Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет176/525
Дата09.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#25118
түріОқулық
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   525
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

Баумоль-Тобин үлгісі.

1

Баумоль-Тобин үлгісі – бұл адамдардың өздеріне қажетті 



Вечканов Г.С., Вечканова Г.Р. Макроэкономика. 2 - е изд. - Спб.: Питер, 2008., 

141-144 с.



149

қолма-қол ақша сомаларының мөлшерін осы сомаға банктің 

алынбаған пайызы түріндегі шығындары мен банкке барып келу 

уақытын үнемдеуді бағалаумен болатын шығындарды салысты-

румен байланысты ақшаға сұраныстың ерекше үлгісі.

Баумоль-Тобин үлгісі қолма-қол ақшаның трансакциондық 

жəне альтернативтік шығындарын ескере отырып, нақты кас-

салық қалдықтардың оңтайлы мөлшерін қалай анықтауға бола-

тындығын түсіндіреді. Бұл үлгіні АҚШ экономистері Уильям 

Баумоль (1922 жылы туылған) мен Джеймс Тобин (1918-2002, 

Нобель сыйлығының лауреаты) өзара тəуелсіз ұсынды.

Баумоль-Тобин үлгісі қолма-қол ақшаның артықшылықта-

ры мен кемшіліктерін талдайды. Негізгі артықшылығы: егер 

индивид тауар сатып алуға қажетті ақшасын қолында ұстаса

онда банкке барудың қажеті жоқ. Негізгі кемшілігі: егер индивид 

мəміле жасау үшін ақшасын қолында ұстаса, онда ол сол ақшаны 

банкке депозитке салып, оның үстінен пайыз алу мүмкіндігінен 

айырылады. Баумоль-Тобин үлгісін нақты түсіндіру үшін мына-

дай үш жағдай қарастырылады (6.2-6.4-суреттер).

Бірінші жағдай. 6.2-суретте индивидтің банкке 1 рет ба-

руындағы жағдайы көрсетілген. Ол жылдың басында өзінің 

ақшасын (Y теңге) жинақ шотынан бір-ақ рет шешеді жəне оны 

жыл бойы жұмсайды. Жылдың басында оның ақшасы – Y теңге, 

жылдың соңында – 0 теңгеге тең, онда жыл бойындағы ақшаның 

орташа сомасы мынадай: Y/2.



Екінші жағдай. 6.3-суретте индивидтің жылына банкке 2 рет 

баруындағы жағдайы көрсетілген. Ол жылдың басында Y/2-ге 

тең ақша сомасын шоттан шешеді жəне оны жылдың бірінші жар-

тысында жұмсайды, содан кейін сондай соманы тағы бір рет ба-

рып шешіп алады да оны жылдың екінші жартысында жұмсайды. 

Мұндай жағдайда, жыл бойындағы индивидтің қолындағы ақша 

сомасының мөлшері Y/2-ден 0-ге дейін өзгереді, ал орташа сома-

сы Y/4-ке тең болады.



Үшінші жағдай. 6.4-суретте индивидтің банке N рет ба-

руындағы жағдайы көрсетілген. Ол жылдың əр уақытында 

Y/N-ге тең ақша сомасын шоттан шешеді жəне оны жыл бойы 

1/N кезеңдерде тең бөліктерге бөліп жұмсайды. Мұндай жағдай-

да, жыл бойындағы индивидтің қолындағы ақша сомасының 

мөлшері Y/N-нен 0-ге дейін өзгереді, ал орташа сомасы Y/2N-ге 

тең болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет