Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


& 62. Патша үкіметінің Қазақстандағы діни саясаты



бет240/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   251
Байланысты:
О улы 8 аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі

& 62. Патша үкіметінің Қазақстандағы діни саясаты


Қазақ ислам дінінің сунниттік бағытын ұстанды. Ішкі Ресейден Қазақстанға қоныс аударушы шаруалардың саны арта түсуіне байланысты патша үкіметі мұндағы мұсылман халықтың құқығына қысым жасау саясатына көшті. XIX ғасырдың бас кезінен бастап патша үкіметі қазақ халқын шоқындырып, орыстандыру саясатын жүргізуге кірісті. Бұған жергілікті халық қатты қарсылық көрсетті.
1. Қазақтың діні және діни әдет-ғұрыптары. Қазақ ислам дінінің сунниттік бағытын ұстанды. Оларда ислам дінімен қатар мұсылмандықңа дейінгі діни наным-сенімнің қалдықтары да сақталып қалған болатын. Мәселен, қазақтар ата-бабалар рухына сенетін. Ежелгі түркілердің Құдайы Тәңірге табынып, «Тәңір жарылқасын!» деп алғыс айтатын. Жаңбыр жаумай, құрғақшылық болып, астық шықпай қалған кездері қазақ ата-бабаларының бейіті басына баратын. Аруақтарға арнап «тасаттық» беретін, діни салт-сана жоралғыларын жасайтын. Олар қасиетті аруақтарға, атап айтқанда, Қожа Ахмет Йасауиге табынатын. Көшпелі және жартылай көшпелі халық арасында бақсылар (шамандар) елеулі орын алып келді.
Қазақ қайтыс болған адамды мұсылманша қойды. Әр ру туыстарын өздерінің әулеттік зиратына жерледі. Өлген адамның туысқандары оның жетісін, қырқын, (кейде жүзін) және жылын өткізетін. Ата-бабаларының аруағына арнап ұлан-асыр ас беретін. Ас әдетте адамның қайтыс болғанына жыл толғанда беріледі. Дәстүрлі қазақ қоғамында астың әлеуметтік және мәдени маңызы үлкен болатын. Онда аса маңызды саяси, шаруашылық және әлеуметтік мәселелер талқыланып, өз шешімін тауып жататын. Ас кезінде ақшаңқан үйлер тігілетін, аруақтарға арнап Құран бағышталатын. Ондай салтанатты жиынға алыс-жақын рулардың өкілдері - ақсақалдары, ақындары, билері, шешендері, әншілері мен балуандары арнайы шақырылатын. Ас кезінде спорттық ойындар мен жарыстар өткізілетін. Бәйгеге ат қосу, балуан күрестіру, жамбы ату, ақындар айтысын өткізу, ән мен жырға кезек беру үлкен жиынның сәнін кіргізіп, мәнін арттыра түсетін. Әрине, ұлан-асыр үлкен ас беру дәулетті, бай адамдардың ғана қолынан келетін. Қазақ тарихында Абылайдың, Өскенбайдың (Құнанбайдың әкесі), Сағынайдың асы деген ұлан-асыр астар белгілі.
Қазақ даласынан да кісілер қажылыққа бара бастады. XIX ғасырдың соңына қарай Дүйсебай қажы, Шегет қажы, Баязид қажылар т.б. Меккеге барып, өз парыздарын өтеп қайтты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет