Оқулық А. С. АқтАновА, А. К. ЖундибАевА, Л. К. ЖұмеКеновА



Pdf көрінісі
бет9/74
Дата31.12.2021
өлшемі1,58 Mb.
#21788
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   74
АЛыÏ еР тұҢғА
(б.з.б. Vіі ғ.)
Алып  Ер  Тұңға  –  түркі  мемлекетін  басқарған  көсем.  Ол 
замандағы түркілер Енисей мен Ертіс, Дунай бойлары, Ауғанстан 
мен Иран, Сирия, Түркия жерлерін мекендеген. 
2–3436


18
Бұл  б.з.б.  VII–VI  ғасырда  болған  оқиға.  Бұл  дерек  бізге 
қайдан  келді  дегенде,  ирандықтардың  «Авеста»  деген  кітабы 
бар. Ирандықтар күнге табынған. Ол кезде түркілер көк тәңіріге 
табынған. Жырда Иран мен Тұран арасындағы соғыс кезіндегі 
оқиға суреттеледі...
мекемтас мырзаõметов
Афрасиабтың  аңыздағы  бейнесі  Қорқытқа  ұқсас.  Ол 
өмірінің ақырында адам бойынан мың есе ұзын, есік-тесігі түгел 
бекітілген қорған салып алып, тығылып жатыпты. Алтын мен 
күмістен бірі – Ай, бірі – Күн, екі шам орнатыпты. Қорғанның 
іші  асыл  тастардың  жарқылынан  күндізгідей  жарық  болып 
тұрады  екен.  Бірақ  ажалдан  құтыла  алмапты.  Ажал  адам 
кейпіне еніп келіп, жанын алыпты. Афрасиаб сияқты, Қорқыт 
ата  да  ажалдан  қашқан.  Өздері  өлсе  де,  жасаған  жақсы  ісі, 
даналық сөздері қалды. Өлмеудің жолы сол екен. 
Алма қыраубаева
Тұран әскері қолбасшысының атына қосылып айтылатын 
«аëûï» 
сөзі  сол  заманда 
«күøті»,  «батыр»,  «қаһарман»,  «ержүрек»  де-
ген мағынаны білдірген. «Алып» – сақтар мен ғұндар заманынан 
бері ел қорғаған батырлардың, қолбасшы ерлердің мәртебелі есімі. 
Алып Ер Тұңға – Иранның ұлы ақыны Ôирдоусидің «Шаһнама» 
кітабына  кейіпкер  болған.  Онда  Афрасиаб,  яғни  Алып  Ер  Тұңға 
Тұран патшасы болып суреттеледі. «Тұран» – Тұр елі – түркілер 
елі  деген  сөз. Иран  патшалары  мен  Афрасиабтың соғысы  Сейхұн 
(Сырдария) – Жейхун (Әмудария) шегарасында өткен. 
Алып Ер Тұңға – тарихи адам. Ақыл-айласымен, күшімен, айт-
са сөзін өткізіп, тірессе жеңіп, елді ел қылған батыр. Ол қайтыс 
болғанда,  артында  қалған  елі  жоқтау  шығарған.  Сол  жоқтау 
ауыздан-ауызға  тарап,  одан  ÕІ  ғасырда  түркі  ғалымы  Махмұт 
Қашғаридің «Диуани лұғат ат-түрік»  («Түрік тілдерінің сөздігі») 
еңбегі арқылы біздің дәуірімізге жеткен. 


19
«Алып Ер Тұңға» жырының негізгі идеясы – Тұран елін сыртқы 
жау дан қорғау, түркі жұртын ішкі ынтымақ-бірлікке үндеу, туған 
жердің абырой-даңқын арттыру.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет