Оқулық 2 басылым жоғары деңгей Астана, 2018 Қо с ы м ш а диск


Мәтінді тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап



Pdf көрінісі
бет319/341
Дата25.01.2022
өлшемі10,63 Mb.
#24331
түріОқулық
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   341
5. Мәтінді тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап 
беріңіз. 
№5
Тарихшы  Мұхаммед  Хайдар  Дулати  әлемге  кең  тараған 
«Тарихи-и-Рашиди»  атты  еңбегінде  қазақ  хандығының  құрылған 
кезеңі  туралы  құнды  мағлұмат  жазып  кеткен.  Білімді  де  танымал 
тарихшы  ғалым:  «Ол  кезде  Дешті  Қыпшақты  Әбілхайыр  хан 
биледі.  Ол  Жошы  әулетінен  шыққан  сұлтандарға  күн  көрсетпеді. 
Нәтижесінде Керей мен Жәнібек Моғолстанға көшіп кетті. Есенбұға 
хан  оларды  қарсы  алып,  Моғолстанның  батыс  шегіндегі  Шу  мен 
Қозыбас  аймақтарын  берді.  Ол  көшіп  келгендерді  «қазақтар»  деп 
атады.  Қазақ  сұлтандары  870  жылдары  билей  бастады…»,  –  деген 
мәлімет қалдырған. 
870 жыл біздің есебіміз бойынша 1465-1466 жылдар. 2015 жылы 


314
Қазақстанда  қазақ  хандығының  550  жылдығы  тойланды.  Қазақ 
хандығының  құрылуы  туралы,  бұл  оқиғаның  тарихи  мәні  туралы 
Елбасы  Н.Назарбаев:  «...Қазақ  хандығының  құрылуы  Қазақстан 
тарихы  үшін  белесті  кезең...  Бұл  оқиғаның  саяси  һәм  қоғамдық 
мән-маңызы Қазақ хандығының Орталық Азиядағы тұңғыш ұлттық 
мемлекет болғандығында жатыр», – деп баға берді.
Әуелде қазақ хандығының территориясы батыс Жетісу жері, Шу 
өзені мен Талас өзенінің алқабы еді. Жетісу мемлекет бірлестігінің 
орталығына  айналды.  Олардың  саны  200  мың  адамға  жетті.  Міне 
осы территорияның деректемелерінде тұңғыш рет «Қазақтар» деген 
атау қолданылған.
«Қазақ»  деген  сөз  «нағыз  батыр,  ер»  деген  мағынадағы  «хас» 
сөзі мен «сақ» сөзінің бірігуінен шыққан деген болжам бар, мағына-
сы – нағыз сақтар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет