Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15



Pdf көрінісі
бет5/72
Дата15.12.2022
өлшемі1,71 Mb.
#57486
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Байланысты:
пед менеджмент

ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ
Болон процесінің мəні
Болон процесі - бұл бір бағыттылық жəне синхрондалған 
қозғалыстың идиллиялық үйлесімі емес. Бұл салыстырулықтан 
үйлесімділікке, əрекеттердің жалпылығынан бірыңғай əрекеттерге, 
бейімделу тəсілдерінен ақиқат жəне терең өзгертулерге қозғалыс. 
Болондық реформалардың ақиқаттары жеткілікті дəрежеде ұлттық 
жүйелердің жеделдетілген реформалау мысалдарымен қатар, оларға де-
ген жатсыну көзқарасы болмаса, мұқият көзқарастарының дəлелдеріне 
бай. Жоғары білімнің еуропалық кеңістігінің үйлестірілген сипа-
тын жалпы панъеуропалық сапа стандартында емес, қағидаттар мен 
көзқарастардың түйісуінде, құрылымдардың, конфигурациялардың, 
мақсаттар мен керек-жарақтардың ұқсастығында қарастырады. Бірақ 
қазіргі таңда Еуроодақ мемлекеттерінде жоғары білімнің қандай 
құндылықтары мен тұжырымдамалары жалпы, ал олардың ішінде, 
қайсылары елдердің арасын ажыратады деген сұрақ туындайды?
…Болон процесі Еуропадағы жоғары білімнің стандарттауына не-
месе бір ізге салуына емес, бірігуіне бағытталған. Автономдық жəне 
алуантүрлілік қағидаттары өзгерусіз болуда.
Сорбон декларациясын талқылау кезінде, «ұлттық 
айырмашылықтардың алуантүрлілігі жəне оларға деген құрметті 
қарым-қатынастың қажеттілігі» көрсетілген. Лиссабон конвенция-
сында да «еуропалық өңірдегі білім жүйесінің əртүрлілігі, оның 
мəдени, əлеуметтік, саяси, философиялық, діни жəне экономикалық 
алуантүрлілігінің көрінісі болып табылады» делінген, осында «... 
осы өңірдің барлық адамдарына алуантүрліліктің дереккөзін толық 
көлемде пайдалану мүмкіндігін əр мемлекет тұрғынының жəне оқу 
мекемелері оқушыларының ... басқа мемлекеттердің білім ресурстары-
на қолжетімділігін жеңілдету жолымен беру» маңызды.
Байденко В. И. Болонский процесс: структурная реформа высшего 
образования Европы. М., 2002.
СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. Білім берудің заманауи жүйесінің қандай беталыстары менедж-
мент проблемаларына жүгінуді негіздеді?
2. Топтарыңызда талқылағыңыз келетін сұрақтарды дайындаңыз 
(оқытушыға сұрақ қою, олар бойынша неғұрлым нақты ақпарат алу 
жəне т.б.).


19
3. Негізгі терминдерді жазып, олардың анықтамаларын 
табыңыздар.
4. Ақпарат сипатына қарай мəтінді оқығанда белгілер жасаңыздар 
(бұрыннан таныс, бұрын таныс емес болатын, келіспейтін, келісетін, өз 
пікіріңізді айтқыңыз келетін жəне басқа).
5. Т. М. Баймолдаев ҚР білім беруінің заманауи жүйесінде 
менеджментті дамыту қажеттілігіне негіздеген алғышарттарға бірқатар 
əлеуметтік-экономикалық жəне саяси жағдайларды жатқызды:
– мемлекеттік құрылым түрі түбегейлі өзгерді. Қазақстан дербес, 
өзінің басқару түрімен тəуелсіз мемлекет болды;
– меншік қатынастары өзгерді, осының салдарынан нарықтық 
экономика əр адамды өзінің қызмет шекаралары туралы ойлауға 
мəжбүрлейді, субъекттік қасиеттердің көріністерін ынталандырылды;
– ЖОО-да басқарушы мамандықтарының ашылуының арқасында 
басқарушы кадрларының теориялық даярлық деңгейі едəуір өзгерді;
– шетел фирмаларымен тығыз байланыстар ынталандырылды [76, 
б.12-13].
– Сіздің ойыңызша, заманауи педагогикалық менеджменттің 
ерекшеліктері алғышарттың қайсысына негізделген? 
Мемлекеттік қоғамның негізгі идеясы неде? 
Білім беру мекемелерінің қызметін реттейтін негізгі нормативтік-
құқықтық құжаттарды атап шығыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет