Оқулық 2 басылым жоғары деңгей Астана, 2018 Қо с ы м ш а диск


Сұхбатты тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап



Pdf көрінісі
бет317/341
Дата25.01.2022
өлшемі10,63 Mb.
#24331
түріОқулық
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   341
3. Сұхбатты тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап 
беріңіз.  
№3
Кәсіпқой қазақ боксшысы Қанат Исламұлы 1984 жылы Қытайда 
дүниеге келген. Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері, Чикагода 
өткен әлем чемпионатының (2007) және Азия ойындарының (2006) 
қола  жүлдегері.  Қытайдың  10  дүркін  чемпионы.  Орташа  жеңіл 
салмақтағы WBA FedeCaribe тұжырымының чемпионы, 2010 жылы 
атамекені  Қазақстанға  көшіп  келіп,  "Астана  Арландары"  кәсіби 
клубында  өнер  көрсеткен.  Қазір  АҚШ-та  Нельсон  промоутерлік 
клуб атынан сайыстарға түсіп жүр. Соңғы 12 жекпе жектің онында 
нокаутпен жеңіске жеткен. 
Қанатпен журналистер кездесіп, екі сұрақ қойды. 
Журналист:  Болашақта  АҚШ-қа  отбасыңызбен  көшіп  бару 
ойыңызда жоқ па?
Қанат:  Ел  көру,  жер  көру  үшін  ертіп  баруға  болатын  шығар. 
Ал  былай,  АҚШ-қа  бір  жола  қоныс  аудару  мүлдем  ойымда  жоқ. 
Америкаға байласа да, қалмаймын. Маған жер бетінде Қазақстаннан 
артық жәннат жоқ.
Журналист:  “Геннадий  Головкинмен  жекпе-жекке  шығу 
мүмкіндігі болса, келісер ме едіңіз?” 
Қанат: Геннадий екеуміз Қазақстаннан шыққанбыз. Екеуміздің 
де  соққымыз  жақсы.  Ол  да  төбелесуден  қорықпайды  және 
төбелесе  біледі.  Біз  бір  елдің  намысын  қорғап  жүргендіктен  екі 
қазақстандықты  бір-біріне  қарсы  қою  керек  емес.  Ал,  егер  халық 
екеуміздің жекпе-жекке шыққанымызды қаласа, мен рингке шығар 
едім. Өйткені, бұл – бокс. Геннадийге тек жеңіс тілеймін. Ол әрдайым 
еліміздің  туын  көкке  көтеріп,  халқымыздың  батыры  атана  берсін 
деп тілеймін.
Сөз  соңында  Қанат  өз  жанкүйерлеріне:  «Қазақстан  жастары 
үйде отырмай шетел асса, еліміздің көк туын желбіретсе, құр босқа 
жүрмей, жұмыс істесе екен деймін», – деген тілек айтты.


313


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет