Оқулық 2 басылым жоғары деңгей Астана, 2018 Қо с ы м ш а диск


Тыңдаңыз. Мәтінге қай тақырып сай



Pdf көрінісі
бет327/341
Дата25.01.2022
өлшемі10,63 Mb.
#24331
түріОқулық
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   341
13. Тыңдаңыз. Мәтінге қай тақырып сай 
келеді? Белгілеңіз.            
№13
Соңғы кездері «онлайн-несие» деген пайда болды. Жарнамасы 
жер жарады. Кез келген адамға, тіпті жұмыссыз бен зейнеткерге де 
несие береміз деп кісінің көзін қызықтырады. Олар несиені интернет 
арқылы рәсімдейді. Әлгі шағын қаржы ұйымдарының ғаламтордағы 
сайтына  кірсеңіз,  шынында  да  несие  алу  аса  қиын  емес.  Сілтеме 
арқылы  өтіп,  өтініш  қағазын  толтырасыз.  Төл  құжатыңызды, 
мекен-жайыңызды,  қарызды  қайтару  мерзімін  сұрайды.  Ал  ақша 
карточкаңызға кеп түседі.
Онлайн-несиені  алу  оңай  болғанымен,  оны  қайтару  қиын. 
Жылдық үстеме ақысын айтудың өзі қорқынышты! 900-1000 пайыз! 
Өңіңіз  түгілі,  түсіңізге  де  кірмейді.  Бірақ  қаржыдан  қысылғандар 
ондай кезде пайызын санап жатпайды. 
Мәселен,  қарызға  белшесінен  батып,  жанайқайын  КТК 
телеарнасына жеткізгендер баршылық. Солардың бірі – Қарағанды 
тұрғыны Кристина. Ол интернет арқылы бір ұйымнан 85 мың теңге, 
екіншісінен 200 мың теңге алған. 1 айға деп рәсімдеген несиені дер 
кезінде қайтара алмай, кешіктіріпті. Алғашқысының қарызы 550 мың, 
соңғысы 1 млн 200 мың теңгеге дейін «ғарыштық жылдамдықпен» 
өскен.
Астаналық  Жандос  та  қаржыдан  қысылғанда  жылдам  ақшаға 
жүгінгендердің бірі. Интернет арқылы бір айға 100 мың теңге алып, 
үш есе артық төлеммен әрең қайтарыпты. Бұрынғылар «Оңай келген 
ақша оңай кетеді» деуші еді. Ал онлайн-несие оңай келгенімен, оңай 
қайтпайды. «Қарыз күліп кіріп, жылап шығадының» дәл өзі.


321
Елімізде  онлайн-несие  берумен  айналысатын  15  фирма 
заңды түрде тіркеліпті. Жұмысы да қызып тұрған көрінеді. Қаржы 
ұйымдары  қарыз  берер  кезде  клиент  туралы  мағлұматты  заңсыз 
жинайды.  Негізінде  несие  рәсімдеу  үшін  ақшаға  мұқтаж  кісінің 
жазбаша  рұқсаты  болуға  тиіс.  Бірақ  онлайн  ұйым  бұл  талапты 
сақтамайды. Сондықтан мамандар халыққа интернет арқылы ақша 
аларда аса сақ болуға кеңес береді.
Ұлттық  банк  бұдан  былай  қолы  қысқа,  қалтасы  жұқа  талай 
жанды  қанап  келген  қаржы  ұйымдарына  тосқауыл  қоймақшы. 
Бұдан былай мұндай компаниялар жылдық үстемені 100 пайыздан 
асырмауға  тиіс.  Сондай-ақ  несие  тек  теңгемен  беріледі.  Егер 
шағын  фирма  жаңа  заңда  жазылған  осы  талапты  бұзса,  клиентке 
берген  қарызы  қайтарылмай,  келісімшарттың  күші  жойылады.   
Ұлттық  банк  тіпті  онлайн  фирмаларды  сотқа  сүйреуге  дайын. 
Мұндағы  мақсат  –  интернет  арқылы  несие  беретін  ұйымдарды 
жабу  емес,  азаматтарды  өмір  бойы  қарыз  төлеуден  құтқару.   
Мәжіліс  мақұлдаған  «Валюталық  реттеу  және  валюталық 
бақылау  туралы»  заң  аузы  күйген  адамдарды  қорғайды  деген   
үміт бар. 
(http://jasqazaq.kz)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет