Ішкі сияпаттыжұмыстың өзі береді. Бұл - нəтижеге қол жеткізу,
атқаратын жұмыстың маңызы мен мəні, өзін-өзі құрметтеу сезімі.
Жұмыс үдерісі барысында қарым-қатынас жасауды да ішкі сияпат
элементі деп қарастыруға болады.
Сыртқы сияпат жұмыстың өзінен пайда болмайды, оны ұйым
береді. Бұл қызмет бабымен көтерілу, мадақ пен тану, қызметтік орны мен
беделінің белгілері, еңбекақы, сондай-ақ қосымша төлемдер (қосымша
демалыс, белгілі бір шығындар мен сақтандыру ақысын төлеу).
Қызметкерлерді материалдық ынталандыруды анықтайтын бұл
ережелер мен пікірлер уəждеменің қандай теорияларымен байланысты
екендігін анықтаңыз.
4. ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДЫҢ негізінде В. И. Герчиковтың
жіктелуі білім алушыларға (мектептегі оқушылар, колледждегі не-
месе жоғары оқу орнындағы студенттер) жəне олардың оқу əрекетіне
қатысты қалай көрініс табуы мүмкін екендігін қарастырыңыз.
5. Өскемен қаласының «№32 орта мектеп» ММ-де əзірленген
мұғалімдерді уəждеу жəне ынталандыру жүйесімен танысыңыз
(Г ҚОСЫМШАСЫ). 3-суреттің көмегімен (Уəждеу түрлері мен
қызметкерлерді ынталандыру) əдістердің əрқайсысы түрлердің қай то-
бына жататынын анықтаңыз.