Оқулық 2 басылым жоғары деңгей Астана, 2018 Қо с ы м ш а диск


Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап



Pdf көрінісі
бет322/341
Дата25.01.2022
өлшемі10,63 Mb.
#24331
түріОқулық
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   341
8. Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап 
беріңіз.       
№8
Денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру
 
2018  жылдан  бастап  Қазақстанда  электрондық  денсаулық 
паспорты  жүйесі  кезең-кезеңімен  енгізілмек.  Аталған  жоба 
дәрігерлерге науқастардың денсаулық жағдайын емдеу мекемесіне 
келмей  тұрып  толығымен  зерттеуге,  азаматтардың  бұған  дейін 
науқастанған сырқат түрлерімен танысуға жол ашады.
Науқастар енді қағаз түріндегі жазбаны алу үшін немесе олардың 
денсаулық  жағдайын  сипаттайтын  медициналық  картаға  қол 
жеткізу үшін, емханаларды шарлап, денсаулық сақтау мекемелерінің 
табалдырығын тоздырмайтын болады.
Электронды денсаулық сақтау паспорты аталған олқылықтың 
орнын  толтырып,  дәрігерлерге  науқастың  денсаулығына  қатысты 
барлық «деректі» алдын-ала біліп отыруға мүмкіндік бермек. 
Электронды  денсаулық  сақтау  технологиясы  тұрғындар 
денсаулығын  қашықтықтан  бақылауға,  науқастар  арасындағы 
ақпаратты  жылдам  таратуға  мүмкіндік  береді.  Жалпы,  бүгінде 
науқастар  емханаға  барған  уақытта,  дәрігерге  қажет  жазбаларды 
жинауға  көп  уақыт  жоғалтып  жатады.  Сол  себепті,  электронды 
денсаулық  паспорты  осы  олқылықтың  орнын  толтырып, 
науқастардың  уақытын  үнемдейді,  демек,  емханалардағы  кезек 
мәселесін шешуге жол ашады.
Сондай-ақ,  «Юнисефпен»  бірігіп  әзірленген  «Патронаждық 
мейіргер»  жобасы  қазіргі  таңда  Қызылорда  облысында  арнайы 
бақылаудан  өтуде.  Жобаның  басты  мақсаты  –  жасы  екі  жасқа 
толмаған  жас  аналарға  емхана  көмегіне  жүгінбей-ақ,  мейіргердің 
үйге  келуі  арқылы  бүлдіршін  екпелері,  аурулары,  дамуы  туралы 
ақпаратты ұялы қосымшаға енгізу болып табылады.
(https://kaz.nur.kz)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет