Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Тәуке ханның XVIII ғасырдың бас кезіндегі сыртқы саясаты



бет4/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   251
Байланысты:
О улы 8 аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі

Тәуке ханның XVIII ғасырдың бас кезіндегі сыртқы саясаты. Хандықтың біртұтас бірлігін және оның шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен Тәуке хан күшті де ықпалды сыртқы саясат жүргізді. Сөйтіп ол қырғыздармен және қарақалпақтармен әскери одақ құруға қол жеткізді. Бұл шараның арқасында Қазақ хандығының аумағына жоңғар қалмақтарының шабуыл жасауынан төнген қатерді тоқтатудың сәті түсті. Жоңғар шапқыншылығының алдын алу мақсатымен олардың көші-қонына әскери жорықтар ұйымдастырып отырды.

Тәуке ханның бүкіл қызметі көрші халықтармен тату-тәтті, жақсы қарым-қатынас орнатуға және ел аумағын сыртқы жаулардан қорғауға бағытталды. Оның осы мақсатпен Ресейге және Орта Азия хандықтарына бірнеше рет елшілер жібергені жақсы мәлім. Оларға жүктелген міндет сыртқы жауларға қарсы күресу үшін әскери одақ құрып қайту болды.
Тәуке ханның жасағы 80 мыңға жуық жауынгерден тұрды. Мұның өзі жатжерлік басқыншыларға тойтарыс беруге қабілетті едәуір үлкен күш еді. Халық Тәуке ханды әділдігі үшін әз-Тәуке атады.

  1. Қазақ хандығының ыдырай бастауы. Тәуке ханнан кейін оның мұрагері Қайып хан Қазақ мемлекетінің бұрынғы ұлылығын берік ұстап тұра алмады. Жаңадан келген билеп-төстеушіге сұлтандардың топтары тарапынан наразылық күшейіп, бақ таласы мен тақ таласы өрши түсті. Қазақ даласында жоғары билік жолындағы күрес шиеленісе берді.

Мұның өзі дәстүрлі қазақ хандығын дағдарыс пен күйзеліске ұшыратты. Рулар, тайпалар және жүздер арасындағы бірлік пен байланыс әлсіреді. Баяғы алтыбақан алауыздық қайтадан қозды. Сұлтандардың аймақтық сепаратизмі күшейді. Қазақтың барлық жүзінің өз ішінде келте хандары пайда бола бастады. Орталық хандық биліктің әлсіреуі Кіші жүзде - Әбілқайырдың, Орта жүзде - Болаттың, Сәмекенің, Күшіктің, Ұлы жүзде - Жолбарыстың жағдайын әлдеқайда нығайта түсумен жалғасты.
Бұл хандармен қатар қазақ даласында Барақ, Әбілмәмбет, Батыр, Сұлтанбет сияқты басқа да сұлтандардың беделі арта берді. Атап айтқанда, Сұлтанбет өзінің толып жатқан ұлдары арқылы Ертіс бойы қазақтарына билік жүргізді. Оның жергілікті қазақтардың арасына ғана емес, сонымен қатар шекаралас орыс өкіметі орындарына да елеулі ықпалы болды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет