................................................4
Тілдің негізгі қызметі...................................................................................................5-6
Сөйлеу тілінің даму кезеңдері………………………………………………………..6-8
Баланың сөйлеу тілі…………………………………………………………………8-10
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
IX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында сөйлеу тілінің онтогенезіне зерттеу нәтижелері көптеген психологиялық әдебиеттер қарастырыла бастады. Оған өз балаларының сөйлеу тілінің дамуына бақылау барысында жазылған. Тәннің «Баланың сөйлеу тілін меңгеруін бақылау (1876), В. Прейердің «Бала жаны» (1882), И.А. Сикорскийдің «Бала жаны» (1880) басылымдары зор әсер тигізді. XX ғасырдың басында Россияда орыс балаларының сөйлеу тілінің даму проблемаларымен шұғылданған бірнеше мекемедер ашыла бастады. 1912 жылы Б.П.Кистерманның «Балалардың
сөйлеу тілінің дамуын бақылау жобасы» жары көрген. Баланың сөйлеу тілінің даму кезеңдері бойынша мағұлымат жинауға, сөйлеу тілінің жеке жақтарын сипаттауға, балалар мен ересектердің сөйлеу тілінің ерекшеліктері мен айырмашылықтарын ажыратуға мүмкіндік туғызды.
Орыс тілін менгеруге арналған зертеу жұмыстарының кемшіліктерін талдай отырып А.Н. Гвоздев 1921-1929 жж. өз ұлының сөйлеу тілін күнделікті бақылап жазып отыруға бағытталған жұмыс жүргізеді, соның нәтижесін қазіргі кезеңде баланың сөйлеу тілін зерттеушілер кеңінен қолданады. Зерттеу нәтижесінде жиналған мағлұматтарды Н. Гвоздев мынандай үш бағытта талдады: фонетика, синтаксис пен морфология, сөз қоры. А.Н. Гвоздевтің зеріттеуінің ғылыми маңызы-баланың сөйлеу тілінің дамуымен алдымен лингвистикалық тұрғыдан қарастырылуы болып табылады.
Осы кезеңде баланын ана тіпін меңгеруін алғаш сөилеу тілінің даму кезеңдерін сипаттауға әрекет жасалған көптеген жұмыстар шыға бастады. Ең алғашқы сөйлеу тілінің кезеңдері ( периодизация) В.Штернің орыс тілінде шыққан жұмысында толық қарастырылған 1914 жылы шыққан «ерте жастағыдан 6 жасқа дейінгі балалар психологиясы» жұмысында В.Штерн былай бөледі: алғашқы саты (1 жас), бұл кезеңдег балалар былдырлап сөйлеп, дыбыстарды екіктеп, қарапайым сөйлемді түсіне бастайды, содан соң (4 кезең).
Бірінші кезең (1 жас-1жас 6 ай) біз сөзден тұратын сөйлем деп қарастыруға болатын, мазмұны бар дыбыстың реакцияларымен сипатталады.
Екінші кезең (1 жас 6 ай- 2 жас) сөз қоры өседі. Сөйлем бірнеше сөздерден тұрады. Сөз топтары туралы түсінік пайда бола бастайды.
Үшінші кезең (2 жас- 2 жас 6 ай )жалғау жұрнақтар арқылы сөз өзгерту. Сұраулы, лепті, хабарлы сөйлемдер.
Төртінші кезең (2 жас 6 ай- 4-5 жас) сөйлемнің түрлерін сөз жасам дағдыларын менгере бастайды.
1.Тілдің негізгі қызметі
Тіл және сөйлеу адам тілінің бірыңғай феноменін құрайды. Тіл-бұл ой алмасу және осы құралдарды қолдану ережелері арқылы адамдардың қарым-қатынас құралдарының жиынтығы. Тіл сөйлеуде өз көрінісін табады. Тіл – қолда бар тілдік құралдар мен ережелерді адамдардың тілдік қарым-қатынасында пайдалану; тілдің қызмет етуі.
Тіл мен тілдің арақатынасы, ерекшеліктері:
1) тіл – бұл қарым – қатынас құралы; сөйлеу-сөйлеу арқылы өзінің Коммуникативтік функциясын орындайтын тілдің іске асырылуы және іске асырылуы;
2) тілі абстрактен, формальды; сөйлеу материалдық, ол тілде бар барлық нәрселерді түзетеді, ол есту арқылы қабылданатын артикуляцияланатын дыбыстардан тұрады;
3) Тіл тұрақты, тұрақты; сөйлеу белсенді және динамикалық, оған жоғары вариативтілік тән;
4) тіл қоғамның игілігі болып табылады, онда сөйлейтін халықтың “әлем бейнесі” бейнеленеді; сөйлеуі жеке, ол жеке адамның тәжірибесін ғана бейнелейді;
5) тілге иерархиялық қарым-қатынас сөздерінің бірізділігіне енгізетін деңгейлік ұйым тән; ;
6) Тіл қарым – қатынас жағдайы мен ахуалына тәуелсіз-сөйлеу мәнмәтіндік және жағдаяттылықпен негізделген, сөйлеуде (әсіресе поэтикалық) тілдердің тілінде жоқ (“золотая роща Березов веселый языком” (С. Есенин) ахуалдық мағыналарды ала алады.
“Тіл” және “сөйлеу” ұғымдары жалпы және жеке: Жалпы (тіл) жеке (сөйлеу) түрінде көрінеді, жеке (сөйлеу) жалпы (тілдің) жүзеге асыру және іске асыру нысаны болып табылады.
Тіл барлық адам қызметімен тығыз байланысты және әртүрлі функцияларды орындайды.
2.Сөйлеу тілінің даму кезеңдері
Баланың сөйлеу тілі туа біткен процесс емес екенін көптеген авторлар дәлелдеген. Ол онтогенез барысында адамның әлеуметтік дамуымен байланысты. Сөйлеу тілінің дамуы мидің орталықтарының және оларды жалғайтын жолдарының қалпына, баланың ой-өрісі мен дене дамуына байланысты болады.
Баланың сөйлеу тілі дамуын зерттеген ғалымдардың көпшілігі (А. Н. Гвоздев, Г. А. Розенгард-Пупко, А. Н. Леонтьев) екі негізгі кезеңге бөледі: сөйлеу тілі шыққанға дейінгі (баланың туылған кезінен бір жасқа дейін) және сөйлеу тілі шыққан кезен (бір жастан кейін).
Сөйлеу тілі шыққанға дейінгі кезеңді дайындық кезен, деп атайды. Өйткені бұл кезде баланың сөйлеу тілін меңгеруге дайындық жүреді. Баланың туылған кезінен бастап дауыс реакциялары пайда болады.Олар айқай және жылау. Бірақ бұлар әлі де адамның сөйлеу тілінің дыбыстарынан бөлек. Сонда да айқай да, жылау да, сөйлеу аппаратының үш бөлігінің (демалу, дауыс шығару, артикуляция) әр түрлі қимылдарының дамуына әсерін тигізеді. Екі аптадан кейін бала айналасындағы сөйлеген адамның дауысына назар аударады, жылауын қояды, адамдар оған сөйлегенде «тыңдайды». Бір айдың аяғында баланы әлдилеп жұбатуға болады. Сөйлеген адамға басын бұрып және оның артынан көзімен қарайтын болады. Интонацияға (дауыс ырғағына) реакция береді: жылы және қатты сөйлегенді сезеді. Бұл кезде баланың уілдеуі әр түрлі интонациямен шығады. Ең бірінші пайда болатын дауысты дыбыстар (а, о, у, э). Содан кейін еріндік дыбыстар (б,п,м) пайда болады. Бұл физиологиялық ему процесіне байланысты. Ең соңында шығатын тіларты дыбыстар (к,г,х). Бұл физиологиялық жұту процесіне және тілдің түбінің көтеріңкі болуына байланысты (баланың шалқасынан жатуы). Уілдеу баланың еркіне байланысты емес. Ол өз бетімен пайда болады (рефлекторлы). Баланың 5-6 айында былдыр пайда болады (ба-ба-ба, ма-ма-ма, па-па-па, т.б.).
Былдыр дегеніміз белгілі дыбыстық комплекстердің, дауыссыз және дауысты дыбыстардың тіркестерінің пайда болуы. Уілдеу мен былдыр қарым-қатынас қызметін атқармайды.
7-8 айында бала ересектердің сөйлеу тіліне еліктейді. Бала естіген дыбыс тіркестерін заттармен және олардың іс-қимылдарымен сәйкестендіреді (тик-так, бух, бах). Бала міндетті түрде айналада тек қана дұрыс сөйлеу тілін есту керек. Бірақ бала әлі де ситуацияға, интонацияға, сөзге бір реакция береді. Ал 10-11айында сөздің өзіне реакция беретін болады (ситуацияға және интонацияға сүйенбей ақ). Бірінші жылдың аяғында балада алғашқы сөздер пайда болады. Осы кезеңде баламен жиі қарым - қатынаста болу керек. Баланың сөйлеу тілінің дамуы оның жеке ерекшеліктеріне байланысты. Бір бала бірнеше сөз айта алатын болса, екінші бала он шақты сөз қолданады. Бұл баланың соматикалық жағдайына, нерв жүйелерінің түріне, тәрбиесіне, т.б. байланысты. Баланың алғашқы сөздері шыққаннан бастап дайындық кезеңі аяқталады.
Сөйлеу тілі шыққан кезең өзара үш кезеңнен тұрады. Мектеп жасына дейінгінің алдынғы кезеңі бір жастан үш жасқа дейін созылады. Сөйлеу тілі оны құрайтын компонентері бойынша дамиды: дыбыс айтуы, сөздік қоры, грамматикалық құрылысы.
Сөйлеу тілінің фонетикалық жағының дамуында баланың күнделікті еститін сөйлеу тілінің маңызы зор. Бала осы кезде айналада тек қана дұрыс сөйлеу тілін естуі керек. Бұл кезеңде бала дыбыстарды алмастырып, шатастырып, бұзып айтады, немесе мүлдем айтпайды.
Баланың бірінші сөздері жалпылама мағынада қолданылады (бір сөзбен немесе дыбыс тіркестерімен бала затты, сезімін, өтінішін білдіреді). Мысалы, «су» деген «мынау су», «су бер», «су суық» дегенді білдіруі мүмкін. Баланы тек жағдайға (ситуацияға) қарай түсінуге болады. Сондықтан бұны ситуациялық сөйлеу деп атайды. Бұндай сөйлеуде бала ишара және мимика көп қолданады. Баланың сөздік қорының дамуы 2-3 жастың арасында белсенді болады. Әр түрлі авторлар баланың сөздік қорының толуы жайында әр түрлі сандық мәліметтер береді. Ең көп таралған мәліметтер мынандай:
1 ж.6 айда-10-15 сөз;
2 ж. соңында – шамамен 300 сөз;
3 ж. қараған шағында -1000 сөздің көлемінде.
3 жасқа қараған шағында балада сөйлеу тілінің грамматикалық жағы қалыптаса бастайды. Алғашқыда бала өзінің өтініштерін бір сөзбен білдіреді, содан кейін-қарапайым фразалармен. («Апа Мина шай іш» -Апа, Амина шай ішеді.).
Осы кезеңде балалардың ересектерді түсінуі сөйлеу қабылетіне қарағанда жоғары болады.
Келесі кезең – мектеп жасына дейінгі (3жастан 7 жасқа дейін).
Сөйлеу тілінің фонетикалық жағының қалыптасуының ерекшеліктері: 3 жаста «ш», «ж,» «ч», «щ» дыбыстары «с», «з» дыбыстарына, «щ» дыбысы «ч» ,«ть», кейде «т», «д» дыбыстарына алмастырып айтылады. Ысқырық дыбыстарды айтқан кезде тісаралық, тістөңіректік («с»=«т», «з»=«д»), еріндік-тістік ((«с»=«ф», («з»=«в») сигматизм байқалады. «Р», «л» дыбыстары «й», «ль» дыбыстарына, «қ», «г», «х» дыбыстары «т» немесе «д» дыбыстарына алмастырып айтылады.
4 жаста дыбыстардың айтуы тұрақсыз болады. Ысқырық дыбыстардың айтылуында тісаралық сигматизм байқалады. Жеке ызың дыбыстар дұрыс айтылады. Сонорлы «р», «л» дыбыстары әліде дұрыс айтылмайды, олар «й», «в» дыбыстарына алмастырылып айтылады.
Ысқырық, ызың және «к», «г», «х» дыбыстары 5-6 жастағы балада қалыптасқан болуы керек. Ал артикуляциясы күрделі «р» дыбысы 7 жасқа дейін қате айтылуы мүмкін.
Сөйлеу тілінің сөздік қорының дамуы: алғашқыда бала тек қана сөздің номинативтік функциясын менгереді. Сонымен қатар етістіктерді қолдана бастайды. Кейін басқа да грамматикалық категорияларды игереді: сын есім, есімдік, үстеу. А. Н. Гвоздевтің айтуы бойынша 3 жастағы балада грамматикалық негізгі категориялары толық қалыптасады. 4 жастағы бала өз тілінде жай және күрделі сөйлемдерді қолданады. 5 жастағы бала қосымша сұрақтарсыз тыңдаған әңгіменің мазмұнын өз бетімен айтып бере алады.
Осы жаста баланың фонематикалық қабылдау қабілеті де дамиды: алғашқыда бала дауысты және дауыссыз дыбыстарды, кейін-жіңішке және жуан дауыссыздарды, сонорлы, ысқырық, ызың дыбыстарды ажырата бастайды. 4 жасында қалыпты дамыған бала ана тілінің барлық дыбыстарын ажырата алуы керек, яғни оның фонематикалық қабылдау қабілеті толығымен дамыған болуы қажет.
Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысының дамуы үш кезеннен тұрады: аморфты түбір-сөздерден тұратын сөйлемдер (1 кезең), сөйлемнің грамматикалық құрылысын игеру (2 кезең), ана тілінің морфологиялық жүйесін игеру (3 кезең).
Мектеп жасындағы кезең (7-17 жас).
Бұл кезеңде баланың сөйлеу тілі дамуының ерекшелігі - сөйлеу тілін саналы түрде игеруі. Балалар дыбыстық талдауды, грамматикалық ережелерді толығынан меңгереді. Сөйлеу тілінің жаңа түріне-жазбаша сөйлеу тіліне бастаушы роль беріледі.
Сонымен, мектеп жасында баланың сөйлеу тілінің қайта құрылуы байқалады - тіл дыбыстарын қабылдап, ажыратудан бастап сөйлеу тілінің барлық құралдарын саналы түрде қолдануы.
Әрине, әр кезең келесі кезеңге бір қалыпты ауысады. Баланың сөйлеу тілінің дамуы қалыпты және уақытынша өту үшін, оған жағымды жағдай болу керек: баланың соматикалық және психикалық денсаулығы мықты болуы; ойлау қабілеті қалыпты; есту және көру қабілеті қалыпты; қоршаған сөйлеу ортасы дұрыс болуы керек.
Шетел ғалымы П. Менюк сөйлеу тілінің дамуын өзгеше қарастыра отырып, оны 5 кезеңге бөледі: бірінші кезеңде (сөйлеу тілі шыққанға дейіннен былдырға дейін) айқай мен алғашқы вокализациясы бастапқы болады. Бұл кезеңде негізгі назар дауыс реакцияларының интонациялық сипатына аударылады. Баланың айқайына анасының жауабының маңыздылығы зор екенін ескереді. Сөйлеу тілі дамуының бірінші кезеңінде балалардың акустикалық тітіркендіргіштерді ажырату мүмкіндіктері байқалады.
Екінші кезең – «былдыр кезеңі». Бұл кезде балада дыбыстық белсенділігі дамиды, өз айқайын бақылай бастайды, әрі қарай есту түйсігінің (есту анализаторы арқылы әр түрлі дыбыстарды қабылдап, ажыратып, бойға сіңіру процесі) дифференциациясы байқалады.
Үшінші кезең-бір сөздік деңгейде қарым- қатынасқа түсу. Осы бастан баланың сөйлеу тілінің нақты дамуы басталады. Сөйлеу тілін қабылдауында да, сөйлеуінде де сапалы өзгерістер байқалады. Балада айтылған сөздің ұзақтылығын байқай алатын мүмкіншілік туады. Моторлы және сенсорлы сөйлеу тіл арасында алғашқы рет өзара байланысы пайда болады.
Төртінші кезең – екі сөздік деңгейде қарым-қатынасқа түсу. Бұл синтаксистің дамуының бастауыш кезеңі. Сөйлеу тілінің грамматикалық категорияларын меңгеруі бесінші кезеңде басталады.
Қарастырылған кезеңдерге бөлу сөйлеу тілінің дамуының кешеуілдеу және бұзылуының механизмін түсінуге мүмкіншіліктерін кеңейтеді.
Бала 1-3 жас аралығында тілі шығып, тілдік қоры молайып, даму үстінде болады. Алғашқы кезде бала айналасындағы жақын адамдарына сұрақ қою арқылы өзіне ақпарат жинайды. Соның негізінде бала тілі дамып, сыртқа шыға бастайды. «Алғашқы кезде сәбидің сөзі үлкендердің сөзіне аздап қана ұқсайтын болады. Мұндай сөзді дербес (автономиялық) сөз деп атайды. Тіпті кейде үлкендер пайдаланбайтын сөздерді де қолданады» [2,104] дейді Ж.Қ.Дүйсенова мен Қ.Н.Нығметова. Расымен бала тілі негізінде сөйлеу, есту мүшелеріне, ойлау, түйсіну қабілеттеріне тікелей байланысты. Артикуляциялық мүшелері сөйлеу үдерісіне дайын болуына дейін бірнеше кезеңнен өтеді. Сол себепті бала бірден естіген сөзін қайталай алмайды. Мысалы: баланың сәбилік кезеңнің алғашқы кезінде «тамақ» сөзін «намақ» деп «т» дауыссыз дыбыстың орнына «н» дыбысын қойып немесе «алма» сөзін «ама» деп қысқартып айтуы қателік болып саналмайды. Дегенмен, баланың психологиялық және физиологиялық даму қарқынына да назар аудару керек. Себебі көбіне ата-әжесімен коммуникацияға түсетін балалардың тілі тез дамиды, ал балабақшадағы өзі сияқты тілі енді шығып келе жатқан балалардың арасында жүрген сәбилердің тілі баяу шыға бастайды. Баланың ойлау қабілетін дамыту арқылы танымы кеңейе түседі. Таным деңгейі жоғары баланың тілі тез дамиды. «Баланың танымы дамыса, онда тілі де дамиды» [3,48] дейді ғалым С.Н.Цейтлин.
Бала үлкеннің сөзін қайталап айта бастаған кезінде көбіне фонетикалық қателіктерді жасайды. Сәби «сабын» сөзін «шабын» деп немесе «шар» сөзін «сар» деуі мүмкін. Баланың тіліндегі ауысып отыратын дыбыстар өте көп кездесіп жатады: «р» мен «л» (радио – ладио), «р» мен «и» (Айбатыр – Айбатыи), «ж» мен «д» (жоқ – доқ), «т» мен «н» (тамақ – намақ), «б» мен «п»(банан – панан), «в» мен «б» (автобус – абтобус) және т.б. Бұл қателіктердің негізінде артикуляция мәселесі жатыр.
3.Баланың сөйлеу тілі.
Бала 1-3 жас аралығында әрбір естіген сөзін түйсініп, сыртқа шығарады. Яғни, бала белгілі бір негіздемеге сүйене отырып, сөзін ой жүйесінен шығарады. А.Леонтьевтің пікірінше, бала сөйлегенде алдын ала оны ой жиегінен өткізеді, сол ой дыбыс не сөз болып үдеріске айналады [4,165]. Мысалы: 2 жасар Бекболат есімді бала допты «теп-теп» деп атайды. Баланың допты «теп-теп» деп атауына «тебу» сөзі түрткі болып тұр. Бір жағынан бала қандай бір грамматикалық заңдылыққа немесе лексикалық уәжге сүйеніп айтып тұрған жоқ, себебі оның жасы небәрі екіде. Бірақ бала допты тебетінін түсініп тұр. К.И.Чукотский «Ересектерде барлығы сатылымға дайын көйлектері бар дүкен сияқты. Ал балаларда енді өңделіп, тігіліп жатқан шеберхана секілді» деген. Әрбір бала көптеген жаңа сөздерді, қолданыста бар сөздердің жаңа формасын құрастырып жатады. Әрине, ондай мысалдар күнделікті тұрмыста өте көп кездеседі. Бұндай құрылымды сөздердің негізінде уәж жатыр. Ж.Аймауытовтың «Психология» атты еңбегінде осы мәселе жайында айтылған. «Жүре-жүре бала ішкі тілегін сыртқа шығару үшін дыбысқа еліктейді. Сиырды «мө-ө», қойды – «ма», мысықты – «мияу», итті – «ау-ау» дейтін болады» дейді ғалым [5,171]. Бұл тұста уәж мәселесіне тоқталмау мүмкін емес. Уәждеме - тіл арқылы аталған заттың немесе құбылыстың бір белгісінің көрінісі екені белгілі. Демек, бала естігенін дәл сол күйінде шығарады. Мысықтың мияулайтыны, сиырдың мөңірейтіні, қойдың маңырайтыны - бәріне белгілі әрекет. Бала құлағымен естігенін дыбыс не сөз күйінде сөйлеу әрекетінде қолданады.
1-3 жас аралығында бала тілінде кездесетін көптеген жаңа атаулар бар: доп – теп-теп (1,5 жас), шалбар – бұттық (3 жас), футбол – гол (2 жас), телефон – але (1,5 жас), теледидар – мутик (2 жас), мысық – нау (мияу) (1,5 жас), көкірек – тісте (3 жас), су – шай(1,5 жас), тамақ – ням-ням (1,5 жас), нан – ням-ням (1,5 жас). Келтірілген тілдік деректерге қарап, баланың қалыптастырған жаңа атауларының негіздемесі бар екендігіне көз жеткізуге болады. Әрбір ересек адам допты тебетінін, судың шай сияқты сұйықтық екендігін, мультфильмді теледидардан көретінін, мысықтың мияулайтынын, гол деген футбол ойының термині екендігін, телефонға келген қоңырауға алло деп жауап беретіндігін, шалбарды бұтқа (диалект сөз) киетіндігін біледі. Демек, бала уәжі бар, мағынасы мен қызметі сақталған, бірақ нормадан ауытқыған сөздерді қалыптастырады.
Сондай-ақ бала бір атаумен бірнеше нәрсені айтуы мүмкін. Мысалы, шайды да, шырынды да, суды да «су» деп атайды. Оның уәжі ішу екендігі белгілі.
Бала 1 жас пен 2 жас аралығында «бірсөзді сөйлемді» жиі қолданады. С.Н.Цейтлиннің пікірінше, «баланың алғашқы сөздері – оның алғашқы ойы болады. Бұл – «голофраза» деп аталады [3,209]. Бұл сөз белгілі бір ойды беретін, жағдайды түсіндіретін құрылым». Ғалымның пікірін тілдік деректермен дәлелдеуге болады. Мысалы, бала автобусты көрсетіп «абтобус» дейді. Бұл сөздің негізінде «әне, автобус» немесе «автобус келе жатыр (өтіп бара жатыр, тұр)» сөйлемдері жатыр. Баланың сөздік қорынын аздығынан сөйлемді толық айта алмайды, бір сөзбен жеткізеді. Осылайша бала бір сөзбен бір сөйлемнің мағынасын түсіндіреді.
2 жас шамасындағы бала біртіндеп екісөзді сөйлем құрастыра бастайды. Ғалым С.Н.Цейтлин «Язык и ребенок: Лингвистика детской речи» атты ғылыми еңбегінде баланың сөйлеу үдерісінде қолданған сөйлемдерді бірсөзді, екісөзді, үшсөзді сөйлемдер деп қарастырған [3,210]. «Бұл сөйлемдер - көбінесе субьект пен оның әрекеті («мамам келе жатыр»), әрекет және обьект әрекеті («мама, берші») немесе әрекет және әрекет орны («кітап анда»)» [2,105] дейді Ж.Қ.Дүйсенова мен Қ.Н.Нығметовалар. Тіл білімінде бұндай сөйлемдерді екісөзді сөйлем деп атайды. Бұндай құрылымды сөйлемдерге қарап, бала тіліндегі алғашқы морфологиялық бірліктерді көруге болады. Кейіннен бала жасына сәйкес инсан мен предикат, нысан мен предикат арасындағы байланыс (септік, жіктік, тәуелдік жалғауларын) айқындала түседі.
Қорытынды
Қорыта келе, 1-3 жас аралығындағы бала тілі нормаланған, жүйеленген әдеби тіл қатарында болмаса да, уәжі мен толық мағынасы бар құрылым екені тілдік фактілер арқылы дәлелденді. Жоғарыда айтылған тұжырымдардан бала тілі лингвистикасын зерттеудің өзектілігі көрінеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. М.Қ.Бапаева. Даму психологиясы. – Алматы, 2014.
2. Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова. Балалар психологиясы. – Алматы, 2012.
3. С.Н.Цейтлин. Язык и ребенок: Лингвистика детской речи. – Москва, 2000.
4. А.А. Леонтьев. Слово в речевой деятельности. –Москва, 2006.
5. Ж.Аймауытов. Бес томдық шығармалар жинағы. 4 том. - Алматы, 1998.
Достарыңызбен бөлісу: |