Оқу тобы: пмно-20-1м Оқытушы: п.ғ. к., доцент М. К. Жайлауова


оқу орындарында қолданудың төмендегі мақсаттарын айқындайды



бет12/12
Дата06.01.2022
өлшемі104,55 Kb.
#15564
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
17-18 лекция жоғары мектеп

оқу орындарында қолданудың төмендегі мақсаттарын айқындайды:
  • оқу пәнінің мақсаты мен тұжырымдамасын безендіру (иллюстрациялау);
  • оқыту үдерісіне студенттердің белсенді араласуын қамтамасыз ету;
  • әрбір ойынға қатысушының жеке өсуін жеңілдету;
  • қабылдауды күшейту, яғни “НЕ?” деген сұрақ пен “ҚАЛАЙ?”, “ҚАШАН?” деген

  • сұрақтардың арасындағы тоқырауды азайту;
  • мотивацияны көтеру, проблемалық сұрақты шешу үшін “жоспар” мен “құрылымды”

  • дайындап алу;
  • бір-бірімен қарым-қатынасты белсенді түрде жүргізу (тұлғааралық және

  • топаралық қарым-қатынасты берік қалыптастыру);

    жоғары оқу орындарында ойынды қолданудың жалпы мақсаты білімділік,

    тәрбиелік және дамытушылық сипатта болуы тиіс.

    Ойындық әдістер

    Мәселені көтеру, қарама-қайшылықтарды анықтау, білімді

    проблемаландыру оқу үдерісі секілді ежелден келе жатқан оқытуды белсендіру

    түрлері болып табылады. Дегенмен оқытудың белсенді әдістерінің дәстүрлі оқытудан

    түбірлі өзгерісі бар. Егер дәстүрлі әдістерді қолдана отырып, жаңа білім беріліп,

    соңынан оны бекіту мақсатында жаттығулар, тапсырмалар берілсе, оқытудың

    белсенді әдісін қолдану арқылы студенттің алдында бірден мәселе көтеріледі де,

    білім алу оқытушының көмегімен студенттің өзіндік ойлануы арқылы жүзеге асырылады.

    Проблемалық_әдіс_шығармашылық_ойлауды'>Білімнен проблемаға өтуге емес, проблема арқылы білімдену-бұл проблемалық

    оқытудың басты ұраны болып табылады. Проблемалық әдіс шығармашылық ойлауды

    дамытуға ықпал жасайды. Проблемалық жағдаятты шешу қашан да шығармашылық

    сипатта болады. Нәтижесінде студент белгілі бір біліммен қаруланады,

    сондай-ақ табысқа жету арқылы оның бойында өзіне деген сенімнің, қанағаттану

    сезімінің, оң эмоциялық көңіл-күйдің орнығуының шешуші көзі болатыны

    анық. Осындай сезімдерге бөленуге деген талпыныс пен қажетсіну

    бұрынғы бар танымдық мотивтерді дамытып,

    жаңасын меңгеруге итермелейді.

    Проблемалық

    әдістер

    Проблемалық оқытудағы негізгі қиыншылық-проблемалық тапсырмаларды

    таңдау, ол тапсырмалар төмендегі талаптарға жауап беруі тиіс:
    • білім алушының қызығушылығын туғызу;
    • түсінікті, ұғынымды болу;
    • кәсіптік ойлауды дамыту;
    • Оқу жоспарлары және бағдарламалары негізінде пәндік білім беру.

    • Оқытушы оқытудың барлық формасы мен әдісін проблемалыққа айналдыруға

      болмайтынын ескеру керек. Біріншіден, бұл мүмкін емес, өйткені проблемалық әдістер

      уақытты да, материалдық шығынды да қажет етеді. Екіншіден, олар міндетті түрде

      қорытынды және жүйеленген лекциялармен толықтырулары керек.

      Проблемалық әдісті қолдануды әрқашан қажет ететін оқыту формасы бар,

      ол- студенттердің ғылыми- зерттеу жұмыстары.

    Проблемалық

    әдістер

    Назарларыңызға

    рахмет

    Достарыңызбен бөлісу:
    1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет