33
Алты құлаш ақ найза
Ұсынып шаншар күн қайда?
Садақ
толған сайгез оқ
Масағынан өткеріп,
Басын қолға жеткеріп,
Созып тартар күн қайда?
Кетбұғадай билерден
Кеңес сұрар күн қайда?
Еділдің
бойын ен жайлап,
Шалғынына бие біз байлап,
Орнықты
қара сабадан
Бозбаламен күліп, ойнап,
Қымыз ішер күн қайда?!
Күдері – жұмсартылған бұлан не бұғы терісі.
Кіреуке – оқтан, найзадан қорғану үшін киетін темір сауыт.
Сайãез – садақ оғының бір түрі.
масақ – садақ оғының түп жағы.
Жайық – Еуропа мен Азияның ортасында орналасқан
өзен. Жалпы ұзындығы – 2428 км. Жайық өзені туралы
«Қыз Жібек» дастанында, Махамбет жырларында жиі
айтылады. Италияның әйгілі саяхатшысы Марко Поло
Қытайға жасаған сапарында Еуропадан Азияға Жайық
арқылы өткен. Жайықтың бойы – Исатай мен Махамбет
тұлпарларының дүбірі қалған, даңқты қолбасшы Бейбарыс
сұлтан туған өлке.
!
1-тапсырма. Õрестоматияны пайдаланып, Доспамбет жырла рының
тақырыбы мен идеясын айтып беріңдер.
2-тапсырма. Берілген шығарма не туралы? Доспамбет өмір
сүрген кездегі қазақ елінің тарихи жағдайы қандай еді?
3–3436
34
3-тапсырма. Өлеңнің өздерің қалаған үзіндісін мәнерлеп, жатқа
оқыңдар.
4-тапсырма. Толғаудың негізгі идеясын ашатын сөздерді тауып,
дәптерге жазыңдар.
5-тапсырма. Толғаудағы көріктеу құралдарына талдау жасаңдар.
7-тапсырма. «Айналайын Ақжайық» толғауының тарихи және
көркемдік ерекшелігі неде?
Достарыңызбен бөлісу: