Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет25/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   251
3. Абылайдың сыртқы саясаты. Абылайдың сыртқы саясаты өзінің икемділігімен әрі алыстан болжайтын көрегенділігімен ерекшеленді. Абылайдың негізгі сыртқы саяси қызметі Қазақстан аумағының ешкім қол сұға алмайтын тұтастығын қамтамасыз етуге бағытталды. Мәселен, Абылай Ресеймен өзара қарым-қатынасында тату-тәтті көршілік саясатын ұстануға тырысты. Ресей мемлекетімен дипломатиялық және сауда байланыстарын орнатты. Өз қол астындағы халықты Ресей әскери қызметкерлерінің орынсыз талаптары мен әрекеттерінен батыл қорғай білді.
Абылай өзінің негізгі күш-жігерін жоңғар шапқыншылығын әлсіретуге бағыттады. Бұл ретте Ресейдің ықпалды әскери көмегі бола ма деген үміті ақталмады. Жоңғарлар Цинь империясымен бейбіт келісім жасағаннан кейін барлық күшін батысқа қарай бұрды. Сөйтіп 1741 жылы қазақтарға қарсы тағы бір ірі жорыққа шықты. Жоңғарлардың тұтқиылдан баса-көктеп енуі салдарынан Абылай олардың қолдарына тұтқынға түсіп қалды. Бұл жайлы Ш. Уәлиханов былай деп жазды: «Менің ұлымды өлтірген сен бе?» деген Галдан- Цереннің сұрағына Абылай: «Ұлыңызды өлтірген халық, мен тек халықтың еркін орындадым» деп жауап беріпті. Жоңғар қонтайшысы Абылай ханды қатаң күзетуге бұйырады. Абылайды тұтқыннан босатып алудың сәті 1743 жылы Жоңғар мемлекетімен бейбіт келісім жасалғаннан кейін ғана түсті.
Галдан-Церен қайтыс болғаннан кейін оның мұрагерлері арасында кескілескен тақ таласы басталды.
Қазақ сұлтандары жоңғар билеушілерінің билік үшін қырқыстарына араласып кетті. Мұның өзі қазақтардың өз жауын әлсіретуіне және Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарын жоңғарлардан қайтарып алуына мүмкіндік туғызды. Абылай жоңғарлардың тақтан үміткер мұрагерлеріне қолдау көрсету арқылы олардан қазақ жерлерін қай- тарып алуға қол жеткізді.
Осы кезде қытай билеушілері Жоңғарияда болып жатқан оқиғаларды жіті бақылап, оны басып алуды көздеп отырды. Сөйтіп қытай-жоңғар соғысы басталып кетті. 1755 жылы Цинь императоры Жоңғарияға елеулі әскер күшін кіргізді. Бір кездегі қуатты Әмірсана Ресей мемлекетінің қамқорлығына үміт артып, Сібірге қашып баруға мәжбүр болды. 1758 жылы Жоңғарияны Қытай әскері түгелдей бағындырып алды. 1 миллионға жуық жоңғар қырғынға ұшырады. Бұл туралы қазақтың белгілі зерттеушісі М. Тынышбаев былай деп жазды: «Қытай императоры жоңғарларды талқандау үшін күшті әскер жіберді. Қытайлықтар жасы мен жынысына қарамастан 1 миллиондай жоңғарды қырып тастады». Жоңғарлардың тірі қалған азғана тобы Еділдің төменгі сағасындағы өздерімен туыстас қалмақтарға қарай қашты.
1761 жылы Қытай өзінің Жоңғариядағы жағдайын біржолата нығайту үшін онда империяның Синьцзянь немесе Шыңжаң (Жаңашеп) атты жергілікті аймағын құрды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет