Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет110/525
Дата09.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#25118
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   525
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

97

ΔС

a

 ↑ → AD ↑ → Y ↑ → C ↑ → AD ↑ → Y ↑ → C ↑ → AD ↑ → Y 

↑ жəне т.с.с.

Мультипликатор көрсеткіші тұтынуға шекті бейімділікке тура 

тəуелділікте жəне жинақтауға шекті бейімділікке кері тəуелділікте 

болады:


m = 1 / 1 – MPC = 1 / MPS

Осы тəуелділік арқылы да мультипликаторлық əсерді си-

паттауға болады. Айталық, өндіріске қосымша 1000 доллар инвес-

тиция салудың нəтижесінде табыс (жалақы, рента, пайыз, рента, 

пайда) өсті. Табыс иелері өз қаржыларын негізгі психологиялық 

заңға сүйеніп жұмсайды, мəселен, табыс өсімінің 80%-ы немесе 

800 доллар (1000•0,8) тұтынуға жұмсалды делік, яғни МРС 0,8-ге 

жəне MPS 0,2-ге тең. Нəтижесінде тауар өндіретін салаларда та-

быс өседі. Енді осы салалардағы табыс иелері, өз кезегінде, МРС 

шамасына қарай тұтынуға 80%-н немесе 640 долларын (800•0,8) 

жұмсайды. Бұл сома тауар сатушылардың табысына айналады, 

олар да тағы табысының 80%-н басқа бір нарықта жұмсайды 

жəне т.с.с. Нəтижесінде бұл процесс басқа да жаңа нарықтар мен 

экономикалық агенттерге тарай береді. Сонда бұл кезде өндіріске 

тартылған бастапқы инвестициядан туындаған ұлттық табыстың 

өсімі қанша болады? Ол үшін əр нарықтан алынған сомаларды 

қосу керек: 1000+800+640+...+долл. Сонда ұлттық табыстың 

бірнеше реттік өсімі 5000 долларға тең, яғни: 

m = 1 / 1 – MPC = 1 / 1 – 0,8 = 5. Табыс өсімі мынаған тең: 

ΔY = ΔI • m = 1000 • 5 = 5000 доллар. Демек өндіріске салынған 

инвестиция ұлттық табыстың 5 есе артуына септігін тигізді, бұл 

жағдайда мультипликатор коэффициенті 5-ке тең.

Тұтынуға деген шекті бейімділік неғұрлым жоғары жəне сəй-

кесінше, жинақтауға шекті бейімділік неғұрлым төмен болған 

сайын, соғұрлым m коэффициентінің мəні жоғары болады.

Мультипликатор əсерін график арқылы да сипаттауға бола-

ды. 

Графикке сəйкес, ұлттық табыстың бастапқы тепе-теңдік 



деңгейі Y

0

-ге тең. Егер инвестициялық дүмпудің нəтижесінде I



a

 

сызығы жоғары (0I



a

 кесіндісіне тең аралыққа дейін) көтерілсе, 

онда S пен I

a

 қисықтарының қиылысуын E



1

 нүктесінен көре 

7–533



98

аламыз, ал тепе-теңдік табыс көлемі Y

1

-ге тең болады. Y



0

Y



кесіндісінің аралығы

 

0I



a

 кесіндісінің аралығынан артық. Бұл 

инвестицияның өсуімен салыстырғанда табыстың артығырақ 

ұлғайғанын білдіреді. Мəселен, экономикаға салынған 10 млрд. 

долларды құрайтын автономды инвестициялар ұлттық табысты 

10 млрд.-қа емес, 50 млрд. долларға арттырды делік. Бұл жерде 

m=5, яғни ΔY = Δ I

a

 • m: 50=10•5. Мультипликатор 5-ке тең, себебі 



алдыңғы мысалда келтіргендей, MPS 0,2-ге тең, яғни m = 1 / MPS 

= 1 / 0,2 = 5. MPS-тің шамасы неғұрлым жоғарылаған сайын, S 

сызығы тіктеу жəне мультипликатордың мəні соғұрлым кіші бо-

лады. 


Мультипликатор əсерінің графикалық көрінісін Кейнс кресі 

үлгісі арқылы да сипаттауға болады: жиынтық жоспарланған 

шығындар сызығының автономды шығындардың əрбір өзгеруінен 

жоғары жылжи беруі ұлттық табыстың бірнеше реттік өсуімен 

жүріп отырады.

Мультипликатор теориясы инвестициялар мен жинақтардың 

тепе-теңдігін орнатудың мəселелерін терең түсінуге мүмкіндік 

береді. Бұл жерде мультипликатордың жиынтық шығындардың 

кез келген компонентінің артуына немесе қысқаруына байланыс-

ты ұлттық табыстың ұлғаймалы түрде кеңеюі жəне сол секілді 

тарылуы режимінде жұмыс істейтіндігін атап өткен өте маңызды. 

Алайда жоспарланған инвестициялар мен жинақтардың ара-

сындағы тепе-теңдіктің жоғалуы, экономиканы мынадай екі теріс 

əсерге əкеліп соқтырады: 

1)  рецессиялық (дефляциялық) үзіліс жəне 2) инфляциялық 

үзіліс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет