Макаренко А. С. Педагогическая поэма. М.: Детская литература, 1986, 524-525 б. СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР 1. Г. П. Щедровицкий, 30-60 жылдардың басқару тəжірибесін тал-
дай отырып, КСРО-да басқарушылардың дайындығына бағытталған
жоғары оқу орындарын құру себептерін түсіндіреді (1-ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ). Сіздің пікіріңіз бойынша, заманауи білім беру
мекемелерінде, оқу-тəрбие үдерісін ұйымдастыруда болған қандай
өзгерістер педагогикалық менеджменттің ғылыми пəн ретінде пай-
да болуына жəне оның білім беру мекемелерін басқару бойынша
тəжірибелік қызметін енгізуіне себепші болды?
2. А. С. Макаренконың келтірілген дəйексөзінің негізінде (2-
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ) оның қай идеялары Фредерик У. Тейлордың
ғылыми басқару мектебінің жəне А. К. Гастевтің əлеуметтік инжене-
ризм идеяларына жақын екенін анықтаңыз?
3. Жаңашыл-педагогтардың мектеп, оқу-тəрбие үдерісін басқару
тəжірибесімен танысыңыз (Педагогический поиск / Құрастырушы.
И. Н. Баженова. М.: Педагогика, 1988. 544 б.). Ұсынылған ғылыми-
тəжірибелік педагогикалық инновацияларының бірін тандаңыз.
Оның негізінде басқарудың қандай тұжырымдамалары жатқанын
анықтаңыз.
4. Ф. Тейлор, А. Файоль, Э. Деминг, TQM тұжырымдамасы
қағидаттарының салыстырмалы талдауын жүргізіңіз. Жалпысын жəне
əртүрлілігін табыңыз.
5. Білім беру мекемесінде (мектепте, колледжде, ЖОО-да) осы
қағидаттарды жүзеге асырудың ерекшеліктерін қарастырыңыз.