Оқулық А. С. АқтАновА, А. К. ЖундибАевА, Л. К. ЖұмеКеновА



Pdf көрінісі
бет19/74
Дата31.12.2021
өлшемі1,58 Mb.
#21788
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   74
Байланысты:
умит

қоғАЛы КӨЛдеР, қом СуЛАР
Қоғалы көлдер, қом сулар,
Қоныстар қонған өкінбес...
Кілең бұздай кілшейтіп,
Көбелер киген өкінбес...
Торы төбел ат мініп,
Той тойлаған өкінбес.
Құрама шапшақ көп қымыз
Құйып ішкен өкінбес.
Екі арыстан жауға шапса,
Оқ қылқандай шаншылса,
Қан жусандай егілсе,
Аққан судай төгілсе,
Бетегелі Сарыарқаның бойында
Соғысып өлген өкінбес!


31
  Көбе  (көбе  сауыт)  –  батырлардың  соғыста  кебенек  (киіз 
кеудеше) сыртынан киген сауыты.
1-тапсырма. «Қоғалы көлдер, қом сулар» толғауы не туралы? Толғауда 
қандай өзекті мәселелер көтерілген? 
3-тапсырма. Өлеңді жатқа мәнерлеп оқыңдар.
4-тапсырма. Жыраудың негізгі ойына тірек болған сөздерді дәптерге 
жазыңдар. Адам қандай жағдайда өкінбейді дейді?
6-тапсырма. Жыраулар поýзиясының тақырыбы мен идеясын ғылыми 
дереккөздерге сүйене отырып, баяндап беріңдер. 
7-тапсырма. Берілген тапсырмаларды орындаңдар.
1. Доспамбеттің хрестоматиядағы шығармаларын оқыңдар.  
2. Тарихи сөздерге мұғалімнің көмегімен назар аударып, мағыналарына 
анықтама беріңдер.
3. Анықтамаларды дәптерге жазыңдар. 
2-тапсырма.  Шығарма  мазмұнын  қандай  мақал-мәтел дермен 
алмастырып айтуға болады? Мысал келтіріңдер. 
5-тапсырма.  Шығармадағы  көріктеу-айшықтау  құралда рын 
тауып, өлең құрылысына қарай талдау жасаңдар.
?


32
8-тапсырма.  «
Адамның  кейбір  кездері»  (қуаныш  болғанда  тасу,  жа-
мандық келгенде жасып қалу т.б.) тақырыбына сыни ойтолғау жазыңдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет