Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет41/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   251
Байланысты:
О улы 8 аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі

Тарихи әңгімелер. Қазақтарда жазба әдебиеттің өзіндік ұлттық нақыштағы түрі ерекше өріс алды. Соның ішінде халық ауыз әдебиетінің тарихи әңгімелер деген жанры күшті дамыды. Ондай әңгімелерді әдетте көпке белгілі билер мен шешендер айтатын. Дәстүрлі қазақ қоғамында олар керемет зор сый-құрметке бөленетін.

Тарихи әңгімелер суырып салып шығарылған өлеңдер сияқты ауызекі әңгіме түрінде жеткізіліп келді. Әр рудың өзінің көпті көрген тәжірибелі өз шешендері болатын. Дәстүрлі той, астарда олар даланың қызыл тілге шебер шешендері өз тыңдаушыларын қызықты тарихи ертегілермен, әңгімелермен таныстыратын.
Тарихи әңгімелерде данышпандық нақыл сөздер, мақал-мәтелдер жиі айтылатын. Мұның жастарды тәрбиелеуде зор маңызы болды. Жастар естіген әңгімелерін есте сақтап, одан үлгі-өнеге алды. Атап айтқанда, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би айтыпты деген әңгімелер мен нақыл сөздер біздің заманымызға дейін жеткен.
XVIII ғасырдағы тарихи әңгімелердің негізгі тақырыбы - қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі мен Еділ қалмақтарымен болған соғыстар. Белгілі орыс ғалымы Б. Куфтин былай деп жазды: «Жалпы қазақтар туа біткен шешен халық: өзінің ойын, пікірін сөз кестесіне салып, көркемдеп, мәнерлеп, бейнелеп жеткізеді».

  1. Шежіре. XVIII ғасырда әрбір қазақтың отбасында өзіндік шежіресі болатын. Көшпелі өмір салтын ұстанған қоғамда генеалогияны білу міндетті парыз еді, тегін білмеген тексіз саналды. Егер қожалар мен сұлтандар өздерінің шығу тегін жазбаша шежіре арқылы анықтаса, дала төсінде көшіп-қонып жүрген қазақтар бұл ақпаратты ауызша айтылатын деректерден алды. Шежіре қазақ қоғамында маңызды рөл атқарды: біріншіден, ел билеушілерінің көшпелі қоғамды басқаруына, екіншіден, ата тарихымызды кезең-кезеңімен есте сақтауға көмектесті.

Әрбір көшпелі қазақ халқының өткен өмірін өз отбасы, ру-тайпасының тарихи көрінісі ретінде қабылдады. Тарихи оқиғалар оның ата-бабаларының өмірі төңірегінде өтіп жатқандай көрінді. Даңқты ата-бабалар туралы деректер қосымша ақпараттармен толықтырылып отырды. Қазақтар жас ұрпақты есімдері ел аузында аңызға айналған ата-бабаларының тамаша өмірінен үлгі-өнеге алатындай етіп тәрбиелеуге тырысты. Үшіншіден, шежіре қоғамды әлеуметтік реттеп отыру міндетін де атқарды. Мәселен, отбасылық неке қатынастарын, мал жайылымдарын бөлу мәселелерін қадағалады. Үлкен ас, тойларда, құрылтай жиналыстарында қонақтарды жол-жобаларымен орналастыруда да, халықтық жасақтар құрудың ежелден қалыптасқан тәртібін сақтауда да шежіренің реттеушілік рөлі зор болды.
Бірте-бірте шежіре жазбаша сипат ала бастады. Бұл іспен ең бірінші кезекте Ресей дипломаттары мен ғалымдары, өлкенің әскери және азаматтық әкімшіліктері, сондай-ақ қазақ қоғамының сауатты бөлігі айналысты. Қазақтар арасынан алғаш шежіре деректерін жинастырып, жазып қалдырғандар Әлихан Бөкейхан, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы және басқалар болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет