20
Кертілер алып шыңдар да,
Тағдырдың оғы қадалған.
Ажалмен
тәңірім сынаған,
Тұра алар қарсы кім оған,
Құздар да одан құлаған,
Құтылып ешкім кетпедің.
Аш арландай аларып,
Қадалғаннан
қан алып,
Íұрлы жүздер қабарып,
Тұр қайғыға қамалып
Жауға шабар бектерім.
Ерлікті қаза сынады,
Бектерім
жасын бұлады,
Бөрідей ұлып жылады,
Жоқтады жыртып жағасын.
Көңілімді қайғы жандырды,
Жазылмас
жара қалдырды,
Кешегі күнге зар қылды,
Кеткенді қайдан табасың?
Жалғанның туып заманы,
Жауыздар
қаптап барады,
Ашылды сұмның араны,
Сиреді қайран бектерім.
Біліктілер қалмады,
Çаман оны жалмады,
Сүрінді
бектің тарланы,
Салды жанға жараны.
Ажал жұтып ағаны,
Жауыз жайлап барады,
Жақсының
өшіп жанары,
Дүние азып барады.
Аударған Ôариза Оңғарсынова
21
?
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Әдебиеттің кезеңдері деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
2. Түркілік дәуір әдебиеті қай уақыт аралығын қамтиды?
3.
Қазақ әдебиеті тарихын зерттеуге қандай ғалымдар үлес қосты?
Достарыңызбен бөлісу: