Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


XIX ғасырдың 80—90-жылдарында әкімшілік реформалардың одан әрі жалғасуы. 1869-1873 жылдары



бет131/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   251
Байланысты:
О улы 8 аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі

4. XIX ғасырдың 80—90-жылдарында әкімшілік реформалардың одан әрі жалғасуы. 1869-1873 жылдары Кіші жүзде болған көтерілістер патша үкіметі жүргізген реформалардың әлі аяқталмаған сипаты бар екенін дәлелдеп берді.
Реформаларды одан әрі жалғастыру қажеттігі басқа да себептерге байланысты болды. Қазақстанның үш генерал-губернаторлыққа бөлінуі Ресейдің еуропалық бөлігіндегі шаруаларды Қазақстанға көшіруге байланысты мәселелерді жедел әрі жүйелі түрде шешуге мүмкіндік бермеді. Орта Азияны Ресей империясына әскер күшімен қосып алудың сәті түсті. Мұның өзі орасан зор кең-байтақ аумақты басқаруды, қайта құруды және қаржы мәселесін үнемдеуді талап етті. Патша үкіметі бұл міндетті қазақ өлкесін Ресейдің өзге бөліктерімен бірте-бірте біріктіру арқылы шешуді жоспарлады. 1867-1868 жылдардағы ережелердің әуел баста-ақ уақытша, яғни өтпелі сипаты болып еді.
1882 жылы Дала генерал-губернаторлығы құрылды. Оның құрамына Қазақстанның Ақмола, Семей, Жетісу облыстары түгел кірді. Жаңа аумақтық құрылымның орталығы Омбы қаласында болды. Орал және Торғай облыстары тікелей Ішкі істер министрлігіне бағындырылды.
Көп жылға созылған талқылаудан кейін Ресей императоры III Александр 1886 жылы Түркістан өлкесін басқару туралы жарлыққа қол қойды. Жаңа Ереже бойынша Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына Сырдария, Ферғана және Самарқан облыстары енді. Кейін оған Жетісу облысы қосылды. Түркістан генерал-губернаторлығының орталығы Ташкент қаласы болды.
XIX ғасырдың 80-90-жылдарындағы әкімшілік реформалар Қазақстанда отаршылдық биліктің рөлін күшейтті. Генерал-губернаторларға шексіз өкілеттік билік берілді. Бұдан «бөліп ал да, билей бер» деген империялық пиғыл айқын аңғарылды. Сөйтіп бұрынғы біртұтас Кіші жүз енді үшке бөлінді. Соның салдарынан оның бір бөлігі Ішкі Орданың, екінші бөлігі Закаспийск облысының, ал үшінші бөлігі Дала генерал-губернаторлығының құрамында болды. Патша үкіметінің мұндай қадамға баруы Кіші жүз қазақтарының қайта-қайта көтеріліс жасай беруіне байланысты еді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет