Оқулық А. С. АқтАновА, А. К. ЖундибАевА, Л. К. ЖұмеКеновА



Pdf көрінісі
бет22/74
Дата31.12.2021
өлшемі1,58 Mb.
#21788
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   74
Байланысты:
умит

АбАÉ құнАнбАÉұЛы
(1845–1904)
Абай Құнанбайұлы 1845 жылы бұрынғы Се-
мей  уезі  Шыңғыс  болысында  (қазіргі  Шығыс 
Қазақстан  облысы  Абай  ауданында)  дүниеге 
келген. Азан шақырып қойған есімі – Ибраһим. 
Абайдың  әкесі  Құнанбай  Қарқаралы  округіне 
аға сұлтан болған. Абайдың өз әкесі – Құнанбай, 
атасы – Өскенбай, арғы атасы – Ûрғызбай. Әкесі 
Құнанбай Өскенбайұлы – шешен, ел ағасы.   
Абайдың әжесі Çере аса ақылды, әңгімешіл, балаға мейірімді, 
ағайынға қамқор, кісі ренжіт пейтін жұмсақ мінезді, ортасына сый-
лы жан еді. 
Анасы Ұлжан өте сабырлы, кең мінезді, сөзге ұста, тапқыр адам 
болған. 
Абай әуелде Ғабитхан деген татар молдасынан мұсылманша хат 
таниды. Абайды он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның 
медресесіне оқуға береді.
Ол  бос  уақытында  Шығыстың  ұлы  ақындары  Íизами,  Сағди, 
Íауаи, Ôизули, Ôирдоуси шығармаларын оқиды. 
Абай медреседе небәрі үш жыл жүріп, кейін өз бетімен «при-
ходская школаға» түсіп, үш айдай орысша да білім алады.
Бірақ  бұл  оқу  ұзаққа  бармайды.  Жасы 
он  үшке  келіп,  ерте  есейіп,  ақыл-ойы  тола 
бастаған  шақта  өткір,  зейінді  Абайды 
әкесі  Құнанбай  ел  билеу  ісіне  араластырып 
тәрбиелемек  болып,  оны  оқудан  елге  алып 
кетеді.  Құнанбай  қажының  басқаруымен 
Абай ел ішіндегі түрлі істерді шешуге арала-
сады. 
Көптеген ескі әңгімелерді, өлең-жырларды 
халық ішінен үйренеді. Өз бетімен араб, иран, 
шағатай  тілінде  жа зылған  ертегі,  дастан, 
қисса сияқты т.б. әдеби мұралармен таныса-
ды. 
Жас Абай 


37


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет