Ақшаға сұраныстың кейнстік теориясы – өтімділікке ар-
тықшылық беру теориясы деп аталады. Осы теория бойынша
адамдарды қолма-қол ақша сақтауға итермелейтін негізгі үш се-
беп қарастырылады:
1. Келісімдер уəжі (трансакциондық мотив), мұнда ақшаға
сұраныс əрдайым тауарлар мен қызметтерді сатып алуға немесе
ағымдағы мəмілелерге қажетті қолма-қол ақшаның қажеттілігі
ретінде қарастырылады.
2. Сақтық уəжі (мотив), мұнда ақшаға сұраныс болашақтағы
күтпеген кездейсоқ жағдайларға байланысты адамдардың қол ма-
қол ақшаға қажеттілігін білдіреді. Мұндай себеп, əдетте, адам-
дарда көзделмеген төлемдерге тап болғанда пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |