Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


«Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы уақытша Ереже»



бет123/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   251
Байланысты:
О улы 8 аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі

2. «Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы уақытша Ереже». Өлкенің өзіндік ерекшеліктерін зерттеу үшін және оны басқару туралы ереженің жобасын әзірлеу мақсатымен «Дала комиссиясы» құрылды. Оның құрамына ресейлік шенеуніктер мен офицерлер кірді. Жаңа ережені жасауға қазақ ақсүйектері қатыстырылмады. 1867 жылы II Александр «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша Ережеге» қол қойды. 1868 жылы «Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы уақытша Ереженің» жобасын да бекітті.
Басқарудың жаңа ережесін 1869 жылдың мамырынан бастап енгізу көзделді. Әкімшілік реформалардың себептерін егжей-тегжейлі түсіндіретін мәлімдеме қазақ және орыс тілдерінде жазылып, таратылды.
1867-1868 жылдардағы реформалар бүкіл Қазақстанды тұңғыш рет түгел қамтыды. Онда үш генерал-губернаторлық әкімшілік құрылды. Әрбір генерал-губернаторлық облыстарға бөлінді. Мәселен, Орынбор генерал-губернаторлығы - Орал және Торғай облыстарын, Батыс Сібір генерал-губернаторлығы - Ақмола және Семей облыстарын, ал Түркістан генерал-губернаторлығы - Жетісу және Сырдария облыстарын қамтыды. Соңғы екі облыстың құрамына қазақ жерінің едәуір үлкен бөлігі, сондай-ақ қырғыз және өзбек жерлерінің бір бөлігі енді.



ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы әкімшілік реформаларды жүргізудің себептері

Қазақ даласында сақталынып қалған сұлтандардың билік патша үкіметінің Қазақстан аймағын тезірек отарлауына кедергі келтірді. Сондықтан сұлтандар билігін жоюға тырысты

Ресей өнеркәсібіне арзан шикізат көздері мен жұмысшы күші қажет еді.

Ресей империясына қосымша қосылған аумақтарды әкімшілік жағынан қайта құру қажет болды.

Бірыңғай салық жүйесін енгізу талап етілді




Ресейдің еуропалық бөлігінде жері жоқ шаруаларды Қазақстан аумағына көшіру көзделінді.

Әкімшілік бөлініс былай болды: әр облыс - уездерден, әр уезд - болыстардан, әр болыс - ауылдардан тұрды.


Ішкі Орда (бұрынғы Бөкей хандығы) Астрахан губерниясының құрамына қосылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет