Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Қажымұқан Мұңайтпасұлының спорттағы жетістіктері



бет105/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   251
Байланысты:
О улы 8 аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі

Қажымұқан Мұңайтпасұлының спорттағы жетістіктері. Оның балуандық жолы 1901 жылдан басталды. Сол жылы Омбы қаласында цирк ашылып, француз күресінен чемпионат өткізіледі. Бұл хабар бала кезінен кәсіби балуан болуды армандаған Қажымұқанға да жетеді. Жолда кездескен қиыншылықтарға қарамастан, арманы алға жетелеген бала Қажымұқан Сібірдің Омбы қаласына да келеді. Оған орыстың тұңғыш кәсіби балуандарының бірі Н. Злобинмен белдесудің сәті түседі. Жас Қажымұқанның күшін көрген орыс балуаны оған Санкт-Петербургтегі И. Лебедевтің күрес мектебіне түсуге кеңес береді. 1903 жылы осы мектепке оқуға түсіп, француз күресінің әдіс-амалдарын үйренеді.

1909 жылы Қажымұқан әлем чемпионы, ірі халықаралық жарыстарды ұйымдастырушы Георг Лурихтың спорттық тобына ауысады. Осы кезеңнен әлемдегі ең күшті адамдардың жеңісті сәттері басталады. Сол жылы Германияның Кельн қаласында өткен жарыста немістің атақты балуаны Вейланд Шульцтерді жеңіп, бірінші рет әлем чемпионы атанады. 1910 жылы желтоқсанда екеуі бір топта болғандықтан қазақ балуаны Г. Лурихпен белдесуін тең аяқтайды. Қажымұқан жайлы Г. Лурих былай деп жазды: «Ол қайратты да мығым дене бітімімен, күресте табандылығы, қайсарлығы және сұрапыл күшімен ерекшеленетін»

  1. жылы Аргентинаның астанасы Буэнос-Айресте еркін күрестен өткен жарыста басты жүлде үлкен медалъді жеңіп алды. Атақты түрік балуаны Нұрлыны жеңді.

  1. жылы Орынбор губерниясының Троицк қаласында әлемнің әртүрлі елдерінен келген 18 спортшымен күресіп, жеңіске жетеді. Сол жылы жалпыұлттық «Қазақ» газетінің бетінде мынадай ақпарат жарияланады: «Қазіргі уақытта Петербург пен Мәскеу қалаларындағы, сонымен қатар шетелдердегі өтетін жарыстарга қазақ батыры да қатысуда. Аты-жөні - Мұқан Мұңайтпасұлы. Жасы отызда, кеудесі көптеген медалъдарга толы».

  2. жылы Парижде өткен әлем чемпионатында Қажымұқан тағы да әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Классикалық күрес түріндегі ең құрметті де беделді саналатын «Сигизмунд белбеуіне» екі рет қол жеткізеді.

Ол спорттық жарыстарға қатысуы барысында әлемнің бірқатар елдері: Франция, Германия, Аргентина, Түркия, Иран, Англия, Швеция, Ауғанстан және т.б. болды. Ресей империясының 40-тан астам қаласында: Мәскеу, Санкт-Петербург, Рига, Төменгі Новгород, Түмен, Уфа, Таганрог, Архангельск, Саратов т. б. өнер көрсетті.
Алайда Қажымұқан қазақ халқының ұлы екенін есте ұстады. Өз халқына, оның тарихы мен мәдениеті, салт-дәстүріне құрметін білдіру үшін шапан мен тақия киіп жүрді.
Ол өте адал, парасатты еді. Бірде Парижде өткен әлем чемпионатында Қажымұқан орыстың әйгілі балуаны Иван Поддубныймен кіші және үлкен алтын медаль үшін ақтық сында күресуге тиіс болды. Бірақ ол ағасындай досымен күреспей, жеңісті оған өз еркімен ұсынады. Досы Иван Поддубныйды иығына мінгізіп, аренаны айналып өтіп, оған өз құрметін осылайша білдіреді. Досына қаратып мына сөзді айтады: «Менің халқымның дәстүрі бойынша інісі ағасының жолын кеспеуі керек!» Оған кіші медаль берілсе де, қазақ балуаны барлық жанкүйерлер мен әлем спортшыларының ыстық ықыласына бөленеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет