Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


жылы Қазақстанға әкелінетін астық пен егіншілік құрал-саймандарына баж



бет144/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   251
Байланысты:
О улы 8 аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі

1835 жылы Қазақстанға әкелінетін астық пен егіншілік құрал-саймандарына баж салығын төлеу алып тасталды. Бұл жағдай мен басқа да бірқатар шаралар Ресей көпестерінің Қазақстанмен сауда-саттық жасауды күшейтуге деген ынта-ықыласын арттыра түсті.
XIX ғасырдың екінші жартысындағы неғұрлым ірі сауда орталықтары Ақмола, Павлодар, Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау, Қазалы және Жаркент қалалары болды.
Жүк бұрынғысынша арбамен және түйемен тасылды. Әр түйеге 16 пұттан астам жүк артуға болатын еді. Қазақ даласындағы сауда-саттыққа деген ынта-жігерді қолдау үшін түйе басына ешқандай салық салынған жоқ.

  1. Орта Азиямен жүргізілген керуен саудасы. XIX ғасырдың бірінші жартысында Қазақстан Ресейдің Орта Азиямен сауда-саттық жасауында аралық транзиттік маңызға ие болды. Орта Азия мен Қытайға баратын керуен жолдары Қазақстанның аумағын Орынбор, Троицк, Петропавл, Семей қалалары арқылы басып өтті. Орта Азиямен жүргізілетін сауда керуенінде жыл сайын 5, 6 мың түйеге артылған жүк тасылды. Патша үкіметі Орта Азиядан мақта, жібек мата, елтірі және кілемдер алып тұрды.

Орта Азиямен сауда негізінен татарлар мен ортаазиялық көпестердің қолында болды. Егер бұрынғы кездері сауда-саттық тек қалаларда ғана жүргізіліп келген болса, енді ол қаладан тыс жерлерде де ұйымдастырыла беретін болды. Сауда айналымының көлемі әлдеқайда арта түсті. Бірте-бірте уездік қалалардың өздері де ірі-ірі сауда орталықтарына айналды.
Сауда өзінің даму барысында бірте-бірте ақшалай түрге ене бастады. Мемлекеттік қазына Орта Азия көпестерінен алынатын алым-салық есебінен едәуір байыды. Көпестердің саны да арта түсті.
1863 жылы Орта Азияда болған венгр зерттеушісі А. Вамбери өлкеде, әрбір үйде Ресейде жасалған өнімнің қандай да бір түрінің кездесетіндігін айтады.
XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ өлкесіндегі сауда-саттықтың ел аралайтын, тұрақты және жәрмеңкелік түрлері пайда болды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет