Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет73/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   251
1836 жылғы ақпанда көтерілісшілер Жәңгір ханға қарсы ашықтан-ашық шабуылға шықты. Мұның басты себебі Исатай Тайманұлының Хан ордасына қыр көрсетуі болды. Ол ханның шақыруына барудан үзілді-кесілді бас тартты. Оның үстіне, өзіне қарасты ауылдарды қыстаудан көшіріп алып, көтерілісшілердің үлкен жасағын топтастырды.
1836 жылғы көктемде көтерілісшілер қосынына Қарауылқожа Бабажанұлы бастаған қарулы хан жасағы жақын келді. Оған қарсы Исатай Тайманұлы қолына ту ұстап, жақсы қаруланған 200 жігітті өзі бастап шықты. Қарсыласын жекпе-жек шайқасқа шақырды. Бірақ Қарауылқожа Бабажанұлы да, оның төңірегіндегілер де жекпе-жек шайқастан бас тартты, батырдың ұсынысын қабыл алмады. Хан жасағы үлкен шайқасқа шығуға бата алмай шегініп кетті. Көтерілісшілер өздерінің қосынына қайтып оралды. Исатай Тайманұлының көтерілістің басшысы ретіндегі атағы бүкіл Кіші жүзге мәлім болды.
1836 және 1837 жылдары шағым мен петиция беру арқылы Исатай Тайманұлы Жәңгір хан және оның төңірегіндегі жандайшаптарды қалың көпшіліктің көз алдында әшкерелемек болды. Шағым-петиция жолдау жаппай наразылыққа ұласты. Бұған 1836 жылы өте көп адам қатысты.
Исатай батыр халық қалың жиналған Толыбай шатқалында өз өтінішін табыс етті. Халық қаһарынан сескенген Жәңгір хан оның айтқан талаптарын түгел тыңдап шығып, қордаланып қалған проблемаларды шешуге уәде берді.

  1. жылдың күзінде Исатай Тайманұлы әртүрлі рулардың ауылдарын аралап жүріп, Жайық казак әскерлерінің иемденіп отырған жерлерін өз беттерінше тартып алуға шақырды. Көтеріліс көсемінің халық арасындағы беделі мен абыройы күн санап арта берді. Көтерілісшілер хан жасағына есеңгірете тойтарыс берді. Ханның төңірегіндегі жандайшаптардың бірі би Балқы Құдайбергенұлы серкеш руының қазақтарына шабуыл жасады. Серкештер көтерілісшілердің жағында еді.

Исатай серкештерге шабуыл жасағандарды жазалау үшін құрамында 270 сарбазы бар қарулы жасақты жұмсады. Олар әлгі бидің ауылын шауып, толық күйзелтіп кетті.
Енді көтеріліс аумағының шекарасы кеңейе түсті. Көтерілісшілердің қатары да ұдайы арта берді. Көтеріліс ауқымынан қауіптенген Орынбор шекара комиссиясы Исатай Тайманұлын ұстап алып, ісін сотта қарауға тапсырма береді. Бұған қарсы генерал-губернатор В. А. Перовскийге көтерілісшілердің басшысы шағым жасады.
Исатай батыр оған жолданған өтініш-шағымында былай деп жазды: «Біздің өтініштеріміз бен шағымдарымызға ешкім де құлақ аспайды. Біздің мал-мүлкімізді талан-таражға салып, тонап кетеді. Сөйтіп біз император тақсырдың қол астына адал ниетпен берілгендігіміз жөнінде ант қабылдаған бола тұрсақ та, күн сайын қорқынышты үрей кешеміз».

  1. жылдың жазы мен күзінде көтерілісшілер ірі байлардың ауылдарына шабуылды күшейтті. Сол жылы күзде құрамында 200 сарбазы бар жасақ Қарауылқожа Бабажанұлының ауылын шауып, күл-талқан етіп кетті. 50 адам, соның ішінде 2 сұлтан тұтқынға алынды. Көтерілісшілердің елеулі күші бірте-бірте Хан ордасына жақындап келе жатты. Көтерілісшілер Жәңгір ханды жақтаушылардың мал-мүлкі мен шұрайлы жайылымдарын басып алумен болды.

Көтерілісшілер Астрахан губерниясы Чернояр уезінің аумағын да басып өтті. Онда қалмақтар және татарлардың ауылдарына шабуыл жасап, талқандап кетті.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет