Генерал-губернаторлық
|
Облыстар
|
Уездер
|
Түркістан
|
Жетісу
|
Сергиополь, Қапал, Верный, Жаркент, Ыстықкөл, Тоқмақ
|
Сырдария
|
Қазалы, Перовский, Түркістан, Шымкент, Әулиеата, Ходжент, Жызақ
|
Орынбор
|
Орал
|
Орал, Гурьев, Калмыково, Жем (Темір)
|
Торғай
|
Елек, (Ақтөбе), Николаев (Қостанай), Ырғыз, Торғай
|
Батыс Сібір
|
Ақмола
|
Ақмола, Көкшетау, Петропавл, Омбы, Атбасар (Сарысу) (соңғы уезд бір жылдан кейін қосылды)
|
Семей
|
Павлодар, Семей, Қарқаралы, Өскемен және басқалары
|
Ең көп дауыс алған адам ауыл старшыны немесе болыс сайланатын, ал одан кейін дауыс алғандар осы қызметтерден үміткерлер болып белгіленді.
Болыстар мен ауыл старшындары 3 жыл мерзімге сайланатын. Болыстарды губернатор, ал ауыл старшындарын уезд бастығы бекітетін. Сондай-ақ оларды бұл қызметтерден кез келген уақытта алып тастауға да құқықты болатын. Болыстар мен ауыл старшындарын қызметке бекіту мен қызметінен алып тастаудың мұндай тәртібі қазақ даласындағы сайлау жүйесінің отаршылдық мазмұнын көрсетті. Жоғары лауазымды шенеуніктердің отаршыл әкімшілікке қолдау көрсетпейтін адамдарды қызметке бекітпей қоюға құқығы болды.
Ауыл старшындарына және болыстарға қоладан құйылған төс белгілер, сондай-ақ арнайы жасалған мөр берілетін. Отаршыл әкімшіліктің бұл төменгі буындары полицияның және тыңшылардың міндетін қоса атқарды. Олар қазақ даласында тыныштықтың сақталуын қадағалауға, әсіресе барымтаны жоюға міндеттелінді. Сонымен қатар заңдардың қатаң сақталуын, алым-салықтың уақтылы әрі толық жиналуын, басқа да міндетті борыштардың түгел орындалуын қамтамасыз етуге тиіс болды. Олар сот шешімдерінің және халық соттары қаулыларының орындалуын жүзеге асыруға да міндетті еді.
Өкінішке қарай, оқиғалардың бұдан кейінгі барысы сайлау жүйесінің «партиялық» күреске айналып кетуіне алып барып соқтырды. Бір рудың өкілдері мен екінші бір ру өкілдерінің арасында шиеленіскен күрес өршіді. Елде қызметті сатып алу, қоқан-лоқы жасап қорқыту, күш көрсету және жала жабу сияқты келеңсіз қылықтар кеңінен етек алды. Лауазымды қызметтен үміткерлер сайлау науқаны кезінде ақшаны оңды-солды аямай шашты.
Достарыңызбен бөлісу: |